Алатау ауданын құру және Алматы қаласы аудандарының шекараларын орнату туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 4 шілдедегі N 3/490 бірлескен қаулысы және ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІ сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі N 109 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2008 жылғы 11 шілдеде N 775 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 2  бабы және 13 бабы 3 тармағына сәйкес, тиiстi аумақтағы халықтың пiкiрiн есепке ала отырып, Алматы қаласы әкімдігі бірлесіп ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Алматы қаласында Алатау ауданы құрылсын.
      2. Алматы қаласының схемалық картасына (1 қосымша) және оның әкімшілік аудандарының шекараларының сипаттамасына (2 қосымша) сәйкес Алматы қаласының әкімшілік аудандарының шекаралары орнатылсын.
      3. Алматы қаласының әкімі осы нормативті құқықтық актіні жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдасын.
      4. Осы нормативті құқықтық актінің орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М.Ш.Мұқашевқа және заңдылық, құқық тәртібі, мемлекеттік жергілікті басқару және өзін өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға
(Б.С. Манзоров) жүктелсін.
      5. Осы нормативті құқықтық акті алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 
 

      Алматы қаласының әкімі                     А. Есімов

      ІV сайланған Алматы қаласы
      мәслихат ХІ сессиясының
      төрағасы                                   Т. Есполов

      ІV сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы                       Т.Мұқашев

Алматы қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 4 шілдедегі
N 3/490 бірлескен қаулысына
және IV cайланған Алматы
қаласы мәслихаты XI сессиясының
2008 жылғы 2 шілдедегі
N 109 шешіміне 1 қосымша

Алматы қаласының әкімшілік аудандарының
шекараларының сипаттамасы (схемалық картасы)

РҚАО ескертуі: схеманың қағаз нұсқасын қараңыз

Алматы қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 4 шілдедегі
N 3/490 бірлескен қаулысына
және IV cайланған Алматы
қаласы мәслихаты XI сессиясының
2008 жылғы 2 шілдедегі
N 109 шешіміне 2 қосымша

Алматы қаласындағы әкімшілік аудандардың
шекараларының сипаттамасы

Алатау ауданы

      Райымбек даңғылының нақ ортасынан бастап қаланың батыс шекарасының бойымен Қонаев атындағы каналға дейін;
      Қонаев атындағы каналдан бастап қаланың солтүстік шекарасының бойымен солтүстік-шығыс  бағытқа қарай Боралдай көшесіне дейін, одан әрі Боралдай көшесінің жиегімен өтетін темір жолдың оңтүстік жағының жиегімен шығыс бағытқа қарай Солтүстік шеңбер көшесінің нақ ортасына дейін;
      одан әрі оңтүстік бағытқа қарай Солтүстік шеңбер көшесінің нақ ортасының бойымен, Күдерин көшесінің нақ ортасының бойымен  Рысқұлов даңғылының нақ ортасына дейін;
      Райымбек даңғылының нақ ортасының бойымен батыс бағытқа қарай қаланың батыс шекарасының қиылысына дейін.

Алмалы ауданы

      Үлкен Алматы өзенінің нақ ортасынан Райымбек даңғылының нақ ортасының бойымен шығыс бағытқа қарай Фурманов көшесінің нақ ортасына дейін;
      Райымбек даңғылының нақ ортасынан оңтүстік бағытқа қарай    Фурманов көшесінің нақ ортасының бойымен Абай даңғылының нақ ортасына дейін;
      Фурманов көшесінің нақ ортасынан батыс бағытқа қарай Абай даңғылының нақ ортасының бойымен Үлкен Алматы өзенінің нақ ортасына дейін;
      Абай даңғылының нақ ортасынан солтүстік бағытқа қарай Үлкен Алматы өзенінің нақ ортасының және Сайран көлінің нақ ортасының бойымен Райымбек даңғылының нақ ортасына дейін.

