Азық-түлікке бағалардың қымбаттануына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы туралы

Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 15/4-ІV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2007 жылғы 5 қарашада нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 476 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 416/54-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2010.12.13 N 416/54-IV шешімімен

      Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 6-бабын және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Заңның 8-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 198/31-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      1. Қоса берілген азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Астана қаласы
      мәслихатының сессия төрағасы

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы

Астана қаласы мәслихатының 
2007 жылғы 17 қазандағы  
N 15/4-IV шешімімен  
бекітілген       

Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету
ҚАҒИДАСЫ

      1. Осы Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекке қосымша шаралар көрсету мақсатында әзірленді.

      2. Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек (бұдан әрі - Әлеуметтік көмек) Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтардың мына санаттарына:
      1) алынып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 2009.09.18 N 250/38-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      2) жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға;
      3) 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушы отбасылар санынан, 18 жасқа дейінгі балаларға;
      4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға ұсынылады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 198/31-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз), 2009.09.18 N 250/38-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімдерімен.
      2-1. Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген бірнеше санатқа жататын тұлғаларға Әлеуметтік көмек тек бір негіздеме бойынша төленеді.
      Ескерту. Қағида 2-1 тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2009.09.18 N 250/38-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      3. Әлеуметтік көмектің қаржыландыру көзі Астана қаласының бюджеті болып табылады.

      4. Әлеуметтік көмек "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Әкімгер) әкiмгер болып табылатын "Жергiлiктi өкiлетті органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер" бюджеттік бағдарламасына сәйкес және қала бюджетінде осы мақсаттарға көзделген қаражаттар шегінде ұсынылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.09.18 N 250/38-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының Астана қаласының қалалық филиалы ай сайын Қағиданың 2-тармағында көрсетілген санаттарға жататын азаматтар туралы мәліметтерді Әкімгерге ұсынады (электрондық және қағаздық жеткізушілерде).

      6. Әлеуметтік көмек ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай қаражаттарды Астана қаласының екінші деңгейдегі банктері бөлімшелеріндегі алушылардың дербес немесе карталық шоттарына аудару арқылы жүргізіледі.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2008.01.30 N 51/8-ІV (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді), 2008.04.24 N 79/14-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімдерімен.