"2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы" облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 3/24 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысының Мәслихатының 2008 жылғы 07 қазандағы N 8/108 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 20 қазанда N 2031 тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.25 № 272 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбір кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбелерін, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргізуге арналған тыйым салулар мен шектеулерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 29, 284-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген тауарлар экспорты кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесінде:
      1) "ҚР СЭҚ ТН бойынша тауардың коды" деген бағанда:
      реттік нөмірі 14-жол алып тасталсын;
      2) мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 24, 25, 26-жолдармен толықтырылсын:

"24

соя бұршақтары, ұнтақталған немесе ұнтақталмаған

120100******

25

мақта тұқымдары

2207 20******

26

өзге де майлы дақылдардың өзге де тұқымдары мен жемістері, ұнтақталған немесе ұнтақталмаған

1207 99******";

      3) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 27-жолмен толықтырылсын:

"27

күнбағыс тұқымдары, ұнтақталған немесе ұнтақталмаған

1206 00******".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразияның экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы хабарласын.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде соя бұршақтарының, ұнтақталған немесе ұнтақталмаған, күнбағыс тұқымдарының, ұнтақталған немесе ұнтақталмаған, мақта тұқымдарының, өзге де майлы дақылдардың өзге де тұқымдары мен жемістерінің, ұнтақталған немесе ұнтақталмаған (ҚР СЭҚ ТН коды 1201 00, 1206 00, 1207 20, 1207 99) экспортын бақылауды қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 3) тармақшасын қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов