Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 15/4-ІV "Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы туралы" шешіміне өзгерту енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 51/8-ІV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 3 наурызда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 492 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 416/54-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2010.12.13 N 416/54-IV шешімімен

      Астана қаласы әкімдігінің азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы Қағидасына өзгертулер енгізу туралы ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 6-бабын және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Заңның 8-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 15/4-ІV "Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 05 қарашада 476 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 08 қарашада N 183, 2007 жылғы 10 қарашада N 184 "Астана хабары", 2007 жылғы 06 қарашада N 177, 2007 жылғы 10 қарашада N 179 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:
      Осы шешіммен бекітілген Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасында :
      6-тармақтағы "2007 жылдың 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді және 2008 жылғы 1 қаңтарда туындаған қатынастарға қолданылады.

      Астана қаласы мәслихатының
      сессия төрағасы

      Астана қаласы мәслихатының
      хатшысы