"2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы" облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 3/24 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2008 жылғы 10 шілдедегі N 6/85 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 14 шілдеде N 2018 тіркелді.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 9 шілдедегі
N 675 қаулысымен
бекітілген

"Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. Қолданылу аясы

      Осы Техникалық регламентті техникалық реттеу объектілері қозғалтқышының жұмыс көлемі 50 см3 асатын және ең жоғары конструкциялық жылдамдығы 50 км/сағ жоғары М1 М2, М3, N1, N2 және N3 санатындағы механикалық көлік құралдары және осы Техникалық регламентке қосымшаға сәйкес жіктелетін, Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын және пайдаланылатын, сондай-ақ олардың конструкцияларына өзгерістер енгізген (қайта жабдықтаған) кезде және оларды пайдалану (пайдаға асыру) мерзімі аяқталған кезеңде О1, О2, О3 және О4 санатындағы олардың тіркемелері болып табылады.

      Осы Техникалық регламенттің әрекеті мынадай:

      ең жоғары конструкциялық жылдамдығы кемінде 25 км/сағ болатын ақырын жүретін;

      Қазақстан Республикасының аумағына кемінде алты ай мерзімге әкелінетін немесе олар иеліктен айыру мүмкіндігін көздемейтін кедендік режімдерге орналастырылатын;

      Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында пайдалануға арналмаған;

      тек қана спорт жарыстарына арналған;

      мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде сатып алынатын автокөлік құралдары механикалық көлік құралдары мен олардың құрамдас бөліктеріне қолданылмайды.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.12.2013 № 1396 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Техникалық регламентте "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңында белгіленген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      автокөлік құралы - осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтірілген тізбеге кіретін қозғалтқышы бар қондырғы немесе осындай қондырғының тіркемесі (жартылай тіркемесі);

      өндірістің жай-күйін талдау - оның аккредиттеу саласына автокөлік құралдары және олардың құрамдас бөліктері, өнімнің өндірісін және өнім жағдайларын (өтініш берілген типтері мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес өнімді өндіру үшін қажетті барабар шаралар мен рәсімдердің болуын сол жерде бағалау) тексеруді ұйымдастыруға қатысты құжаттаманы талдау кіретін, оның құзыретіне сәйкес сәйкестендіруді растау жөніндегі орган атқаратын рәсімдердің жиынтығы;

      блоктауға қарсы тежеу жүйесі - шұғыл тежеу кезінде автокөлік құралдарының тежелудегі дөңгелектерінің блокталуын болдырмайтын, жұмыс тежеуі жүйесінің қосымша жүйесі;

      қосымша тежеу жүйесі - автокөлік құралдарының жұмыс тежеу жүйесі тежеу тетіктерінің қуат жүктемесін азайтуға арналған тежеу жүйесі;

      айналымға шығарылатын автокөлік құралдары - Қазақстан Республикасында дайындалған және бұрын пайдалануда болмаған автокөлік құралдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына алты айдан көп уақытқа мақсаты бойынша пайдалануға немесе сату үшін базарға орналастыруға әкелінген автокөлік құралдары;

      гигиеналық норматив - зерттеулер белгілеген, оның адам үшін қауіпсіздігі және (немесе) зиянсыздығы тұрғысынан ол болатын ортадағы қандай да бір факторды сипаттайтын көрсеткіштің сандық және (немесе) сапалық мәнінің рұқсат етілген ең жоғары немесе ең төмен мағынасы;

      мемлекеттік техникалық байқау (бұдан әрі - техникалық байқау) - пайдаланудағы автокөлік құралдарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бағалаудың технологиялық рәсімі, оның негізінде оларға жол қозғалысына қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылданады;

      техникалық құжаттама түпнұсқасын ұстаушы - техникалық құжаттаманың түпнұсқаларына ие және оған өзгерістер енгізуге құқығы бар ұйым немесе кәсіпорын;

      дәлелдеу материалдары - техникалық реттеу объектісінің осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін анықтауға мүмкіндік беретін ақпаратты құрайтын құжаттар;

      бірегей автокөлік құралы - Қазақстан Республикасында дайындалған немесе оған әкелінген, осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау үшін жеке өтініш жасалған бір данадағы автокөлік құралы;

      аяқталған автокөлік құралы - оның конструкциялық мақсатына сәйкес автокөлік немесе көліктік-технологиялық функцияларды орындауға қабілетті автокөлік құралы;

      қосалқы тежеу жүйесі - жұмыс тежеу жүйесі істен шыққан кезде автокөлік құралдарының жылдамдығын азайтуға немесе оларды тоқтатуға арналған тежеу жүйесі;

      әлемдік өндірушінің сәйкестендіру коды (WMI) - көлік құралының (VIN) көлік нөмірі сәйкестендіру нөмірінің бірінші бөлімі көлік құралын өндірушіні білдіреді. Осы өндірушіні сәйкестендіру үшін көлік құралын өндірушіге WMI кодын береді. WMI коды VIN кодының қалған бөлімдерімен бірге пайдаланылған кезде әлемнің барлық мемлекеттерінде 30 жыл ішінде шығарылған барлық көлік құралдары үшін соңғысының қайталанбастығын қамтамасыз етеді;

      көлік құралының сәйкестендіру нөмірі (VIN) - көлік құралын өндірушілерге берілетін белгілердің құрылымды комбинациясы;

      дайындаушы - оларды айналымға шығару ниетімен не өзі пайдалану үшін автокөлік құралын немесе оның құрамдас бөліктерін дайындауды жүзеге асыратын, Техникалық регламент талаптарын онда белгіленген шекте орындау үшін жауап беретін заңды тұлға немесе жеке тұлға;

      автокөлік құралының конструкциясындағы өзгерістер (қайта жабдықтау) - жабдықтың дайындаушы көздеген құрамдас бөліктері мен бұйымдарын алып тастау немесе көздемегендерді орнату, оның нәтижесінде дайындаушы жоспарлаған автокөлік құралдарының қасиеттері, параметрлері және техникалық сипаттамалары өзгереді;

      автокөлік құралының санаты - БҰҰ Еуропа экономикалық комиссиясының Ішкі көлік комитеті қабылдаған Көлік құралдарының конструкциясы туралы жиынтық қарарда (СР. З) қабылданған жіктеуге [1997 жылғы 11 тамыздағы TRANS\WP.29/78/Rеv. 1 құжаты, 7 қосымша] сәйкес көлік құралдарының бөлінуі (осы Техникалық регламентке 1-қосымшаны қараңыз);

      құрамдас бөліктер - автокөлік құралдарын жинақтау өндірісіне жеткізілетін (түпнұсқалық жинақтау бөліктері) және (немесе) пайдаланудағы автокөлік құралдарына сатылғаннан кейін қызмет көрсету үшін ауыстыру (қосалқы) бөліктері ретіндегі автокөлік құралдары конструкциясының құрамдас бөліктері;

      автокөлік құралының конструкциялық қауіпсіздігі - оны дайындау аяқталғаннан кейін оларға сәйкес болуы тиіс, азаматтың өміріне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, мемлекеттік және коммуналдық мүлікке, қоршаған ортаға зиян келтірудің жол берілмейтін тәуекелін болдырмау мақсатында белгіленген, автокөлік құралдарының конструкциясы параметрлерінің жиынтығымен сипатталатын жай-күй;

      механикалық көлік құралы - мопедтер мен рельспен жүретін көлік құралдарын қоспағанда, кез келген өзі жүретін жол көлік құралы;

      аяқталмаған автокөлік құралы - одан әрі құрастыру мақсатында айналымға шығарылатын, дайындалуы аяқталмаған автокөлік құралы;

      қауіпсіздікті қамтамасыз ету - техникалық реттеу объектісін азаматтың өмірі мен денсаулығына, жеке адамдар мен заңды тұлғалардың мүлкіне, мемлекеттік және коммуналдық мүлікке, қоршаған ортаға зиян келтірудің жол берілмейтін тәуекелі болмайтын жай-күйге келтіруге бағытталған іс-шаралардың кешені;

      типін мақұлдау - автокөлік құралы типінің (шасси) Женева Келісімін ратификациялаған елдердің аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының типтеріне қатысты қолданылатын "Дөңгелекті көлік құралдарына, дөңгелекті көлік құралдарына орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдық бұйымдары мен бөліктеріне арналған бірдей техникалық ұйғарымдарды қабылдау және осы ұйғарымдардың негізінде берілетін ресми пайымдауларды өзара тану шарттары туралы келісіммен" (1985 жылғы Женева Келісімі) үйлестірілген оған қатысты барлық белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалаудың халықаралық практикаға сәйкес келетін рәсімі;

      көлік құралының типін мақұлдау - бір типке жатқызылған, айналымға шығарылатын көлік құралдарының Женева Келісімімен үйлестірілген, "Дөңгелекті көлік құралдарына, дөңгелекті көлік құралдарына орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдық бұйымдары мен бөліктеріне арналған бірдей техникалық ұйғарымдарды қабылдау және осы ұйғарымдардың негізінде берілетін ресми пайымдауларды өзара тану шарттары туралы келісімді" ратификациялаған елде оларға қатысты белгіленген барлық талаптарға сәйкестігін растайтын құжат;

      шассидің типін мақұлдау - тиісті типке жатқызылған, айналымға шығарылатын аяқталмаған автокөлік құралдарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжат. Талаптар жиынтығы конструкцияның аяқталу дәрежесіне қарай айқындалады;

      сатылғаннан кейін қызмет көрсету - автокөлік құралдарын пайдаланудың ыңғайлылығын, жоспарланған қызмет мерзімі шегінде оның сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын шаралар кешені. Оған: жоспарлы техникалық қызмет көрсету, автокөлік құралдарын жөндеу, анықтамалық әдебиет шығару, ауыстыратын (қосалқы) бөліктермен қамтамасыз ету, техникалық қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлерін оқыту, сондай-ақ автокөлік құралдарының пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да іс-шаралар кіреді;

      Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропа экономикалық комиссиясының ережесі (БҰҰ ЕЭК ережесі) - 1958 жылғы Женева Келісіміне сәйкес қабылданған және 1958 жылғы Женева Келісіміне қосымшалар болып табылатын техникалық ұйғарымдар, осы Техникалық регламенттің мақсаттары үшін қолданылатын БҰҰ ЕЭК ережесінің тізбесі 2-қосымшада берілген;

      автокөлік құралдарын сату кезіндегі өндіріс процесі - өндірушілер автокөлік құралдары үшін ұйғарған және автокөлік құралдарын сатушылар мен автокөлік құралдарын өндірушілер жүзеге асыратын міндетті техникалық ықпал ету кіретін процесс;

      автокөлік құралдарын мемлекеттік техникалық байқау шеңберінде бақылау - диагностикалық жұмыстар жүргізу кезіндегі өндіріс процесі - автокөлік құралдарының пайдалану қауіпсіздігін бағалау үшін қажетті техникалық ықпал етулердің жиынтығы;

      автокөлік құралдарына қызмет көрсету және/немесе оларды жөндеу кезіндегі өндіріс процесі - автокөлік құралдарының ақаусыз жай-күйін қалыпқа келтіру үшін қажетті, автокөлік құралдарын өндірушілер ұйғарған техникалық ықпал етулердің жиынтығы;

      көлік құралын тіркеу туралы куәлік - көлік құралы иесінің меншік құқығын, оның сәйкестендіру деректерін растайтын және көлік құралының жол қозғалысына қатысуына рұқсатын анықтайтын көлік құралының құжаты;

      жол қозғалысының қауіпсіздігіне қатысты бөлігінде автокөлік құралының конструкциясын келісу туралы куәлік - жол қозғалысының, нормативтік актілердің талаптарына сәйкес автокөлік құралдары конструкцияларының қандайда бір өзгертілген түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органның келісімін растайтын құжат;

      БҰҰ ЕЭК ережелеріне қатысты көлік түрін ресми бекіту туралы хабарлама - көлік құралдарының, көлік құралдарының жабдықтары бұйымдарының және бөліктерінің БҰҰ ЕЭК-ның нақты ережелерінің талаптарына сәйкестігін растайтын құжат;

      пайдаға асыру туралы анықтама - автокөлік құралын пайдаға асыру фактісін растайтын құжат;

      мамандандырылған автокөлік құралдары - қандайда бір жүктердің түрлерін тасымалдауды жүзеге асыруға арналған және жабдықталған автокөлік құралдары;

      арнайы автокөлік құралдары - арнайы функцияларды орындауға арналған және жабдықталған автокөлік құралдары;

      мамандандырылған жабдық - бұл:

      1) бақылау-диагностикалау жабдығы (автокөлік құралдары мен олардың құрамдас бөліктерін техникалық диагностикалау құралдары);

      2) реттеу жабдығы;

      3) жуу-жинау жұмыстарына арналған жабдық;

      4) майлау және құю жабдығы;

      5) автокөлік құралдары мен олардың құрамдас бөліктерін көтеруге және орнын ауыстыруға арналған жабдық;

      6) автокөлік құралдарының дөңгелектерін жинап орнына салу, бөлшектеу, жөндеу, оларға ауа толтыру, шиналарды тиектеп бекіту және теңгеру үшін арналған жабдық;

