Орал қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 22 маусымдағы N 1088 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 маусымдағы N 1658 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 15 шілдеде N 7-1-106 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа алып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орал қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 22 маусымдағы N 1088 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7-1-48 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 3 тамыздағы "Жайық үні" газетінің 31 нөмірімен жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      кіріспеде "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы N 68 "Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" қаулысын орындауда" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Л. Тоқжановқа жүктелсін.

      Қала әкімі