Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 7-1/319 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу Ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 199 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5198, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері бюллетені, 2008 жылғы № 5, 318-құжат жарияланған)
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 199 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 19 ақпандағы № 93 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5588 болып тіркелген, жарияланған «Заң газеті» 2009 жылғы 10 сәуір, № 53(1650);
      3) Қазақстан. Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 5 қарашадағы № 639 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5892 болып тіркелген, жарияланған «Заң газеті» 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 194 (1617).
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық және тамақ қауіпсіздігі департаментіне;
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                         А. Мамытбеков