      7) автокөлік құралдарын бояуға және коррозияға қарсы өңдеуге, оның ішінде қоректендіру жүйесін сығылған ауамен өңдеуге арналған жабдық;

      8) автокөлік құралдарының жетекші жүйелерін қалпына келтіруге және жөндеуге арналған жабдық;

      9) жөндеу жұмыстарына арналған гараж жабдығы;

      10) гараж компрессорлары;

      11) қозғалтқышты іске қосуға дайындауға арналған жабдық, іске қосу-зарядтау қондырғылары;

      12) аспап және арнайы гараж құрылғылары кіретін жабдық;

      тұрақта тежеу жүйесі - автокөлік құралын үстіңгі таянуға қатысты қозғалмайтын жай-күйде ұстауға арналған тежеу жүйесі;

      рульді басқарудағы жалпы люфт - руль дөңгелегінің автокөлік құралдарының басқарылатын дөңгелектерінің бір жаққа бұрылысының басталуына сәйкес келетін жағдайдан олардың қарсы жаққа бұрылуы басталатын жағдайға дейінгі бұрылыс бұрышы;

      автокөлік құралдарының және олардың құрамдас бөліктерінің техникалық ақаусыздығы - автокөлік құралдары мен олардың құрамдас бөліктерінің олар үшін шығарушы-кәсіпорын белгілеген норма параметрлері оларға арналған нормативтік мағыналар шегінде болатын техникалық жай-күйі;

      автокөлік құралдарының және олардың құрамдас бөліктерінің техникалық жай-күйі - қандайда бір сәтте шығарушы-кәсіпорынның техникалық құжаттамасында белгіленген белгілермен сипатталатын, автокөлік құралдарын және олардың құрамдас бөліктерін пайдалану процесінде өзгеріске ұшыраған олардың қасиеттерінің жиынтығы;

      автокөлік құралының түрі - олардың конструкциясын сипаттайтын өлшемдердің жиынтығына қатысты өзгешеліктері жоқ, бір санаттағы автокөлік құралдары;

      тежеу жүйесі - автокөлік құралының тежеуін жүзеге асыруға арналған қондырғылардың жиынтығы;

      тежеуді басқару - автокөлік құралының барлық тежеу жүйелерінің жиынтығы;

      қауіпсіздік талаптары - автокөлік құралының (құрамдас бөлігінің) қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленетін техникалық регламенттердің талаптары;

      пайдаға асыру - автокөлік құралының жекелеген құрамдас бөліктерін қайта пайдалану, қайта өңдеу және оны ол дайындалған материалдардың өндірісіне қайтару, сондай-ақ автокөлік құралының кейбір бөліктерін шығынды ретінде жандыру арқылы энергия алу іс-шараларының кешені;

      шасси - жолаушыларды және/немесе жүктерді тасымалдау үшін шанақ және/немесе өзге де жабдықты орнатуға арналған аяқталмаған автокөлік құралы. Мұндай шанақсыз және/немесе жабдықсыз пайдалануға арналмаған;

      автокөлік құралын пайдалану қауіпсіздігі - оларды өзгерту пайдалану барысында азаматтың өмірі мен денсаулығына, жеке адамдар мен заңды тұлғалардың мүлкіне, мемлекеттік және коммуналдық мүлікке, қоршаған ортаға зиян келтірудің жол берілмейтін тәуекеліне әкеп соғуы мүмкін, автокөлік құралының конструкциясы параметрлерінің жиынтығымен сипатталатын жай-күй;

      күндізгі жүріс шамы – алға бағытталған және күндізгі уақытта қозғалу кезінде көлік құралының көрінуін арттыру үшін пайдаланылатын шам;

      иммобилайзер (иммобилизатор) – көлік құралын оның меншікті қозғалтқышының тартқышы есебінен пайдаланудың алдын алуға (санкцияланбаған пайдаланудың алдын алуға) арналған құрылғы;

      ISOFIX бекіту жүйесі – екі қатты корпустық бекіткішпен, балаларға арналған ұстаушы жүйедегі екі тиісті қатты бекіткіш элементпен және балаларға арналған ұстаушы жүйенің бұрыштық жылжу еркіндігін шектейтін айлабұйыммен жабдықталған, балаларға арналған ұстаушы жүйелерді көлік құралдарымен жалғастыру жүйесі;

      жаңа автокөлік құралдары – 3 жылдан аспаған және бұрын Қазақстан Республикасының не басқа мемлекеттердің аумағында пайдалануда болмаған автокөлік құралдары;

      қауіпсіздік жастығы – механикалық көлік құралдарында қауіпсіздік белбеуіне және ұстап қалушы жүйелерге қосымша орнатылатын құрылғы, ол көлік құралына әсер ететін қатты соққы жағдайында нәтижесінде қандай да бір дене бөлігі немесе бөліктері салонның элементтерімен жанасқанда көлік құралының жүргізушісі немесе жолаушы ұшырайтын соққы күшін газ сығындысы арқылы шектеуге арналған тиісті созылмалы құрамдауышты автоматты түрде ашады;

      пайдалану – көлік құралының тіршілік циклінің сатысы, онда оның мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап кәдеге жаратуға дейін мақсаты бойынша пайдаланылуы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.12.2013 № 1396 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Автокөлік құралдарын пайдалану кезінде туындайтын тәуекелдер

      Автокөлік құралдарын және олардың құрамдас бөліктерін пайдалану салдарынан адамдардың өмірі мен денсаулығына, заңды тұлғалар мен жеке адамдардың мүлкіне, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтіру тәуекелдерінің туындау себептері:

      пайдалануға енгізілген автокөлік құралдары мен олардың құрамдас бөліктеріне қатысты қауіпсіздік талаптарын орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін конструкциялардың, технологиялық процестердің немесе сериялық және жаппай өндіріс өнімдерін бақылау жүйелерінің жетілдірілмеуі;

      автокөлік құралдарының оларды пайдалану процесінде қауіпсіздік көрсеткіштерінің төмендеуі;

      олардың конструкциясына рұқсат етілмеген өзгерістерге байланысты автокөлік құралдары қауіпсіздігінің төмендеуі;

      оларды дұрыс пайдаланбауға байланысты автокөлік құралдарының жоғары қауіптілігінің туындауы;

      пайдалану барысында автокөлік құралдарының зиянды шығындыларымен, сондай-ақ пайдаланудан шығарылған және тиісті түрде пайдаға асырылмаған автокөлік құралдарымен қоршаған ортаны ластау болып табылады.

      Автокөлік құралдарын және олардың құрамдас бөліктерін пайдаланумен және автокөлік құралдарының конструкциялық қасиеттеріне және сипаттамаларына қойылатын талаптарға байланысты тәуекелдер:

      1) автокөлік құралы конструкциясының жекелеген элементтерінің жетілдірілмеуі, болмауы немесе техникалық ақауы салдарынан жол-көлік оқиғасын (бұдан әрі - ЖКО) жасау тәуекелі;

      2) жүргізушінің автокөлік құралын басқару бойынша өз функцияларын тиісті түрде орындау қабілетсіздігі салдарынан ЖКО жасау тәуекелі;

      3) ЖКО нәтижесінде ауыр салдарлардың туындауы;

      4) автокөлік құралын пайдалану және оны кейіннен пайдаға асыру кезінде қоршаған ортаны ластау тәуекелі;

      5) автокөлік құралын пайдалану салдарынан радиохабар беру қондырғылары мен радиоэлектронды аппаратуралардың жұмысында кедергілер туындау тәуекелі;

      6) автокөлік құралдарын рұқсатсыз пайдалану тәуекелі;

      7) электромобильдер мен троллейбустарды пайдалану кезінде электр тоғына зақым келтіру тәуекелі болып бөлінеді.

      Осы Техникалық регламентке 3-қосымшада автокөлік құралдары сипаттамаларының және конструкциялық қасиеттерінің, сондай-ақ жоғарыда аталған тәуекелдер бойынша жіктелген автокөлік құралдарының құрамдас бөліктерінің тізбелері берілген.

      Жоғарыда сипатталған тәуекелдерді әлеуметтік қабылданған деңгейге дейін төмендету:

      пайдалануға енгізілетін автокөлік құралдарына және олардың айналымға шығарылатын құрамдас бөліктеріне қатысты белгіленген талаптарға сәйкес болуына қол жеткізу арқылы өндіріс сатысында;

      пайдаланудағы автокөлік құралдарына қатысты, оның ішінде оларға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді орындау кезінде, сондай-ақ конструкцияға өзгерістер енгізгенде, белгіленген талаптарға сәйкес болуына қол жеткізу арқылы пайдалану сатысында;

      пайдалану аяқталғаннан кейін автокөлік құралдары мен олардың құрамдас бөліктерін пайдаға асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету және оларды рециклдаудың қажетті дәрежесіне қол жеткізу арқылы пайдаға асыру кезінде жүзеге асырылуы тиіс.

2. Қауіпсіздік талаптары

      4. Автокөлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары

      1) жаңа қауіпсіздік талаптарын қолданысқа енгізу өнеркәсіптерге жаңа талаптарға сәйкес келетін өнімді шығаруға ауысуға мүмкіндік беретін, экономикалық негізделген ауыспалы кезең өткеннен кейін ғана жүзеге асырылуы тиіс;

      2) автокөлік құралдары құжаттарының түпнұсқаларын ұстаушылар:

      автокөлік құралдарының оларды дайындау аяқталғаннан кейін айналымға шығарылғанға дейін тексерілуі тиіс конструкциялық қауіпсіздік өлшемдерін;

      автокөлік құралдарының оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу аяқталғаннан кейін тексерілуі тиіс пайдалану қауіпсіздігі өлшемдерін;

      жоспарланған ресурстарды дайындау кезінде автокөлік құралдарын пайдалануды жалғастырудың қолжетімдігі өлшемдерін;

      оларға сәйкес болуы шығар алдындағы бақылауды орындау кезінде қамтамасыз етілетін талаптарды белгілейді.

      5. Конструкциялық қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптар

      Автокөлік құралдарының конструкциялық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар:

      1) автокөлік құралдарының жаппай және габариттік параметрлерінің шекті мағыналарына;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын, сондай-ақ бастапқы тіркеуге ұсынылатын автокөлік құралдарын басқару органдарының сол жақты орналасуы міндеттілігіне;

      3) М2 және М3 санатындағы автокөлік құралдарының жалпы конструкциясына (БҰҰ ЕЭК ережелері, N 36; 52; 107);

      4) Қауіпті жүктерді халықаралық тасымалдау туралы 1957 жылғы Еуропалық келісімнің (ҚЖХТ) ережелеріне сәйкестігі мәніне қауіпті жүктерді тасымалдайтын арнайы немесе мамандандырылған автокөлік құралдарына (БҰҰ ЕЭК ережелері, N 105);

      5) Тез бұзылатын жүктерді тасымалдау туралы 1970 жылғы Еуропалық келісімнің (ТБЖТ) ережелеріне сәйкестігі мәніне тамақ өнімдерін тасымалдайтын мамандандырылған автокөлік құралдарына;

      6) арнайы және мамандандырылған автокөлік құралдарын қосымша жабдықтауға;

      7) жедел және арнайы қызметтердің арнайы және мамандандырылған автокөлік құралдарының түс-графикалық бояу сызбаларына, айырым белгілеріне, жарық және дыбыс сигналдарына;

      8) "Дөңгелекті көлік құралдарын мерзімді техникалық байқау үшін біркелкі жағдайлар қабылдау және осындай байқауларды өзара тану туралы келісімнің" (1997 жылғы Вена Келісімі) ережелеріне сәйкестігі мәніне халықаралық автомобиль қозғалысына қатысатын автокөлік құралдарына;

      9) конструкциялардың қауіпсіздігіне және осындай автокөлік құралдарын пайдалануға қатысты қолданылатын заңдардың талаптарына сәйкестігі мәніне үлкен габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауға арналған автокөлік құралдарына;

      10) тежеу жүйелерінің конструкциясына және тиімділігіне (БҰҰ ЕЭК ережелері, N 13; 13-Н; 90);

      11) автокөлік құралдарының рульдерін басқару, олардың басқарылуы және тұрақтылығы конструкциясына және тиімділігіне (БҰҰ ЕЭК ережелері, N 79; 111);

      12) автокөлік құралдарының жарық-техникалық және дыбыстық сигнал қондырғыларының санына, орналасқан орнына, сипаттамаларына және жұмысына (БҰҰ ЕЭК ережелері, N 1-8; 19; 20; 23; 27; 28; 37; 38; 45; 48; 69; 70; 77; 87; 91; 98; 99; 104; 112; 113; 119; 123);

      13) жол-көлік оқиғасы процесінде және тікелей одан кейін туындайтын, автокөлік құралы конструкциясының жүргізушілерге және жолаушыларға жарақат әкелетін әсерлерін төмендететін қабілетіне, сондай-ақ жол-көлік оқиғасынан кейін техникалық құралдарды қолданбастан автокөлік жүргізушісі мен жолаушыларды эвакуациялау мүмкіндігіне (БҰҰ ЕЭК ережелері, N 12; 14; 16; 17; 21; 25; 29; 32; 33; 42-44; 58; 61; 66; 73; 80; 93; 94; 95; 114; 126);

