Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 137 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы N 167 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 25 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5373 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 59 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.04.30 № 59 Қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Бағалы қағаздар рыногын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 137 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2335 тіркелген ) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2335 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 137 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы N 298 қаулысымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3230 тіркелген, 2005 жылы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, N 9-13, 42-құжат ), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2003 жылы 21 сәуірдегі N 137 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 97 қаулысымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4230 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 137 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 149 қаулысымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4392 тіркелген, 2006 жылғы 29 қыркүйектегі "Заң газеті" газетінің N 174 (980) санында жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі  N 137 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 69 қаулысымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4641 тіркелген, 2007 жылғы наурыз-сәуірде Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2007 жылғы 1 шілдедегі "Заң газеті" газетінің N 82 (1111) санында жарияланған) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiнде:
       1-тармақтың 4) тармақшасында:
      "клиенттің активтерiмен" деген сөздерден кейін "немесе инвестициялық портфельді басқарушының меншікті активтерімен" деген сөздермен толықтырылсын;
      "инвестициялық портфельді басқарушының" деген сөздерден кейін "клиенттің" деген сөз алынып тасталсын;
       4-тармақта "басқарушының" деген сөз "инвестициялық портфельді басқарушының (бұдан әрі – басқарушы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
       5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5-1. Басқарушы өз клиенттеріне тиесілі ақшаны есепке алу және сақтау үшін бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және келесі талаптардың біріне сәйкес келетін онымен аффилирленбеген банктерде банк шоттарын ашады:
      "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша ВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе "Moody's Investors Service", "Fitch" агенттіктерінің немесе олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер) осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар;
      Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші санатына енгізілген эмитент банктер болып табылады.";
       5-2-тармақта "ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді жеке рейтингі "А-" санатынан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А3" санатынан ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес" деген сөздер "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-" санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді жеке рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар" деген сөздермен ауыстырылсын;
       18-тармақта :
      "клиенттiң активтерiне" деген сөздерден кейін "және басқарушының меншікті активтеріне" деген сөздермен толықтырылсын;
      "басқарушының инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi жұмыстарды орындауға қолданылып жүрген бiлiктiк куәлiктерi бар және басқарушының ішкі құжаттарына сәйкес осындай шешiмдердi қабылдауға уәкiлеттi қызметкерлерi" деген сөздер "басқарушының ішкі құжаттарына сәйкес осындай шешiмдердi қабылдауға уәкiлеттi басқарушының қызметкерлерi қабылдауға" деген сөздермен ауыстырылсын;
       19-тармақтың 1) тармақшасында "клиенттiң" деген сөз алынып тасталсын;
       20-тармақта :
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) атқаратын лауазымдарын көрсете отырып, ұсынысты жасаған тұлғалардың қойған қолы;";
      мынадай мазмұндағы 4), 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4) ұсынысты беру үшін пайдаланылған ақпаратты талдау нәтижелері;
      5) инвестициялық шешімнің ұсынылған нұсқалары;
      6) қаржылық құралдың түрін, көлемін, бағаларының ауқымын, кірістілік деңгейін және басқа сипаттамаларын (шарттарын) көрсете отырып осы құралды сипаттау;
      7) басқарушымен әзірленген инвестициялық декларацияға сәйкес жасауға ұсынылған мәмілені жасау мақсаты болуы тиіс.";
       21-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) атқаратын лауазымдарын көрсете отырып, инвестициялық шешімді қабылдаған тұлғалардың қойған қолы;";
      мынадай мазмұндағы 25-3-тармақпен толықтырылсын:
      "25-3. Басқарушы есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей тоқсан сайын қаржылық есептілікті мемлекеттік және орыс тілінде мерзімді баспасөз басылымдарында және (немесе) Интернет желісіндегі меншікті веб-сайтында жариялайды.
      Басқарушының қаржылық есептілігін жариялау үшін он бес мың данадан кем емес тиражбен шығарылатын және Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдары пайдаланады.
      Интернет желісіндегі басқарушының веб-сайтында қаржылық есептілікті жариялау үшін осы ақпаратты орналастыру күні және уақыты көрсетіледі. Басқарушының қаржылық есептілігі басқарушының веб-сайтындағы мұрағатта сақталады.".
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      3. Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
      4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жіберсін.
      5. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

       Төрайым                                     Е. Бахмутова