Әуезов ауданы

      Қаланың батыс шекарасының қиылысынан бастап Райымбек даңғылының нақ ортасымен шығыс бағытқа қарай Үлкен Алматы өзенінің  нақ ортасына дейін;
      Үлкен Алматы өзенінің нақ ортасынан бастап Сайран өзенінің нақ ортасының бойымен Тоқтабаев көшесінің нақ ортасына дейін;
      Үлкен Алматы өзенінің нақ ортасынан бастап батыс бағытқа қарай Тоқтабаев көшесінің нақ ортасының бойымен Навои көшесінің нақ ортасына дейін;
      Тоқтабаев көшесінің нақ ортасынан бастап, оңтүстік бағытқа  қарай Навои көшесінің нақ ортасының бойымен Рысқұлбеков көшесінің нақ ортасына дейін;
      Навои көшесінің нақ ортасынан бастап батыс бағытқа қарай  Рысқұлбеков көшесінің нақ ортасының бойымен Саин көшесінің нақ ортасына дейін;
      Рысқұлбеков көшесінің нақ ортасының бойымен оңтүстік бағытқа қарай Саин көшесінің нақ ортасының бойымен Асқаров көшесінің нақ ортасына дейін:
      Саин көшесінің нақ ортасынан бастап батыс бағытқа қарай  Асқаров көшесінің нақ ортасының бойымен оңтүстік батыстағы қала шегінің қиылысына дейін;
      одан әрі қаланың оңтүстік-батыс шекарасының бойымен Райымбек даңғылының нақ ортасымен қиылысқанға дейін.

Бостандық ауданы

      Үлкен Алматы өзенінің нақ ортасынан бастап, Абай даңғылының  нақ ортасы бойымен шығыс бағытқа қарай Фурманов көшесінің нақ ортасына дейін;
      Абай даңғылының нақ ортасынан бастап Фурманов көшесінің нақ ортасы бойымен оңтүстік бағытқа қарай әл-Фараби даңғылының нақ ортасына дейін;
      Фурманов көшесінің нақ ортасынан бастап, әл-Фараби  даңғылының нақ ортасы бойымен оңтүстік-батыс бағытқа қарай трамплинге апаратын жолдың нақ ортасына дейін, Ремизовка жолының шығыс жағы;
      Әл-Фараби даңғылының нақ ортасынан бастап, оңтүстік бағытқа қарай трамплинге баратын жолдың нақ ортасынан қала шекарасымен  қиылысқанға дейін;
      трамплинге баратын жолдың нақ ортасынан бастап, батысқа қарай қаланың оңтүстік шекарасының бойымен Асқаров көшесінің нақ ортасына дейін;
      қаланың оңтүстік-батыс шекарасынан батап шығыс бағытқа қарай  Асқаров көшесінің нақ ортасының бойымен Саин көшесінің нақ ортасына дейін;
      Асқаров көшесінің нақ ортасынан бастап солтүстік бағытқа қарай Саин көшесінің нақ ортасының бойымен Рысқұлбеков көшесінің нақ ортасына дейін;
      қаланың оңтүстік-батыс шекарасынан бастап шығыс бағытқа қарай Асқаров көшесінің нақ ортасының бойымен Саин көшесінің нақ ортасына дейін;
      Саин көшесінің нақ ортасынан бастап шығыс бағытқа қарай Рысқұлбеков көшесінің нақ ортасының бойымен Новои көшесінің нақ ортасына дейін;
      Рысқұлбеков көшесінің нақ ортасынан бастап солтүстік бағытқа қарай Новои көшесінің нақ ортасының бойымен Тоқтабаев көшесінің нақ ортасына дейін;
      Новаи көшесінің нақ ортасынан бастап шығыс бағытқа қарай Тоқтабаев көшесінің нақ ортасының бойымен Үлкен Алматы өзенінің  нақ ортасына дейін;
      Тоқтабаев көшесінің нақ ортасынан бастап солтүстік бағытқа қарай Үлкен Алматы өзенінің нақ ортасының бойымен Абай даңғылының нақ ортасына дейін.

Жетісу ауданы

      Кіші Алматы өзенінің нақ ортасынан бастап батыс бағытқа қарай Райымбек даңғылының нақ ортасының бойымен Күдерин көшесінің нақ ортасына дейін;
      Райымбек даңғылының нақ ортасынан бастап  солтүстік бағытқа қарай  Күдерин көшесінің нақ ортасының бойымен Солтүстік шеңбер көшесінің нақ ортасының бойымен Боралдай көшесінің жиегімен өтетін темір жолдың оңтүстік жағына дейін;
      Солтүстік шеңбер көшесінің нақ ортасынан бастап батыс бағытқа қарай, Боралдай көшесінің жиегімен өтетін темір жолдың оңтүстік жағының бойымен қаланың солтүстік-батыс шекарасымен қиылысқанға дейін;
      әрі қарай қаланың солтүстік-батыс шекарасының бойымен солтүстік бағытқа қарай, одан әрі шығыс бағытқа қарай қаланың шекарасының бойымен Қапшағай күре жолының нақ ортасына дейін;
      қаланың солтүстік-батыс шекарасынан оңтүстік бағытқа қарай Қапшағай күре жолының нақ ортасының бойымен және Жансүгіров көшесінің нақ ортасының бойымен Рысқұлов даңғылының нақ ортасына дейін;
      Жансүгіров көшесінің нақ ортасынан бастап, шығыс бағытқа қарай Рысқұлов даңғылының нақ ортасының бойымен Кіші Алматы өзенінің нақ ортасына дейін;
      Рысқұлов даңғылының нақ ортасынан бастап, оңтүстік бағытқа қарай Кіші Алматы өзенінің нақ ортасының бойымен Райымбек даңғылының нақ ортасына дейін.

Медеу ауданы

      Қаланың оңтүстік шекарасынан бастап солтүстік-батыс бағытқа қарай трамплинге апаратын жолдың нақ ортасының бойымен әл-Фараби даңғылының нақ ортасына дейін;
      трамплинге апаратын жолдың нақ ортасынан бастап шығыс бағытқа қарай әл-Фараби даңғылының нақ ортасының бойымен Фурманов көшесінің нақ ортасына дейін;
      әл-Фараби даңғылының нақ ортасынан бастап солтүстік бағытқа қарай Фурманов көшесінің нақ ортасының бойымен Райымбек даңғылының нақ ортасына дейін;
      Фурманов көшесінің нақ ортасынан бастап шығыс бағытқа қарай Райымбек даңғылының нақ ортасының бойымен Кіші Алматы өзенінің нақ ортасына дейін;
      Райымбек даңғылының нақ ортасынан бастап солтүстік бағытқа қарай Кіші Алматы өзенінің нақ ортасының бойымен Рысқұлов даңғылының нақ ортасына дейін;
      Кіші Алматы өзенінің нақ ортасынан бастап шығыс бағытқа қарай Рысқұлов даңғылының нақ ортасының бойымен қаланың шығыс шекарасына дейін;
      одан әрі қаланың шығыс шекарасының бойымен Құлжа жолына дейін және оңтүстік бағытқа қарай қаланың оңтүстік-шығыс шекарасының бойымен трамплинге апаратын жолдың нақ ортасына дейін.
      Сондай-ақ Алматы қаласындағы Медеу ауданының шекарасына Алатау кентінің аумағы, Алматау платосы, Көкжайлау платосы және Мохнатка тауы енеді.

Түрксіб ауданы

      Қапшағай күре жолының нақ ортасынан бастап, шығыс бағытқа қарай қаланың солтүстік-шығыс шекарасының бойымен және қаланың шығыс шекарасының бойымен оңтүстік бағытқа қарай Рысқұлов даңғылының нақ ортасына дейін;
      қаланың шығыс шекарасынан бастап батыс бағытқа қарай,  Рысқұлов даңғылының нақ ортасының бойымен Жансүгіров көшесінің нақ ортасына дейін;
      Рысқұлов даңғылының нақ ортасынан бастап солтүстік бағытқа қарай Жансүгіров көшесінің нақ ортасының бойымен және  Қапшағай күре жолының нақ ортасының бойымен қаланың солтүстік шекарасына дейін.