      14) автокөлік құралы конструкциясының жол-көлік оқиғасы кезінде басқа да жол қозғалысына қатысушыларға физикалық әсер етуін төмендету қабілетіне (БҰҰ ЕЭК ережелері, N 26);

      15) автокөлік құралының өртке қарсы қауіпсіздігіне (БҰҰ ЕЭК ережелері, N 30; 34; 67; 110; 115; 118);

      16) Қазақстан Республикасында қабылданған жол қозғалысы жағдайлары үшін барлық бағыттағы сыртқы кеңістіктің жүргізуші орнынан көрінуіне (БҰҰ ЕЭК ережелері, N 46; 125);

      17) қажетті нақтылықпен және қажет жағдайларда автокөлік құралдарының қозғалыс параметрлерін тіркеу және олар туралы жүргізушіге хабарлау өлшемдеріне (БҰҰ ЕЭК ережелері, N 39; 68; 84; 85; 89);

      18) белгіленген пайдалану ережелері сақталған кезде, олардың істен шығуы жол-көлік оқиғасын тудыруы мүмкін автокөлік құралдары құрамдас бөліктерінің сенімділігіне (БҰҰ ЕЭК ережелері, N 11; 30; 54; 55; 64; 108; 109; 124);

      19) электромобильдер мен троллейбустердің электр қауіпсіздігіне (БҰҰ ЕЭК ережелері, N 100);

      20) автокөлік құралдарын рұқсатсыз пайдаланудан қажетті қорғау деңгейіне (БҰҰ ЕЭК ережелері, N 18; 97; 116);

      21) автокөлік құралдарының қоршаған ортаны ластайтын заттары шығындыларының шекті мәніне (БҰҰ ЕЭК ережелері, N 15; 24; 49; 83; 101; 103);

      22) автокөлік құралдарының сыртқы шуына (БҰҰ ЕЭК ережелері, N 51; 59; 117);

      23) автокөлік құралының конструкциясы бөліктерінің сыртқы электр магниті сәулелері көздеріне және олардың электр магниті үйлесімділігіне әсер ету тұрақтылығына (БҰҰ ЕЭК ережелері, N 10);

      24) автокөлік құралдарының ішкі жабдықтарының және басқару органдарының орналасуына (БҰҰ ЕЭК ережелері, N 21; 35; 121);

      25) жолаушылар автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасында қабылданған жол қозғалысы жағдайлары кезіндегі қауіпсіздігіне қатысты қосымша ұйғарымдардың үлкен сыйымдылығын орындауына;

      26) қоңыржай-суық климат жағдайларында пайдалануға арналған автокөлік құралдарының ауа температурасы төмен жағдайларда пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты қосымша ұйғарымдарды орындауына;

      27) автокөлік құралдары конструкциясының және ол жасалған материалдардың тиімді және экологиялық қауіпсіз пайдаға асырылуын қамтамасыз ету қабілетіне;

      28) автокөлік құралдарын эксплуатациялау материалдары ретінде озонды бұзатын заттарды қолдануды болдырмауға;

      29) автокөлік құралдарының конструкциясында пайдаланылатын материалдардың санитарлық-гигиеналық нормативтерге сәйкестігіне қатысты белгіленеді.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.07 № 526 Қаулысымен.

      6. Пайдалану қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      Автокөлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігі:

      автокөлік құралдарын техникалық байқаудан өткізуге уәкілетті лауазымды адамдардың тікелей жолдар мен көшелерде бақылау-диагностикалау жабдығын қолдана отырып, автокөлік құралдарының кезеңдік техникалық байқауы кезінде;

      айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының сәйкестігін растау кезінде сынақтар жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.

      Мерзімді техникалық байқаулар мынадай жалпы қағидаттарды сақтай отырып жүргізілуі тиіс:

      техникалық байқау көлік құралының ешқандай бөлігін бөлшектемей және алмай жүргізілуі тиіс;

      бақылау-диагностикалау жабдығы мен өлшеу құралдары Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат берілген Өлшеу құралдарының мемлекеттік тізіліміне енгізілуі, өлшеу құралдарының түрін бекіту туралы сертификаттары және тексеру туралы белгіленген құжаттары болуы тиіс;

      техникалық байқау шектеулі уақыт шегінде жүргізілу керек. Техникалық байқау жүргізу үшін қажетті нақты уақыт тексерістен өтіп жатқан көлік құралының санаты мен жай-күйіне байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ 30 минуттан аспау керек.

      Автокөлік құралдарын мерзімді техникалық байқау визуалды түрде, автокөлік құралы құрамдас бөліктерінің әрекеті мен жұмыс істеуін көру, сондай-ақ құрамдас бөліктерді аспапты бақылау құралдары арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

      Мерзімді техникалық байқау бағдарламасы жиынтығына қатысты тексеруден; пайдалану қауіпсіздігінің жекелеген қасиеттерін сипаттайтын параметрлердің шекті мәндерін; жекелеген құрамдас бөліктердің тозығын (ақауларын) пайдалануда рұқсат етілген шектеулерді; жұмыс қабілеттілігі көрсеткіштерінің шекті ықтимал нашарлауын сипаттайтын нормаларды, автокөлік құралдарының конструкцияларын өзгертудің рұқсат етілген шегін шектеуді; оның ішінде:

      1) тежеуді басқаруды:

      жұмыс тежеу жүйесін пайдалану сипаттамасын және жұмыс істеу тиімділігін;

      қосымша тежеу жүйесін пайдалану сипаттамасын және жұмыс істеу тиімділігін;

      тұрақта тұру тежеу жүйесін пайдалану сипаттамасын және жұмыс істеу тиімділігін;

      қосалқы тежеу жүйесін пайдалану сипаттамасын;

      блоктауға қарсы тежеу жүйесінің жұмыс істеуін;

      2) рульді басқаруды:

      руль тетігінің және оны бекітетін картердің, руль приводының, руль дөңгелегінің және руль колонкасының механикалық жай-күйі мен жұмыс істеуін;

      жалпы люфті;

      дөңгелектерді орнату бұрыштарын реттеу;

      3) көру:

      көру аясы;

      әйнектердің жай-күйі;

      артқы көру айнасы және аспаптар;

      әйнек тазалағыштар;

      әйнек жуғыштар;

      4) сыртқы жарық аспаптарының, шашыратқыштар мен электр жабдығының саны, орналасуы, түстері, көру бұрыштары, жай-күйі, жұмыс істеуі және сипаттамалары:

      фаралар;

      алдыңғы және артқы габариттік оттары, бүйір сигналдық шамдары;

      тежеу сигналдары;

      бұрылу көрсеткіштері;

      алдыңғы және артқы тұманға қарсы фаралары;

      артқа жүру шамдары;

      артқы нөмірлік белгіні жарықтандыру кіші лампалары;

      жарық шашыратқыштар, бүйірлік шашыратқыштар, артқы тану белгілері;

      бақылау сигналдары;

      сүйреуіш пен тіркеменің немесе жартылай тіркеменің арасындағы электр қосылғыштар;

      электр сымдары; міндетті емес оттар;

      аккумуляторлар;

      5) осьтер, дөңгелектер, шиналар мен аспалар:

      осьтердің механикалық жай-күйі;

      дөңгелектер мен шиналардың өлшемі, сипаттамалары және тозуы;

      аспа элементтерінің және оларды бекіткіштердің (рессорлар, амортизаторлар, түтіктер, беруші айналмалы моменттің, итергіш штангалар мен аспа тетіктерінің, сондай-ақ шарнирлік элементтердің) механикалық жай-күйі;

      6) шасси мен шассиге агрегаттар мен тораптарды бекіту элементтерінің:

      түтін түтіктері мен тұншықтырғыштардың;

      автокөлік құралының салоны мен кабинасында зиянды заттар құрамының;

      отын багы мен түтіктердің (жылытуға және түтіктерге арналған отын багын қоса алғанда);

      бамперлердің, бүйірлік қорғану және артқы сырғанауға қарсы құрылғының;

      қосалқы дөңгелектің кронштейндерінің;

      тіркеу құрылғысының;

      трансмиссиялардың;

      қуат агрегатын бекіткіштің;

      аудару тетігінің;

      кабина немесе шанақ қондырғыларының;

      есіктер және есік құлыптарының;

      еденнің;

      жүргізуші мен жолаушылар орындықтарының;

      басқару органдарының;

      кабина мен шанақ басқыштарының;

      өзге де ішкі және сыртқы фитингілердің;

      шашыратқыштардың (қанаттардың), шашыраудан қорғауға арналған құрылғылардың жай-күйі мен жұмыс істеуі;

      7) өзге де жабдықтың:

      қауіпсіздік белдіктерінің, балаларға арналған ұстау құрылғылары мен оларды бекіту орындарының;

      өрт сөндіру құралдарының;

      құлыптар мен айдап әкетуге қарсы құрылғылардың;

      апаттық тоқтау белгілерінің;

      алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишасының;

      дөңгелектердің астына салынатын сырғанауға қарсы тіреуіштердің;

      дыбыстық сигнализация жүйесінің;

      спидометрдің;

      тахографтың;

      жылдамдықты шектеуге арналған құрылғының бар-жоғы, жай-күйі және жұмыс істеуі;

      8) қоршаған ортаға әсер етумен байланысты факторлар:

      шу;

      пайдаланылған газдар;

      радиокедергілер деңгейі;

      сұйықтықтардың ағуы;

      9) М 2 және М 3 санатындағы автокөлік құралдарына қойылатын қосымша талаптар:

      есіктер мен апаттық шығулардың;

      терлеуге және мұздануға қарсы құрылғылардың;

      желдету жүйесінің;

      орындықтардың;

      ішкі жарық құрылғылары және бағытты көрсететін тақтайшалардың;

      түрегеп тұратын жолаушыларға арналған өтпелердің, жолдың, орындардың;

      тұтқыштардың;

      баспалдақтар мен басқыштардың;

      жүргізушінің жолаушылармен байланыс жүйесінің;

      жазулардың;

      жүріп-тұруға қабілеті шектеулі жолаушыларды тасымалдауға қатысты М 2 және М 3 санатындағы автокөлік құралдарының конструкциясы және қосымша жабдығы;

      арнайы жабдықты тексеруден тұрады.

      Автокөлік құралдарын пайдалануға дайындау кезіндегі жұмыстарды жүргізу процестері қолданыстағы заңдарда және техникалық регламенттерде белгіленген биологиялық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, экологиялық қауіпсіздік, машиналар мен жабдықтарды қауіпсіз пайдалану және кәдеге жарату, ғимараттар мен құрылыстарды қауіпсіз пайдалану және оларға жақын аумақты қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкес келу керек.

      Автокөлік құралдарын өткізу кезінде жұмыстарды жүргізу процестеріне сату алдындағы дайындық жөніндегі автокөлік құралдарын дайындаушының нұсқаулықтарға жазылған техникалық әсерлер кіруі тиіс.

      Автокөлік құралдарын техникалық байқау шеңберінде бақылау-диагностикалық жұмыстарды жүргізу процесіне осы Техникалық регламентте белгіленген осы санаттағы автокөлік құралдарына қойылатын барлық талаптарды бақылау кіруі тиіс.

      Автокөлік құралдары техникалық қызмет көрсету және (немесе) жөндеу аяқталғаннан кейін пайдалану қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуі тиіс.

      Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және/немесе жөндеу жұмыстарын жүргізу процесіне:

      автокөлік құралдарының, оның құрауыштарының, жүйелерінің ақаусыз жай-күйін автокөлік құралы иесінің өтініміне сәйкес қалпына келтіру жөніндегі қажетті техникалық әсер ету;

      жалпы автокөлік құралдарына немесе оны құрамдас бөліктері мен жүйелеріне техникалық қызмет көрсету және/немесе жөндеу жүргізгеннен кейін автокөлік құралдарының ақаусыз жай-күйін қалпына келтіру бойынша жүргізілген техникалық әсер етулердің номенклатурасына қарай автокөлік құралдарына қойылатын қауіпсіздік талаптарын бақылау кіруі тиіс.

      Автокөлік құралдарының және оның құрамдас бөліктерінің ақаусыз жай-күйін қалпына келтіру бойынша техникалық әсер ету автокөлік құралдарын дайындаушылар әзірлеген нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жүргізілуі тиіс.

      Автокөлік құралдарын өткізу және техникалық қызмет көрсету және/немесе жөндеу кезінде жұмыстар жүргізу процесін жүзеге асыруда:

      сәйкес келуін құжаттық растауы бар қосалқы бөлшектер мен материалдар;

      техникалық реттеу және өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келетін мамандандырылған жабдық (бақылау-диагностикалық жабдық, көлік құралдары мен олардың құрамдас бөліктерін техникалық диагностикалау құралдары) қолданылуы тиіс.

      Мамандандырылған жабдықтың сипаттамасы олар үшін осы жабдық қолданылатын автокөлік құралдарының немесе олардың құрамдас бөліктерінің типіне, салмақ және габариттік параметрлеріне сәйкес болуы тиіс.

