Орал қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 3114 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орал қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) Орал қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 22 маусымдағы № 1088 "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасын белгiлеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-48 тіркелген, 2006 жылғы 3 тамыздағы "Жайық үні" газетінде жарияланған) қаулысы;
      2) Орал қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 1658 "Орал қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 22 маусымдағы №1088 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-106 тіркелген, 2008 жылы 24 шілдеде "Жайық үні" газетінде жарияланған) қаулысы.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Қ.Сатыбалдиевқа жүктелсін.
      Қала әкімі Н.Төреғалиев