"2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы" облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 3/24 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Маңғыстау облысының мәслихатының 2008 жылдың 16 мамырдағы N 5/68 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2008 жылдың 16 мамырында N 2012 тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2009.02.11 N 11-14 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының ставкалары туралы" 2008 жылғы 26 ақпандағы N 6-9 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылы 3 наурызда N 3001 тіркелген, "Приуралье" газетінде 2008 жылғы 8 наурыздағы N 29-30 және "Орал өңірі" газетінде 2008 жылғы 13 наурыздағы N 31 жарияланған) төмендегі өзгерістер енгізілсін:
      3 тармақ "мемлекеттік тіркеуден кейінгі" деген сөздер "алғашқы ресми жарияланған күннен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы
      Облыстық мәслихат хатшысы