      Осы Техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік талаптарға автокөлік құралдарының сәйкес келуін бақылау үшін қолданылатын мамандандырылған жабдық қажетті дәлдікпен белгілі бір диапазонда автокөлік құралдарының қажетті параметрлерін өлшеуге мүмкіндік беруі тиіс.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.07.21. N 1109 Қаулысымен.

      7. Автокөлік құралдарын сақтау процесіне қойылатын талаптар:

      1) қауіпті жүктерді, улайтын немесе улы заттарды автомобильмен тасымалдауға арналған және сол үшін пайдаланылатын мамандандырылған автокөлік құралдары олар үшін арнайы бөлінген алаңдарда басқа автокөлік құралдарынан бөлек сақталуы тиіс;

      2) автокөлік құралдарын сақтау орындарына орналастыру олардың және ғимараттар мен имараттардың элементтері арасындағы ара-қашықтық қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетіндей және олардың еркін шығуын қамтамасыз ететіндей болуы тиіс. Сақтау аймағында автокөлік құралдарын жөндеу жұмыстарын жүргізуге және техникалық қызмет көрсетуге, сондай-ақ сүрту және пайдалану материалдарын сақтауға жол берілмейді;

      3) сұйықтандырылған мұнай газымен жұмыс істейтін газбаллонды автокөлік құралдарын сақтау өртке қарсы сигнализациямен және өртке қарсы бекеттермен жабдықталған ашық алаңшаларда жүзеге асырылуы тиіс. Газбаллонды автокөлік құралдарын сақтауға арналған алаңшаларды конструкциясы оларда орнатылған газ баллондарын қызу мүмкіндігін болдырмайтын жылыту жүйесімен жабдықтауға рұқсат етіледі;

      4) сығымдалған табиғи газбен жұмыс істейтін газ баллонды автокөлік құралдарын сақтау ашық тұрақтарда да, сығымдалған табиғи газбен жұмыс істейтін көлік құралдарын пайдаланатын кәсіпорындарға арналған өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып, жабық үй-жайларда да жүзеге асырылуы мүмкін;

      5) автокөлік құралдарын сақтау инфрақұрылымдарының объектілері қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

      8. Автокөлік құралдарын пайдаланудан шығару және кәдеге жарату

      1) автокөлік құралдарын пайдалану аяқталғаннан кейін кәдеге жарату тәртібі қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес келуі тиіс;

      2) кәдеге жаратылатын автокөлік құралдарының қайта қолдану үшін пайдаланылатын құрамдас бөліктері пайдалану қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуі тиіс;

      3) кәдеге жарату жөніндегі кәсіпорындар кәдеге жаратылған автокөлік құралдарының меншік иелеріне немесе олардың уәкілетті өкілдеріне кәдеге жарату туралы анықтама береді.

      9. Автокөлік құралдарын маркалау кезінде қойылатын талаптар

      1) дайындалған және бұрын пайдалануда болмаған әрбір көлік құралына мемлекеттік және орыс тілдерінде басып шығарылған мыналар қоса берілуі тиіс:

      дайындаушының кепілдік міндеттемелері және автокөлік құралын пайдаланудың кепілді мерзімі ішінде оны пайдаланушы сақтауға міндетті ережелер;

      пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды сипаттауды қамтитын пайдалану бойынша нұсқаулық (басшылық). Пайдалану бойынша нұсқаулықтың (басшылықтың) мазмұнына қойылатын талаптар осы техникалық регламентке 4-қосымшада келтіріледі;

      автокөлік құралын пайдалану процесінде ауыстыратын оның кәдеге жаратылатын пайдалану материалдары мен құрамдас бөліктері бойынша мәліметтерді қамтитын құжат;

      2) әрбір автокөлік құралына (шасси) көлік құралының бірегей сәйкестендіру VIN нөмірі берілуі тиіс;

      3) әрбір автокөлік құралында оқу үшін қолайлы жерде орналасқан және арнайы құралды қолданбай алынбайтын, мемлекеттік, орыс және (немесе) ағылшын тілінде кемінде мынадай:

      дайындаушының атауы;

      көлік құралының сәйкестендіру VIN нөмірі;

      автокөлік құралының рұқсат етілген ең жоғары салмағы;

      егер автокөлік құралы тіркемені (жартылай тіркемені) сүйреп тарту үшін пайдаланылуы мүмкін болса, автопоездың рұқсат етілген ең жоғары салмағы;

      алдыңғы осінен бастап автокөлік құралының әрбір осіне келетін рұқсат етілген ең жоғары салмағы;

      отыру-тіркеу құрылымына (бар болса) келетін рұқсат етілген ең жоғары салмағы туралы ақпаратты қамтитын дайындаушының тақтайшасы болуы тиіс.

      Дайындаушының тақтайшасын конструкциялық орындауға қойылатын талаптар осы Техникалық регламентке 5-қосымшада келтіріледі.

      Егер дайындаушының тақтайшасындағы ақпарат ағылшын тілінде берілсе, оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта (басшылықта) келтірілуі тиіс.

      Сонымен қатар дайындаушының тақтайшасында мына ақпарат болмаса, ол қосымша тақтайшаларда (жапсырмаларда) орналасады:

      дайындалған жылы немесе модельдік жылы;

      экологиялық класс;

      тасымалданатын жолаушылардың рұқсат етілген ең көп саны (осы Техникалық регламентке 1-қосымшаға сәйкес М 2 және М 3 санатындағы автокөлік құралдары үшін);

      4) автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне әсер ететін олардың конструкциялық ерекшеліктері туралы тұтынушыларды ескерту немесе ақпараттандыру мақсатында автокөлік құралының сыртқы немесе ішкі жағына дайындаушы жазған ағылшын тіліндегі мәтін мемлекеттік және орыс тілдеріне қайталанған болуы тиіс;

      5) автокөлік құралдары борттық электрондық автокөлік құралын сәйкестендіру жүйесімен жабдықталған жағдайда ол дайындаушының тақтайшасы деректерінің, автокөлік құралының жиынтығы, автокөлік құралын пайдалану қауіпсіздігі параметрлерінің шекті мәндері және оларды тексеру режімі туралы мәліметтердің көрінуін қамтамасыз етуі тиіс;

      6) ауыстыратын (қосалқы) бөлшектер ретінде жеткізілетін автокөлік құралдары құрамдас бөліктерінің таңбасында дайындаушының атауы немесе сауда белгісі болуы керек;

      7) техникалық регламент талаптарына сәйкес келуі белгіленген тәртіппен бекітілген автокөлік құралдары мен олардың құрамдас бөліктері осы Техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік талаптарына автокөлік құралдарының сәйкес келуін растайтын сәйкестік белгісімен маркаланады.

      Автокөлік құралдарын маркалау кезінде сәйкестік белгісі дайындаушының тақтайшасында немесе жеке тақтайшада {жапсырмада) орналасады. Сәйкестік белгісінің астында автокөлік құралына ресімделген "көлік құралының типін мақұлдау" немесе "шасси типін мақұлдау" нөмір көрсетіледі.

      Тақтайшалардың орналасу орны "көлік құралының типін мақұлдауда" ("шасси типін мақұлдауда") көрсетіледі.

      Құрамдас бөліктерді маркалау кезінде сәйкестік белгісі өнім бірлігіне және/немесе затбелгіге, сондай-ақ орамаға және ілеспе техникалық құжаттамаға тікелей жазылады.

      Маркалау айқын көрінуін қамтамасыз ететін және өшірілуін болдырмайтын кез келген қолайлы тәсілмен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.07.30. N 1001 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

3. Сәйкестік презумпциясы

      Ескерту. 3-бөлім алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.07.21. N 1109 Қаулысымен.

4. Сәйкестікті растау

      Ескерту. 4-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.07.21. N 1109 Қаулысымен.

      11. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарында пайдаланылған газды бейтараптандыру жүйесі болуы тиіс және олар сәйкестікті растауға жатады.

      Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын МІ санатындағы жаңа автокөлік құралдарында тежегішті бұғаттауға қарсы жүйе, фронтальді қауіпсіздік жастығы, ISOFIX бекіту жүйелері, күндізгі жүріс шамдары және иммобилайзер (иммоболизатор) болған кезде сәйкестікті растауға жол беріледі.

      Автокөлік құралдарының сәйкестігін растауды сәйкестікті растау жөніндегі орган сәйкестік сертификаттарын беру арқылы жүзеге асырады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар 2015 жылғы

      1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Кеден одағына қатысушы елдерде шығарылған автокөлік құралдарын қоспағанда, осы талаптар 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.12.2013 № 1396 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.04.2014 № 413 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Қазақстан Республикасында жасалатын жаңа автокөлік құралдары өтініш берушінің таңдауы бойынша "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысында белгіленген 1-8, 10-схемалардың бірі бойынша сәйкестікті растаудан өтеді. Пайдалану мерзімі 3 жылдан аз, Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған бірыңғай техникалық нұсқамаларды қабылдау туралы және осы нұсқамалардың негізінде берілетін ресми бекітулерді өзара мойындау шарттары туралы келісім

      (1958 жылғы Женева келісімі) шеңберінде берілген, үлгіні мақұлдауды

      растайтын құжаты бар автокөлік құралдары "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен белгіленген 9-схема бойынша сәйкестікті растаудан өтеді.

      Пайдалану мерзiмi 3 жылдан аз, үлгiнi мақұлдау туралы құжаты жоқ, сондай-ақ пайдалану мерзімі 3 жылдан артық автокөлiк құралдары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлiк құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентке 4-қосымшаны (бұдан әрі – Техникалық регламентке 4-қосымша) ескере отырып, сәйкестiктi растауға рұқсат етiледi және "Пайдалану қауiпсiздiгiнiң көрсеткiштерi бойынша сынақтар өткiзiле отырып, "Сәйкестiктi растау рәсiмдерi" техникалық регламентiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен белгiленген 7-схема бойынша сәйкестiктi растаудан өтедi.

      Техникалық регламентке 4-қосымшада шығарылған жері көзделмеген автокөлік құралдары үшін Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау 7-схеманы қолдана отырып, міндетті түрде пайдаланылған газдарды бейтараптандыру жүйесі болған кезде жүзеге асырылады.

      Автокөлік құралының шығарылған елін айқындауды өтінім беруші ұсынған VIN-код бойынша сәйкестікті растау жөніндегі орган жүзеге асырады.

      Пайдалану қауіпсіздігінің көрсеткіштері бойынша сынақтар осы Техникалық регламенттің 6-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.07.30. N 1001 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.04.2014 № 413 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      13. Осы Техникалық регламенттің 4-тарауында айқындалған сертификаттау схемаларын қолдана отырып сәйкестікті растау "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы N 90 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Автокөлік құралдарының қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау (қадағалау)

      Автокөлік құралдарының қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау (қадағалау) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Үйлестірілген стандарттар тізбесі

      Ескерту. 6-бөлім алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.07.21. N 1109 Қаулысымен.

  "Автокөлік құралдарының
қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар" техникалық
регламентіне
1-қосымша

      Техникалық регламенттің әрекетіне түсетін механикалық көлік

      құралдары мен тіркемелерді жіктеу және анықтамасы

Атауы

СЭҚ ТН
кодтары

1

2

1. М санаты - кемінде төрт дөңгелегі бар және
жолаушылар тасымалдау үшін пайдаланылатын
механикалық көлік құралдары


1) М 1 санаты (жеңіл автомобильдер):
жолаушылар тасымалдауға арналған және
жүргізушінің орнынан басқа отыруға арналған
кемінде сегіз орындығы бар көлік құралы
(сондай-ақ төмендегі тармақты қараңыз);

8703

2) М 2 санаты (автобустар, троллейбустар):
жолаушылар тасымалдау үшін пайдаланылатын,
жүргізушінің орнынан басқа отыруға арналған
сегізден артық орындығы бар және ең жоғары
салмағы 5 тоннадан аспайтын көлік құралдары

8702

3) М 3 санаты (автобустар, троллейбустар):
жолаушылар тасымалдау үшін пайдаланылатын,
жүргізушінің орындығынан басқа отыруға арналған
сегізден артық орындығы бар және ең жоғары
салмағы 5 тоннадан асатын көлік құралдары;
М 2 және М 3 санаттарының көлік құралдарына:
N 36 және N 107 Ережеге сәйкес үш кластан біріне
немесе одан көбіне (I класқа, II класқа, III
класқа);
N 52 Ережеге сәйкес екі кластан біріне (А
класына, В класына).
I класс:
жолаушылардың салон ішінде ұдайы жүріп-тұруы
үшін конструкциясында түрегеп тұратын
жолаушыларға арналған орындар көзделген көлік
құралдары.
II класс:
Негізінен отырған жолаушыларды тасымалдау үшін
құрастырылған және екі қосарлы орындықтар үшін
бөлінген кеңістіктің шегінен тыс шықпайтын
өтпелердегі және/немесе орындардағы түрегеп
тұрған жолаушыларды тасымалдау көзделуі мүмкін
көлік құралдары.
III класс:
Тек отырған жолаушыларды ғана тасымалдау үшін
құрастырылған көлік құралдары
А класы:

8702

Түрегеп тұрған жолаушыларды тасымалдауға арналған
көлік құралдары; бұл кластағы көлік құралы
орындықтармен жабдықталған және онда түрегеп
тұрған жолаушыларды тасымалдау көзделуі мүмкін.
В класы:
Түрегеп тұрған жолаушыларды тасымалдауға
арналмаған көлік құралдары, бұл кластағы көлік
құралында түрегеп тұрған жолаушыларды тасымалдау
көзделуі мүмкін емес.
Ескертпелер
"Біріктірілген автобус немесе қалааралық
автобус" бір-біріне біріктірілген, екі немесе
одан да көп қатты секциялардан тұратын көлік
құралын білдіреді; әр секцияның жолаушылар салоны
жолаушылар бір секциядан екіншісіне еркін өте
алатындай етіп біріктірілген; қатты секциялар
өзара оларды тек шеберханада болатын құралдардың
көмегімен ғана ажыратуға болатындай етіп
біріктіріледі;
Бөлінбейтін, бірақ біріктірілген екі немесе одан
көп элементтерден тұратын біріктірілген
автобустар немесе қалааралық автобустар бір
көлік құралы ретінде қарастырылады;
Егер жартылай тіркемені сүйреп тарту үшін
сүйреуіш (жартылай тіркемеге арналған сүйреуіш)
көзделген болса, көлік құралын жіктеу кезінде
есепке алынуы тиіс салмақ ретінде жарақталған
күйдегі сүйреуіштің салмағына қосылған сүйреуішке
жартылай тіркеме салатын ең жоғары статикалық
тік жүктемеге сәйкес келетін салмақ, сондай-ақ
қажет болған жағдайда сүйреуіштің өзінің ең
жоғары жүк салмағы пайдаланылады;
"Жарақталған күйдегі көлік құралының салмағы"
егер дайындаушы зауыт салқындататын сұйықтықты,
майды, 90 % отынды, 100 % басқа сұйықтықтарды
қоса алғанда шанақты және/немесе тіркеу
құрылғысын белгілемесе, пайдаланылған суды,
құралдарды, қосалқы дөңгелекті, жүргізушінің
салмағын (75 кг) және қалалық және қалааралық
автобустар үшін - егер көлік құралында экипаж
мүшесі үшін орындық көзделсе, оның салмағын (75
кг) қоспағанда, сүйреген жағдайда шанағы мен
тіркеу құрылғысы бар бос көлік құралының салмағы
не болмаса кабинасы бар жүріс бөлігінің салмағы
кабинамен бірге жүру бөлігінің салмағын
білдіреді.


2. N санаты - кемінде төрт дөңгелегі бар және
жүктер тасымалдауға арналған механикалық көлік
құралдары
1) N 1 санаты (жүк автомобильдері және олардың
шассиі):
жүктер тасымалдауға арналған және ең жоғары
салмағы 3,5 тоннадан аспайтын көлік құралдары;

8704
8705

2) N 2 санаты (жүк автомобильдері және олардың
шассиі):
жүктер тасымалдауға арналған және ең жоғары
салмағы 3,5 тоннадан асатын, бірақ 12 тоннадан
аспайтын көлік құралдары;

8704
8705

3) N 3 санаты (жүк автомобильдері және олардың
шассиі):
жүктер тасымалдауға арналған және ең жоғары
салмағы 12 тоннадан асатын көлік құралдары.
Ескертпелер
Егер жартылай тіркемені сүйреп тарту үшін
сүйреуіш (жартылай тіркемеге арналған сүйреуіш)
көзделген болса, көлік құралын жіктеу кезінде
есепке алынуы тиіс салмақ ретінде жарақталған
күйдегі сүйреуіш салмағына қосылған жартылай
тіркеменің сүйреуішке салатын ең жоғары
статикалық тік жүктемеге сәйкес келетін салмақ,
сондай-ақ қажет болған жағдайда сүйреуіштің
өзінің ең жоғары жүк салмағы пайдаланылады;
Кейбір арнайы көлік құралдарындағы
(автокрандардағы, өздігінен жүретін жөндеу
шеберханаларындағы, жарнамалық көлік
құралдарындағы) жабдық және қондырғылар жүктерге
теңестіріледі.

8704
8705

3. О санаты - тіркемелер (жартылай тіркемелерді
қоса алғанда)


1) О 1 санаты (жеңіл және жүк автомобильдеріне,
мотоциклдерге, мотороллерлерге және
квадрициклдерге тіркемелер немесе жартылай
тіркемелер):
ең жоғары салмағы 0,75 тоннадан
аспайтын тіркемелер;

8716

2) О 2 санаты (жеңіл және жүк автомобильдеріне
тіркемелер немесе жартылай тіркемелер):
ең жоғары салмағы 0,75 тоннадан асатын, бірақ
3,5 тоннадан аспайтын тіркемелер;

8716

3) О 3 санаты (жеңіл және жүк автомобильдеріне
тіркемелер немесе жартылай тіркемелер):
ең жоғары салмағы 3,5 тоннадан асатын, бірақ 10
тоннадан аспайтын тіркемелер;

8716

4) О 4 санаты (жүк автомобильдеріне тіркемелер
немесе жартылай тіркемелер):
ең жоғары салмағы 10 тоннадан асатын тіркемелер;

8716

5) сонымен қатар О 2 , О 3 және О 4 санатындағы
тіркемелер мынадай үш типтің біріне жатады:
"жартылай тіркеме" - осі көлік құралының ауырлық
ортасының артында (тең жүктеме жағдайында)
орналасқан және көлденең және тік жүктемені
сүйреуішке беруге мүмкіндік беретін біріктіру
құрылғысымен жабдықталған сүйреп тартылатын көлік
құралы. Сүйреуіш бір немесе одан көп осьтерді
сүйреп тартуды жүзеге асыруы мүмкін;


"толық тіркеме" - кемінде екі осі бар және
тігінен қозғала алатын (тіркемеге қатысты) және
алдыңғы осьтің (осьтердің) бұрылуына қызмет ете
алатын, бірақ сүйреуішке қандай да бір елеулі
статикалық жүктеме бермейтін, сүйреп тартатын
құрылғымен жабдықталған сүйреп тартылатын көлік
құралы.
Сүйреуіш бір немесе одан көп осьтерді сүйреп
тартуды жүзеге асыруы мүмкін;
"орталықта орналасқан осі бар тіркеме" - тігінен
қозғала алмайтын (тіркемеге қатысты) және осі
(осьтері) сүйреуіш тіркеменің ең жоғары
салмағына сәйкес келетін көлемінің 10 % аспайтын
немесе 1000 даН (көлемдердің қайсысы кіші екеніне
қарай) елеусіз статикалық тік жүктеме
берілетіндей етіп көлік құралының ауырлық
ортасына (тең жүктеме жағдайында) орналасқан
сүйреп тарту құрылғысымен жабдықталған көлік
құралы.
Сүйреуіш бір немесе одан көп осьтерді сүйреп
тартуды жүзеге асыруы мүмкін.
Ескертпе
Орталықта орналасқан осі бар жартылай тіркемеге
немесе тіркемеге қатысты тіркемені жіктеу
кезінде есепке алынуы тиіс салмақ сүйреуішпен
бар орталықта орналасқан осі бар сүйреуішке
тіркелген барынша тиелген жартылай тіркеменің
немесе тіркеменің осі немесе осьтерінің жерге
берілетін статикалық тік жүктемесі болып
табылады.


4. Ерекше мақсаттағы көлік құралы:
жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдауға
арналған, сондай-ақ ерекше функцияларды
орындауға арналған, ерекше шанақты және/немесе
жабдықты қажет ететін М, N немесе О санатындағы
көлік құралы.
1) автомобиль - үй:
М 1 санатындағы ерекше мақсаттағы,
конструкциясында тұрғын кеңістік бар көлік
құралы, онда мынадай жабдықтар бар:
Орындықтар және үстел;
орындықтардан жасалатын ұйықтайтын орындар;
ас үй жабдығы және қойма жайлары.
Бұл жабдық тұрғын бөлікке қатты бекітілуі тиіс;
сонымен қатар үстелде алмалы-салмалы конструкция
болуы мүмкін;
2) бронды көлік құралы:
тасымалданатын жолаушыларды және/немесе жүктерді
қорғауға арналған және оқ өтпейтін бронды
қаптамамен жарақталған көлік құралы;
3) медициналық көмек көлік құралы:
ауру немесе жараланған адамдарды тасымалдауға
арналған және осы үшін ерекше жабдықпен
жарақталған М санатындағы автокөлік құралы;
4) катафлак:
өлгендерді тасымалдауға арналған және осы үшін
ерекше жабдықпен жарақталған автокөлік құралы.


5. G санаты - жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік
құралдары жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік
құралдары деп осы тармақтың талаптарына және 5)
тармақшаға сәйкес тексеру шарттарына жауап
беретін М және N санаттарындағы көлік құралдары
есептеледі;


2) ең жоғары салмағы 2 тоннадан аспайтын N
санатындағы көлік құралдарында, сондай-ақ М 1
санатындағы көлік құралдарында егер:
бір осьті жетегі сөніп қалуы мүмкін көлік
құралдарын қоса алғанда, конструкциясы бір
уақытта олардың жетегін қамтамасыз ететін ең
болмағанда бір алдыңғы және бір артқы осі;
ең болмағанда бір дифференциалды блоктау тетігі
немесе осыған ұқсас әрекеттегі бір тетігі болса
және егер олар бір көлік құралына есептелген 30%
өрден өте алса, олар жүріп өту мүмкіндігі
жоғары көлік құралдары болып есептеледі.
Сонымен қатар олар төменде келтірілген алты
талаптың ең болмағанда бесеуіне жауап беруі тиіс:
кіру бұрышы 25 о кем болмауы тиіс;
түсу бұрышы 20 о кем болмауы тиіс;
көтеру бұрышы 20 о кем болмауы тиіс;
алдыңғы осьтің астындағы жолды жарықтандыру 180
мм кем болмауы тиіс;
артқы осьтің астындағы жолды жарықтандыру 180 мм
кем болмауы тиіс;
осьтер арасындағы жолды жарықтандыру 200 мм кем
болмауы тиіс;


3) бір оське жетек сөндірілуі мүмкін көлік
құралдарын қоса алғанда, егер конструкциялары
барлық дөңгелектерге бір уақытта жетекті
қамтамасыз етсе, ең жоғары салмағы 2 тоннадан
асатын N 1 санатындағы көлік құралдары немесе ең
жоғары салмағы 12 тоннадан аспайтын N 2 , М 2
немесе М 3 санатындағы көлік құралдары жүріп өту
мүмкіндігі жоғары көлік құралдары деп
есептеледі, не болмаса мынадай үш талап
сақталса:
бір оське жетек сөндірілуі мүмкін көлік
құралдарын қоса алғанда, ең болмағанда бір
алдыңғы және бір артқы осьтерін бір уақытта
жетек бар;


ең болмағанда дифференциалды блоктаудың бір
тетігі немесе осындай әрекеттегі бір тетігі
болса, - олар жеке көлік құралына есептелген 25%
өрден өте алады.


4) егер ең жоғары салмағы 12 тоннадан асатын М 3
санатының көлік құралдарында немесе N 3 санатының
көлік құралдарында бір осьтегі жетек сөніп қалуы
мүмкін көлік құралдарын қоса алғанда, егер
оларда барлық дөңгелекке жетек бір уақытта
болса, не болмаса мына талаптар сақталатын болса:
кемінде дифференциалды блоктаудың бір тетігі
немесе осыған ұқсас әрекеттің бір тетігі болса;
жеке көлік құралы үшін есептелген 25% өрден өте
алса;
мына алты талаптың кем дегенде төртеуі сақталса,
олар жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралдары
болып табылады:
кіру бұрышы 25 о кем болмауы тиіс;
түсу бұрышы 20 о кем болмауы тиіс;
көтеру бұрышы 20 о кем болмауы тиіс;
алдыңғы осьтің астындағы жолды жарықтандыру 250
мм кем болмауы тиіс;
осьтер арасындағы жолды жарықтандыру 300 мм кем
болмауы тиіс;
артқы осьтің астындағы жолды жарықтандыру 250 мм
кем болмауы тиіс;


5) тексеру жүктемесі және шарттары:


ең жоғары салмағы 2 тоннадан аспайтын N 1
санатындағы көлік құралдары және М 1 санатындағы
көлік құралдары жарақталған күйде болуы тиіс,
яғни салқындатқыш сұйықтықпен, майлайтын маймен,
отынмен, құрал-жабдықтармен және қосалқы
дөңгелекпен жарақталған, бұл ретте жүргізушінің
ең жоғары салмағы 75 кг тең деп есептеледі.


Алдыңғы абзацта көрсетілмеген механикалық көлік
құралы дайындаушы зауыт белгілеген техникалық
рұқсат етілетін ең жоғары салмаққа дейін жүк
тиелген болуы тиіс.


