Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 59 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 15 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5634 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 59 Қаулысымен.

      "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңының 9-бабы 3-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы заңнамада белгіленген тәртіппен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы, "Алмэкс" холдинг тобы" акционерлік қоғамы және "Қазақстан халық жинақ банкі" акционерлік қоғамы арасында 2009 жылғы 15 қаңтарда жасалған "Қазақстан халық жинақ банкі" акционерлік қоғамына қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі бастамашылық жасаған Тұрақтандыру бағдарламасын іске асыру туралы келісімде айқындалатын санда және баға бойынша "Қазақстан халық жинақ банкі" акционерлік қоғамының акцияларын сатып алсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов