Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 199 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 19 ақпандағы N 93 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 11 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5588 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 7-1/319 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 25.06.2014 № 7-1/319 бұйрығымен.

      Экспорттық-импорттық операцияларды жүргізуге әсер ететін, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуді оңайлату және мерзімін нақтылау мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу туралы Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 199 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген 2008 жылғы 28 сәуірде N 5198 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған 2008 жыл мамыр N 5, бап 318) келесі толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу Ережесіне:
      21-тармақ мынадай мазмұнда толықтырылсын:
      "Тамақ өнімдерінің айқындау бойынша оларға ветеринарлық-санитарлық сараптау жасау мен сараптау актісін беру мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды.".
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаментіне осы бұйрықты заңнамалық тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр                            А. Күрішбаев