Қажет етілетін өрден (25 % және 35%) өту қабілеті
қарапайым есептеу арқылы тексеріледі.
Алайда ерекше жағдайларда техникалық қызметтер
шынайы сынақ жүргізу үшін тиісті типтеп көлік
құралын әкелуді талап ете алады.


Алдыңғы және артқы асылмасының бұрыштарын,
сондай-ақ көтеру бұрышын өлшеу кезінде қорғау
құрылғылары ескерілмейді.


Алдыңғы және артқы асылманың бұрыштарына қатысты
анықтамалар мен сызбалар, өр және жол жарығы
бұрыштары


"Кіру бұрышы" - ІSO 612: 1978 стандарты, N 6.10.
ережені қараңыз.
(суретті қағаз мәтінінен қараңыз)


"Түсу бұрышы" - ІSO 612: 1978 стандарты, N 6.11.
ережені қараңыз.
(суретті қағаз мәтінінен қараңыз)


"Көтерілу бұрышы" - ІSO 612: 1978 стандарты, N
6.9. ережені қараңыз.
(суретті қағаз мәтінінен қараңыз)


"Осьтер арасындағы жол жарығы" деп жер мен көлік
құралының төменгі қозғалмайтын нүктесінің
арасындағы ең жақын қашықтық түсініледі.
Көп осьті арбалар бір осьті ретінде
қарастырылады.
(суретті қағаз мәтінінен қараңыз)


"Бір осьтің астындағы жол жарығы" деп бір осьтегі
дөңгелектердің (қосарланған шина болған жағдайда
ішкі дөңгелектердің) протекторы ізінің ортасы
арқылы өтетін және дөңгелектер арасындағы көлік
құралының қозғалмайтын төменгі нүктесіне тиетін
шеңбер доғасының жоғарғы нүктесінен төмен
бағыттағы қашықтығы түсініледі.
Көлік құралының бірде бір қатты бөлігі сызбада
сызылған бөлікке ене алмайды.
Қажет болған жағдайда бірнеше осьтерге арналған
жол жарығы олардың орналасу кезегі бойынша
көрсетіледі, мысалы 280/250/250.


(суретті қағаз мәтінінен қараңыз)


Құрамдастырылған белгілер
М және N шартты белгілері G белгісімен үйлестірілуі мүмкін.
Мысалы жолсызбен қозғалуға жарамды N 1
санатындағы көлік құралы N 1 G деп белгіленуі
мүмкін.


6. Шанақ типінің анықтамасы (құрамдастырылған
көлік құралдары үшін ғана)
Шанақтың типі мынадай модификацияның көмегімен
көрсетілуі мүмкін:


1) жеңіл автомобильдер (М 1 )
АА Седан:
ISO: 3833:1977, N 3.1.1 ережелері, бірақ бүйір
терезелері төртеуден артық көлік құралдарын қоса
алғанда.
АВ Хетчбек:
жоғары ашылатын артқы есігі бар Седан (АА).
АС Универсал (жүк-жолаушы шанақты): ISO
3833:1997 стандарты, N 3.1.1.4 ереже
АD Купе: ISO 3833:1997 стандарты, N 3.1.1.5 ереже
АЕ Кабриолет:
ISO 3833:1997 стандарты, N 3.1.1.4.6 ереже
АF Көпмақсатты көлік құралы:
АА-АС кодификациясында көрсетілмеген және бір
бөлімде жолаушыларды және олардың багаждарын
немесе жүктерді тасымалдауға арналған автокөлік
құралы. Алайда мұндай көлік құралы төмендегі екі
талапқа сәйкес келсе, М 1 санатындағы көлік
құралы деп есептелмейді;
Жүргізушінің орнынан басқа отыруға арналған
орындар алтаудан аспаса,
егер көлік құралы орындықтарға арналған "қол жетімді" бекітулермен жабдықталса, "отыруға арналған орын" бар деп есептеледі,
"қол жетімді" деп пайдаланылуы
мүмкін бекітулер түсініледі.
Бекітулер "қол жетімді" болмауы үшін, дайындаушы зауыт олардың пайдаланылуына физикалық кедергі келтіруі тиіс, мысалы оларға түйісу бастырмаларын дәнекерлеу арқылы немесе


әдеттегі құрал-жабдықтардың көмегімен алынуы
мүмкін емес осындай қозғалмайтын бекітілген
бөлшектер орнату арқылы, және
Р-(М + N x 68)> N х 68,
Мұнда:
Р - техникалық жағынан рұқсат етілетін ең жоғары
жүкті салмағы, кг;
М - жарақталған күйдегі салмағы, кг
N - жүргізушінің орнын қоспағанда отыруға
арналған орындар саны;


2) Ерекше мақсаттағы көлік құралдары (М 1 )
SА Автомобиль-үй: 4-тармақ, 1) тармақшаны
қараңыз.
SВ Бронды көлік құралы: 4-тармақ, 2) тармақшаны
қараңыз.
SС Медициналық көмек көлік құралы: 4-тармақ, 3)
тармақшаны қараңыз.
SD Катафлак: 4-тармақ, 4) тармақшаны қараңыз.


  "Автокөлік құралдарының
қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар" техникалық
регламентіне
2-қосымша

      Осы Техникалық регламенттің мақсаттары үшін қолданылатын БҰҰ ЕЭК ережелерінің тізбесі

      1. БҰҰ ЕЭК ережелері N 1 Жақын және/немесе алыс жарықтардың асимметриялы сәулелерін беретін және R2 және/немесе НS1 санатындағы қыздыру шамдарымен жарақталған автомобиль шамдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      2. БҰҰ ЕЭК ережелері N 2 Жақын және/немесе алыс жарықтардың немесе осы қос сәуленің асимметриялы сәулелерін беретін шамдарда пайдаланылатын электр қыздыру шамдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      3. БҰҰ ЕЭК ережелері N 3 Механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне арналған жарық қайтарушы құрылғыларды ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      4. БҰҰ ЕЭК ережелері N 4 Автокөлік құралдарының (мотоциклдерді қоспағанда) және олардың тіркемелерінің артқы нөмірлік белгісін жарықтандыруға арналған құрылғыларды ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      5. БҰҰ ЕЭК ережелері N 5 Еуропалық асимметриялы жақын және/немесе алыс жарық оттарымен бірге автомобиль шамдарын ("sealed beam"-SВ) ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      6. БҰҰ ЕЭК ережелері N 6 Механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің бұрылу көрсеткіштерін ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      7. БҰҰ ЕЭК ережелері N 7 Механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің астыңғы шамдарын, артқы (бүйір) габаритті оттарын, тоқта-сигналдарын және контурлық оттарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      8. БҰҰ ЕЭК ережелері N 8 Галогенді қыздыру шамдарымен (Н1, Н2, Н3, НВ3, НВ4, Н7, Н8, Н9, НІR1, НІR2 және/немесе Н11 шамдары) бірге пайдалануға арналған жақын және/немесе алыс жарықтардың асимметриялы оттары бар автомобиль шамдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      9. БҰҰ ЕЭК ережелері N 9 Олар шығаратын шуға байланысты үш дөңгелекті көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      10. БҰҰ ЕЭК ережелері N 10 Электромагнитті үйлесімділігіне байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      11. БҰҰ ЕЭК ережелері N 11 Құлыптары мен есіктерін бекіту қондырғыларына байланысты автокөлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      12. БҰҰ ЕЭК ережелері N 12 Жүргізушіні рульдік басқару жүйесіне соғылудан қорғауға байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      13. БҰҰ ЕЭК ережелері N 13 Тежеуге байланысты М, N және О санатындағы көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      14. БҰҰ ЕЭК ережелері N 13-Н Тежеуге байланысты жеңіл автомобильдерді ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      15. БҰҰ ЕЭК ережелері N 14 Қауіпсіздік белдіктерін бекітуге арналған құрылғыларға байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      16. БҰҰ ЕЭК ережелері N 15 Ластайтын газ тәрізді заттар шығаратын қозғалтқыштарға - мәжбүрлі оталатын қозғалтқыш қуатын өлшеу әдісіне, көлік құралдарының отын жұмсауын өлшеу әдісіне байланысты мәжбүрлі оталатын қозғалтқышы немесе сығылудан оталатын қозғалтқышы бар көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      17. БҰҰ ЕЭК ережелері N 16 Мыналарды:

      I. Механикалық көлік құралдарының жолаушылары мен жүргізушілеріне арналған қауіпсіздік белдіктерін және ұстап қалу жүйелерін

      II. Қауіпсіздік белдіктерімен жарақталған көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      18. БҰҰ ЕЭК ережелері N 17 Отырғыштарына, олардың бекітілуіне және бас сүйеуіштеріне байланысты автокөлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      19. БҰҰ ЕЭК ережелері N 18 Автокөлік құралдарын рұқсатсыз пайдаланудан қорғауға байланысты оларды ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      20. БҰҰ ЕЭК ережелері N 19 Автокөлік құралдарына арналған тұманға қарсы шамдарды ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      21. БҰҰ ЕЭК ережелері N 20 Галогенді қыздыру шамдарымен (Н4 шамы) бірге пайдалануға арналған жақын және/немесе алыс жарықтардың асимметриялы оттары бар автомобиль шамдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      22. БҰҰ ЕЭК ережелері N 21 Автокөлік құралдарын олардың ішкі жабдығына байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      23. БҰҰ ЕЭК ережелері N 23 Механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің артқы шамдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      24. БҰҰ ЕЭК ережелері N 24 Мыналарға:

      I. Көрінетін ластайтын заттардың шығарындыларына байланысты сығылудан оталатын қозғалтқыштарды ресми бекітуге

      II. Оларға конструкция түрі бойынша ресми бекітілген сығылудан оталатын қозғалтқыштарды орнатуға байланысты автокөлік құралдарын ресми бекітуге

      III. Көрінетін ластайтын заттардың шығарындыларына байланысты сығылудан оталатын қозғалтқышы бар автокөлік құралдарын ресми бекітуге

      IV. Сығылудан оталатын қозғалтқыштардың қуатын өлшеуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      25. БҰҰ ЕЭК ережелері N 25 Автокөлік құралдарының орындықтарына орнатылған немесе орнатылмаған бас сүйеуіштерін ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      26. БҰҰ ЕЭК ережелері N 26 Автокөлік құралдарының сыртқы шығыңқыларына байланысты оларды ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      27. БҰҰ ЕЭК ережелері N 27 Ескертетін үшбұрыштарды ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      28. БҰҰ ЕЭК ережелері N 28 Дыбыс сигнал аспаптарын және олардың дыбыстық сигнализация беруіне байланысты автомобилдерді ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      29. БҰҰ ЕЭК ережелері N 29 Жүк көлік құралының кабинасындағы адамдарды қорғауға байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      30. БҰҰ ЕЭК ережелері N 30 Автомобильдер мен олардың тіркемелеріне арналған шиналарды ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      31. БҰҰ ЕЭК ережелері N 31 Жақын және/немесе алыс жарықтарының асимметриялы оттары (шамдары) (НSВ) бар галогенді оптикалық элементтерді білдіретін автомобиль шамдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      32. БҰҰ ЕЭК ережелері N 32 Көлік құралдары конструкциясының оларды артынан соққан жағдайдағы әрекетіне байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      33. БҰҰ ЕЭК ережелері N 33 Көлік құралдары конструкциясының оларды бетпе-бет соққан жағдайдағы әрекетіне байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      34. БҰҰ ЕЭК ережелері N 34 Өрттің туындау қаупін болдырмауға байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      35. БҰҰ ЕЭК ережелері N 35 Басқару басқыштарын орналастыруға байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      36. БҰҰ ЕЭК ережелері N 36 Жалпы конструкциясы үлкен сыйымдылықты жолаушылар көлігі құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      37. БҰҰ ЕЭК ережелері N 37 Механикалық көлік құралдарында және олардың тіркемелерінде ресми бекітілген оттарды пайдалануға арналған қыздыру шамдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      38. БҰҰ ЕЭК Ережелері N 38 Механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің тұманға қарсы артқы оттарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      39. БҰҰ ЕЭК ережелері N 39 Көлік құралдарының жылдамдықты өлшеу тетіктеріне, оларды орнатуды қоса алғанда, байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      40. БҰҰ ЕЭК ережелері N 40 Көлік құралдарының оларға орнатылатын алдыңғы және артқы қорғаныш қондырғыларына (бамперлерді және т.б.) байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      41. БҰҰ ЕЭК ережелері N 43 Қауіпсіз әйнек материалдарын және оларды көлік құралдарына орнатуды ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      42. БҰҰ ЕЭК ережелері N 44 Автокөлік құралдарындағы балаларды ұстап қалуға арналған қондырғыларды (балаларды ұстап қалу қондырғылары) ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      43. БҰҰ ЕЭК ережелері N 45 Шамдарды тазалауға арналған қондырғыларды, сондай-ақ шамдарды тазалауға арналған қондырғыларға байланысты механикалық көлік құралдарын бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      44. БҰҰ ЕЭК ережелері N 46 Артқы көрініс айнасын және механикалық көлік құралдарына артқы көрініс айнасын орналастыруға байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      45. БҰҰ ЕЭК ережелері N 48 Жарықтандыру қондырғылары мен жарық сигнализациясын орнатуға байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      46. БҰҰ ЕЭК ережелері N 49 Сығылудан оталатын қозғалтқыштарды және табиғи газбен жұмыс істейтін қозғалтқыштарды, сондай-ақ сұйытылған мұнай газымен жұмыс (СМГ) істейтін мәжбүрлі оталатын қозғалтқыштарды және сығылудан оталатын қозғалтқыштармен, табиғи газбен жұмыс істейтін қозғалтқыштармен және сұйытылған мұнай газымен (СМГ) жұмыс істейтін мәжбүрлі оталатын қозғалтқыштармен жабдықталған көлік құралдарын олар шығаратын ластайтын заттарға байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      47. БҰҰ ЕЭК ережелері N 51 Кем дегенде төрт дөңгелегі бар автокөлік құралдарын олардың шу шығаруына байланысты ресми тіркеуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      48. БҰҰ ЕЭК ережелері N 52 М2 және М3 санатындағы аз орынды көлік құралдарын олардың жалпы конструкциясына байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      49. БҰҰ ЕЭК ережелері N 54 Жүк автокөліктерінің және олардың тіркемелерінің шиналарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      50. БҰҰ ЕЭК ережелері N 55 Көлік құралдары құрамдарының тіркемелі қондырғыларының механикалық бөлшектерін ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      51. БҰҰ ЕЭК ережелері N 58 Мыналарды:

      III. Артқы қорғаныш қондырғыларын

      IV. Артқы қорғаныш қондырғыларының ресми бекітілген үлгісіне байланысты көлік құралдарын

      V. Олардың артқы қорғанышына байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      52. БҰҰ ЕЭК ережелері N 59 Тұншықтырғыштың ауыспалы жүйелерін ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      53. БҰҰ ЕЭК ережелері N 61 Жүргізуші кабинасының артқы панелінің алдында орналасқан сыртқы шығыңқыларға байланысты жүк көлігі құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      54. БҰҰ ЕЭК ережелері N 64 Уақытша пайдалануға арналған қосалқы дөңгелектермен/шиналармен жабдықталған көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      55. БҰҰ ЕЭК ережелері N 65 Автокөлік құралдарына арналған арнайы ескертетін оттарды ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      56. БҰҰ ЕЭК ережелері N 66 Ірі габаритті жүк көлігі құралдарын олардың конструкциясының үстіңгі бөлігінің беріктігіне байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      57. БҰҰ ЕЭК ережелері N 67 Мыналарға:

      I. Қозғалтқыштары сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін механикалық көлік құралдарының арнайы жабдықтарын ресми бекітуге

      II. Сұйытылған мұнай газын отын ретінде пайдалану үшін арнайы жабдықпен жабдықталған көлік құралдарын осындай жабдықтарды орнатуға байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      58. БҰҰ ЕЭК ережелері N 68 Автокөлік құралдарын, тек электр қозғалтқышпен жабдықталған көлік құралдарын қоса алғанда, олардың ең жоғары жылдамдығын өлшеуге байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      59. БҰҰ ЕЭК ережелері N 70 Ұзындығы мен жүк көтерімділігі үлкен көлік құралдарына арналған артқы тану белгілерін ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      60. БҰҰ ЕЭК ережелері N 73 Жүк көлігі құралдарын, тіркемелерді және жартылай тіркемелерді олардың бүйірлік қорғаныштарына байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      61. БҰҰ ЕЭК ережелері N 77 Механикалық көлік құралдарының тұрғанда қосатын фонарьларын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      62. БҰҰ ЕЭК ережелері N 79 Көлік құралдарын олардың рульдік басқару тетіктеріне байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      63. БҰҰ ЕЭК ережелері N 80 Ірі габаритті жолаушылар көлігі құралының орындықтарын ресми бекітуге және осы көлік құралдарын олардың орындықтарының және бекіткіштерінің беріктігіне байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      64. БҰҰ ЕЭК ережелері N 83 Қозғалтқыштарына қажетті отынға байланысты ластайтын заттардың шығарындыларына қарай көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      65. БҰҰ ЕЭК ережелері N 84 Іштен жану қозғалтқышымен жабдықталған жол көлік құралдарын олардың отынды тұтынуын өлшеуге байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      66. БҰҰ ЕЭК ережелері N 85 іштен жану қозғалтқыштарын және М және N санатындағы механикалық көлік құралдарын қозғалысқа келтіруге арналған электрлі тартқыш жүйелерді олардың пайдалы қуаты мен электрлі тартқыштың ең жоғары 30-минуттық қуатын өлшеуге байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      67. БҰҰ ЕЭК ережелері N 8 Механикалық көлік құралдарының күндізгі жүріс оттарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      68. БҰҰ ЕЭК ережелері N 89 Мыналарды:

      I. Көлік құралдарын олардың ең жоғары жылдамдығын немесе олардың жылдамдығын шектеудің реттелетін функциясына байланысты

      II. Жылдамдықты шектеу қондырғыларын (ЖШҚ) орнатуға және олардың жылдамдығын шектеудің реттелетін қондырғысының ресми бекітілген үлгісіне байланысты көлік құралдарын

      III. Жылдамдықты шектеу қондырғыларын {ЖШҚ) және жылдамдықты шектеудің реттелетін қондырғысын (ЖШРҚ) ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      69. БҰҰ ЕЭК ережелері N 90 Механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне арналған жинақталған ауыспалы тежеу бастырмаларын және барабанды тежеуіштердің бастырмаларын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      70. БҰҰ ЕЭК ережелері N 91 Механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне арналған бүйір габаритті фонарьларды ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      71. БҰҰ ЕЭК ережелері N 93 Мыналарды:

      I. Алдыңғы сырғанауға қарсы қорғаныш қондырғыларын (АСҚҚҚ)

      II. АСҚҚҚ-ның ресми бекітілген үлгісін орнатуға байланысты көлік құралдарын

      III. Оларды алдыңғы сырғанауға қарсы қорғаныштарына (АСҚҚҚ) байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге байланысты біркелкі ұйғарымдар

      72. БҰҰ ЕЭК ережелері N 94 қарсы соғылған жағдайда жүргізуші мен жолаушыны қорғауға байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      73. БҰҰ ЕЭК ережелері N 95 бүйірден соққан жағдайда жүргізуші мен жолаушыны қорғауға байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      74. БҰҰ ЕЭК ережелері N 97 Көлік құралдарының және механикалық көлік құралдарының сигнализация жүйелерін (КҚСЖ) олардың сигнализация жүйелеріне байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      75. БҰҰ ЕЭК ережелері N 98 Механикалық көлік құралдарының газ сейілткіш жарық көздері бар шамдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      76. БҰҰ ЕЭК ережелері N 99 Механикалық көлік құралдарының ресми бекітілген газ сейілткіш оптикалық элементтерінде пайдалануға арналған газ сейілткіш жарық көздерін ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      77. БҰҰ ЕЭК ережелері N 100 Аккумуляторлы электромобильдерді конструкциясына, функциялық қауіпсіздігіне және сутегі шығарылымдарына қойылатын нақты талаптарға байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      78. БҰҰ ЕЭК ережелері N 101 Іштен жанатын қозғалтқышпен жабдықталған жеңіл автомобильдерді екі көміртегі тотығы шығарындыларының көлемін және отынның жұмсалуын өлшеуге байланысты, сондай-ақ электр тоғысымен жабдықталған М1 және N1 санатындағы көлік құралдарын электр энергиясының жұмсалуын және жүріс қорын өлшеуге байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      79. БҰҰ ЕЭК ережелері N 102 Мыналарды:

      I. Қысқартылған тіркеу қондырғысын (ҚТҚ)

      II. Көлік құралдарын ҚТҚ-ның ресми бекітілген үлгісін орнатуға байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      80. БҰҰ ЕЭК ережелері N 103 Механикалық көлік құралдарына арналған ауыспалы каталиттік бейтараптандырғыштарды ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      81. БҰҰ ЕЭК ережелері N 104 Ұзындығы мен жүк көтерілімділігі үлкен көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне арналған жарық қайтарғыш таңбаларды ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      82. БҰҰ ЕЭК ережелері N 105 Қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарын конструкциялық ерекшеліктеріне байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      83. БҰҰ ЕЭК ережелері N 107 Сыйымдылығы үлкен екі қабатты көлік құралдарын жалпы конструкциясына байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      84. БҰҰ ЕЭК ережелері N 108 Автокөлік құралдарына және олардың тіркемелеріне арналған қалпына келтірілген сүйеуіші бар пневматикалық шиналардың өндірісіне байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      85. БҰҰ ЕЭК ережелері N 109 Жеке пайдаланылмайтын көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне арналған қалпына келтірілген сүйеуіші бар пневматикалық шиналардың өндірісін ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      86. БҰҰ ЕЭК ережелері N 110 Мыналарды:

      I. Қозғалтқыштары сығылған табиғи газбен жұмыс істейтін механикалық көлік құралдарының арнайы жабдықтарының элементтерін (СТГ)

      II. Қозғалтқыштарында сығылған газды (СТГ) пайдалануға арналған ресми бекітілген үлгідегі арнайы жабдықтың элементтерін орнатуға байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге арналған

      87. БҰҰ ЕЭК ережелері N 111 Аунап кетуге тұрақтылығына байланысты N және О санаттағы автошамдарды ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      88. БҰҰ ЕЭК ережелері N 112 Қыздыру шамдарымен бірге пайдалануға арналған алыс және жақын жарықтардың асимметриялы оттары бар автомобиль шамдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      89. БҰҰ ЕЭК ережелері N 113 Жақын немесе алыс жарықтың немесе қос жарықтың симметриялы сәулелерін шығаратын және қыздыру шамдарымен жарақталған автомобиль шамдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      90. БҰҰ ЕЭК ережелері N 114 Мыналарды:

      I. Ауыспалы қауіпсіздік жастықтарына арналған қауіпсіздік жастықтарының модульдерін

      II. Ресми бекітілген үлгідегі қауіпсіздік жастығының модулімен жарақталған ауыспалы рульдік дөңгелекті

      III. Рульдік дөңгелектен тыс орнатылатын қауіпсіздік жастығының ауыспалы жүйесін ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      91. БҰҰ ЕЭК ережелері N 115

      I. Қозғалтқыштарында СМГ пайдаланылатын механикалық көлік құралдарына орнатуға арналған СМГ-ның (сұйытылған мұнай газдары) арнайы модификациялау жүйелерін

      II. Қозғалтқыштарында СТГ пайдаланылатын механикалық көлік құралдарына орнатуға арналған СТГ-ның (сығымдалған табиғи газдары) арнайы модификациялау жүйелерін ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      92. БҰҰ ЕЭК ережелері N 116 Автокөлік құралдарын рұқсатсыз пайдаланудан қорғауға қатысты біркелкі ұйғарымдар

      93. БҰҰ ЕЭК ережелері N 117 Дөңгелеу кезінде олар шығаратын шуға байланысты шиналарды ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      94. БҰҰ ЕЭК ережелері N 118 Механикалық көлік құралдарының белгілі бір санаттарындағы ішкі элементтердің конструкциясында пайдаланылатын материалдардың жану сипатына қатысты біркелкі техникалық ұйғарымдар

      95. БҰҰ ЕЭК ережелері N 119 Механикалық көлік құралдарының бүйір фонарьларын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      96. БҰҰ ЕЭК ережелері N 121 Қолмен басқару органдарының, бақылау сигналдарының және индикаторлардың орналасуына байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      97. БҰҰ ЕЭК ережелері N 122 Жылыту жүйелеріне байланысты М, N және О санатындағы көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      98. БҰҰ ЕЭК ережелері N 123 Механикалық көлік құралдарының алдыңғы жарықтандыруының бейімделген жүйелерін (АЖБЖ) ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      99. БҰҰ ЕЭК ережелері N 124 Жеңіл автомобильдер мен олардың тіркемелеріне арналған дөңгелектерді ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      100. БҰҰ ЕЭК ережелері N 125 Жүргізушінің алдыңғы шолу алаңына байланысты механикалық көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

      101. БҰҰ ЕЭК ережелері N 126 Көлік құралының түпнұсқа емес жабдығы ретінде жеткізілетін багаж жылжыған кезде жолаушыларды қорғауға арналған қалқа жүйелерін ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар

  "Автокөлік құралдарының
қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар" техникалық
регламентіне
3-қосымша

      Ықтимал қауіп-қатерлерді ескере отырып, оларға қатысты

      қауіпсіздік талаптары қойылуы тиіс автокөлік құралдарының

      сипаттамалары мен конструкциялық сипаттамаларының,

      сондай-ақ құрамдас бөліктерінің тізбесі

Қауіп-қатер

Автокөлік
құралдарының
сипаттамалары мен
конструкциялық
сипаттамалары

Автокөлік
құралдарының
құрамдас
бөліктері

1

2

3

Автокөлік құралы
конструкциясының
жекелеген
элементтерінің
жетілдірілмеуі,
болмауы немесе
техникалық
ақаулары
салдарынан ЖКО
жасау қаупі

1. Тежеу жүйелерінің
тиімділігі
2. Рульдік басқару
тиімділігі
3. Жүргізуші үшін
сыртқы кеңестіктің
көрінуі
4. Автокөлік
құралының жарық
техникалық және
дыбыс сигналдарын
орнату және олардың
әрекет етуі
5. Салмақтық және
өлшемдік
сипаттамалар

1.
Жарықтандырудың
жарық аспаптары
және
сигнализациялар
2. Дыбыстық
сигнал аспаптары
3. Артқы көрініс
айналары
4. Пневматикалық
шиналар,
пневматикалық
камераларға және
шиналарға
арналған
вентильдер
5. Сүйреу-тіркеу
құрылғысы
6. Ілу және
рульдік жетек
бөліктері
7. Рульдік тетік
және рульдік
басқаруды күшейту
бөліктері
8. Дөңгелектер,
дөңгелектерді
бекіту
элементтері
9. Тежеу
қалыптары,
түтіктерді және
гидравликалық
жетек шлангаларын
қоса алғанда
тежеу жүйесінің
бөліктері
10. Фараларды
және олардың
бөліктерін
тазалауға
арналғандарды
қоса алғанда
әйнек тазалағыш-
тар
11. Ілініспелер
12. Айқартопса
біліктер
13. Ескерту
үшбұрыштары
(апаттық аялдау
белгілері)

2. Жүргізушінің
автокөлік құралын
басқару жөніндегі
өзінің
функцияларын
тиісті түрде
орындауға
қабілетсіздігі
салдарынан ЖКО
жасау қаупі

1. Жүргізушінің
кабинасы мен
жолаушылар бөлігінің
микроклиматы
2. Автокөлік
құралының қозғалыс
параметрлерін өлшеу
және тіркеу және
олар туралы
жүргізушіге хабарлау
3. Автокөлік құралын
басқару органдары
мен бақылау
құралдарының
орналасуы және
сәйкестендіру

1. Апаттық
жай-күйді
көрсеткіштер мен
датчиктер

3. ЖКО салдарынан
ауыр зардаптардың
болу қаупі

1. ЖКО процесінде
және одан кейін
тікелей туындайтын
жүргізушіні және
жолаушыларды
жарақаттайтын
әсерін автокөлік
құралы
конструкциясының
азайту қабілеті
2. Жол-көлік
оқиғасынан кейін
жүргізушіні және
жолаушыларды
эвакуациялау
мүмкіндігі
3. ЖКО кезінде
конструкцияның жол
қозғалысына басқа
қатысушыларға
физикалық әсер етуді
азайту қабілеті
4. Өрт қауіпсіздігі
5. Белгіленген
бағдарлар бойынша
жолаушылар
тасымалдайтын жалпы
пайдаланудағы
автокөлік
құралдарының
жабдықталуы және
жарақталуы

1. Қауіпсіздік
жастығын қоса
алғанда пассивті
қауіпсіздіктің
ұстап қалу жүйесі
2. Кабинаның
және шанақтың
әйнектері
3. Газбаллондық
жабдық
4. Отын бактары
және автокөлік
құралының
бортындағы отын
сақтауға арналған
өзге де жабдық
және оны
қозғалтқышқа
беруді қамтамасыз
ету
5. Орындықтар,
бас сүйеуіштер
және оларды
бекіту бөлшектері
6. Бамперлер,
қауіпсіздік
доғалары, артқы
қорғау
құрылғылары

4. Автокөлік
құралдарын
пайдалану және
оны кейіннен
кәдеге жарату
кезінде
денсаулыққа,
қоршаған ортаға
зиян келтіру қаупі

1. Отынның және оның
жану өнімдерінің
қоршаған ортаға
зиянды шығарылымда-
рының көлемі
2. Жүргізушінің
кабинасы мен
жолаушылар
бөлігіндегі ауа
көлеміндегі зиянды
заттардың құрамы
3.Шу
4. Озонды бұзатын
заттар мен
материалдарды
қолдану
5. Конструкцияда
санитарлық-эпидемио-
логиялық жағынан
зиянды және қауіпті
заттар мен
материалдарды
қолдану
6. Автокөлік құралы
конструкциясының
және ол дайындалған
материалдардың
тиімді және
экологиялық қауіпсіз
кәдеге жаратуды
қамтамасыз ету
қабілеті

1. Газбаллондық
жабдық
2. Қозғалтқыштар
мен олардың
бөліктері
3. Отын бактары
және автокөлік
құралының
бортындағы отын
сақтауға арналған
өзге де жабдық
және оны
қозғалтқышқа
беруді қамтамасыз
ету
4. Шуды
тұншықтыру және
пайдаланылған
газдарды
залалсыздандыру
жүйелері
5. Аккумуляторлық
стартерлік
батареялар
6. Жылуалмастыр-
ғыштар,
радиаторлар
7. Гидравликалық
цилиндрлер және
өздігінен түсіру
тетіктерін
гидравликалық
үйлестірушілер

5. Автокөлік
құралын пайдалану
салдарынан
радиоберу
құрылғылары мен
радиоэлектрондық
аппаратураның
жұмысында
кедергілердің
туындау қаупі

Конструкция
бөліктерінің
электормагниттік
үйлесімділігі


6. Автокөлік
құралын рұқсат
етілмеген
пайдалану қаупі

Автокөлік құралын
рұқсат етілмеген
пайдалануды
болдырмау

Күзет
сигнализациясы

7. Электромобиль-
дер мен
троллейбустарды
пайдалану кезінде
электр тогымен
зақымдану қаупі

Электромобильдер
мен троллейбустардың
электр қауіпсіздігі


  "Автокөлік құралдарының
қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар" техникалық
регламентіне
4-қосымша

      Автокөлік құралдарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың (басшылықтың) мазмұнына қойылатын талаптар

      Автокөлік құралын пайдалану жөніндегі дайындаушының нұсқаулығында (басшылығында) осы нұсқаулық (басшылық) қоса беріліп отырған нақты көлік құралы үшін:

      1. Дайындаушы автокөлік құралын қауіпсіз пайдалануға кепілдік беретін атмосфералық ауа температурасының диапазоны.

      2. Автокөлік құралының ең төменгі пайдалану ресурсы (жүріп өткен қашықтығы немесе жұмысы бірлікпен).

      3. Олардың пайдалану ресурсы автокөлік құралы үшін пайдаланушы белгілеген ең төмен пайдалану ресурсынан кем болмауы тиіс кепілдік берілген төзімділік компоненттері.

      4. Автокөлік құралын автокөлік құралының пайдалану қауіпсіздігі оларға байланысты компоненттермен комплектациялау.

      5. Пайдалану қауіпсіздігін сипаттайтын параметрлердің номиналды (бастапқы) және шекті мәндері және оларды тексеру тәртібі.

      6. Номиналды (бастапқы) және шекті мәндері көрсетілген реттеу параметрлері.

      7. Олардың мерзімділігі және орындау шарттары көрсетілген шығар алдындағы бақылау операциялары.

      8. Автокөлік құралын қауіпсіз басқару жөніндегі шаралар.

      9. Олардың туындауы жол-көлік оқиғасы қаупімен байланысты автокөлік құралының ерекше қауіпті ақаулары.

  "Автокөлік құралдарының
қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар" техникалық
регламентіне
5-қосымша

      Дайындаушы табличкасының конструкциялық орындалуына қойылатын талаптар

      1. Дайындаушының табличкасы тікбұрышты нысанда болуы және оның өлшемдері осы Техникалық регламенттің 9-тармағының 3) тармақшасының талаптарына сәйкес ақпарат орналастыруға мүмкіндік беруі тиіс.

      2. Дайындаушының табличкасы автокөлік құралының оны пайдалану процесінде ауыстыруға жатпайтын оқу үшін жеңіл қолжетімді жерінде орналасуы керек.

      3. Дайындаушының табличкасындағы ақпарат нақты және өшірілуін болдырмайтын тәсілмен жазылуы керек.

      4. Дайындаушының табличкасына жазба жазу үшін пайдаланылатын шрифтің көлемі кем дегенде 4 мм болуы тиіс.

  "Автокөлік құралдарының
қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар" техникалық
регламентіне
6-қосымша

      Автокөлік құралына қатысты типті мақұлдау рәсімі (жалпы жағдай)

      Ескерту. 6-қосымша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.07.21. N 1109 Қаулысымен.

  "Автокөлік құралдарының
қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар" техникалық
регламентіне
7-қосымша

      Еуропа Одағы елдерінде көлік құралдарына қатысты қолданылатын

      Еуропалық Одақ (ЕО) директиваларының тізбесі және олардың

      БҰҰ ЕЭК ережелеріне баламалылығы жөніндегі мәліметтер

N

Реттеу мәні

ЕО директи-
васының
нөмірі

БҰҰ ЕЭК
балама
ереже-
лерінің
нөмірі

1

2

3

4

1.

Сыртқы шу деңгейі

70/157/ЕЕС

51-02
59-00

2.

Сыртқы ауаны ластайтын
шығарындылар

70/220/ЕЕС

83-03
103-00

3.

Отын бактары және артқы
қорғаныш қондырғылары

70/221/ЕЕС

58-00
34-02

4.

Рульдік басқару/руль
дөңгелегіне күш салу

70/311/ЕЕС

79-01

5.

Есіктің құлыптары және
ілмектері

70/387/ЕЕС

11-02

6.

Дыбыс сигналдары

70/388/ЕЕС

28-00

7.

Артқа шолу

71/127/ЕЕС

46-01

8.

Тежеу қасиеттері

71/320/ЕЕС

13-09
13Н-00
90-01

9.

Радиоқабылдауға кедергілерді
басу/ электромагнитті
үйлесімділік

72/245/ЕЕС

10-02

10.

Дизельдердің түтінділігі

72/306/ЕЕС

24-03

11.

Ішкі жабдықтың жарақаттау
қауіпсіздігі

74/60/ЕЕС

21-01

12.

Айдап әкетуге қарсы
қондырғылар және
иммобилайзерлер

74/61/ЕЕС

18-02
97-00

13.

Рульдік басқарудың
жарақаттау қауіпсіздігі

74/297/ЕЕС

12-03

14.

Орындықтардың беріктігі

74/408/ЕЕС

17-06
80-01

15.

Сыртқы шығыңқылардың
жарақаттау қауіпсіздігі

74/483/ЕЕС

26-02

16.

Спидометрлер

75/443/ЕЕС

39-00

17.

Қауіпсіздік белдіктерін
бекіту орындары

76/115/ЕЕС

14-04

18.

Жарық техникалық
қондырғыларын орнату

76/756/ЕЕС

48-01

19.

Жарық қайтарғыштар

76/757/ЕЕС

3-02

20.

Алдыңғы, артқы және
бүйірдегі габаритті оттар,
тежеу сигналдары, күндізгі
жүріс оттары

76/758/ЕЕС

7-02
87-00
91-00

21.

Бұрылуды көрсеткіштер

76/759/ЕЕС

6-01

22.

Артқы тіркеу белгісін
жарықтандыру фонарьлары

76/760/ЕЕС

4-00

23.

Шамдар

76/761/ЕЕС

1-01
5-02
8-04
20-02
31-02
37-03
98-00
99-00

24.

Тұманға қарсы алдыңғы шамдар

76/762/ЕЕС

19-02

25.

Тұманға қарсы артқы шамдар

77/538/ЕЕС

38-00

26.

Артқы жүріс шамдары

77/539/ЕЕС

23-00

27.

Тұру оттары

77/540/ЕЕС

77-00

28.

Қауіпсіздік белдіктері

77/541/ЕЕС

16-04
44-03

29.

Бас сүйеуіштер

78/932/ЕЕС

25-04

30.

СО 2 шығарындылары/ Отынның
жұмсалуы

80/1268/ЕЕС

101-00

31.

Қозғалтқыш қуаты

80/1269/ЕЕС

85-00

32.

Дизельдердің шығарындылары

88/77/ЕЕС

49-02

33.

Бүйірден қорғау

89/297/ЕЕС

73-00

34.

Қауіпсіз әйнектеу

92/22/ЕЕС

43-00

35.

Шиналар

92/23/ЕЕС

30-02
54-00
64-00

36.

Жылдамдықты шектеуіштер

92/24/ЕЕС

89-00

37.

Автобустар

2001/85/ЕС

36-03
52-01
66-00

38.

Фронтальды соққы кезінде
жүргізуші мен жолаушыларды
қорғау

96/79/ЕС

94-00

39.

Бүйірден соққан кезде
жүргізуші мен жолаушыларды
қорғау

96/27/ЕС

95-00

40.

Алдыңғы қорғаныш

2000/40/ЕС

93-00

41.

Тіркелу қондырғылары

94/20/ЕС

55-01

42.

Сыртқы шығыңқылардың
жарақаттау қауіпсіздігі

92/114/ЕЕС

61-00


      Ескертпе:

      редакцияда, "БҰҰ ЕЭК балама ережелерінің нөмірі" бағанында көрсетілген түзетулер серияларынан бастап БҰҰ ЕЭК ережесі тиісті ЕО директиваларына балама болып табылады.