Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банкке еншiлес ұйым құруға немесе ие болуға рұқсат беру, сондай-ақ ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру ережесiн бекiту және Қаз

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 206 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 8 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5477 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 91 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі-Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Банкке еншiлес ұйым құруға немесе ие болуға рұқсат беру, сондай-ақ ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру ережесiн бекiту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгерiстер енгiзу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4079 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық кесімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 76 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4670 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 5 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5141 тіркелген) енгізілген толықтыруларымен бірге мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      атауындағы "Банкке еншiлес ұйым құруға немесе ие болуға рұқсат беру, сондай-ақ ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру ережесін" деген сөздер "Банкке еншiлес ұйым құруға немесе ие болуға рұқсат беру, сондай-ақ ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, банктің еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, сондай-ақ банктің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу ережесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Банкке еншiлес ұйым құруға немесе ие болуға рұқсат беру, сондай-ақ ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, банктің еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, сондай-ақ банктің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу ережесi бекітілсін.";
      көрсетілген қаулымен бекітілген Банкке еншiлес ұйым құруға немесе ие болуға рұқсат беру, сондай-ақ ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру ережесiнде:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
       "Банкке еншiлес ұйым құруға немесе ие болуға рұқсат беру, сондай-ақ ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, банктің еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, сондай-ақ банктің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу ережесi";

      кіріспеде "рұқсат беру" деген сөздерден кейін "банктің еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, сондай-ақ банктің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта "берiлген" деген сөзден кейін "және кері қайтарып алынған" деген сөздермен толықтырылсын;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Банк уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда үш ай мерзiмінде өзіне тиесiлi еншiлес ұйымның акцияларын (қатысу үлестерiн) осы банкпен ерекше қатынаста байланысы жоқ тұлғаларға бередi және растайтын құжаттарды уәкiлеттi органға табыс етеді.
      Банк өзіне қатысы жоқ себептер бойынша еншілес ұйымға бақылау құқығын иеленген жағдайда, банк осы факті анықталған сәттен бастап, бір айлық мерзімде Заңның 11-1-бабының 3-тармағымен көзделген құжаттарды еншілес ұйымды иеленуге уәкілетті органның рұқсатын алу үшін ұсынады.";
      мынадай мазмұндағы 10-2-тармақпен толықтырылсын:
      "10-2. Банк қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда үш ай мерзімінде өзіне тиесілі акцияларын (қатысу үлестерiн) осы банкпен ерекше қатынаста байланысы жоқ тұлғаларға бередi және растайтын құжаттарды уәкiлеттi органға табыс етеді.
      Егер банк банкке қатысы жоқ себептер бойынша қомақты қатысуды иеленсе, ол осы факті анықталған сәттен бастап, бір айлық мерзімде Заңның 11-1-бабының 10-тармағымен көзделген құжаттарды уәкілетті органның тиісінше рұқсатын алу үшін ұсынады.";
      мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:

"3-1-тарау. Банктің еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, сондай-ақ банктің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатын кері қайтарып алу тәртібі

      10-3. Уәкілетті орган банктің еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, сондай-ақ банктің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатын Заңның 11-1-бабының 11-тармағымен көзделген негіздемелер бойынша кері қайтарып алады.
      10-4. Банктің еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, сондай-ақ банктің ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатын кері қайтарып алған жағдайда, банк үш ай мерзімінде өзінің жарғылық капиталына қомақты қатысуы бар еншілес ұйымның, ұйымның өзіне тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) осы банкпен ерекше қатынаста байланысты емес тұлғаларға иелігінен шығарып береді және уәкілетті органға өзіне тиесілі акцияларды (қатысу үлестерін) иеліктен шығарған күннен бастап үш күндік мерзімде растайтын құжаттарды қоса беріп, табыс етеді.";
      1-қосымшада:
      оң жақ жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

                                    "Банкке еншiлес ұйым құруға
                                    немесе ие болуға рұқсат беру,
                                    сондай-ақ ұйымдардың жарғылық
                                     капиталына қомақты қатысуға
                                  рұқсат беру, банктің еншілес ұйымды
                                   құруға немесе иеленуге, сондай-ақ
                                      банктің ұйымдардың жарғылық
                                 капиталына қомақты қатысуға берілген
                                      рұқсатты кері қайтарып алу
                                         ережесiне 1-қосымша";

      атауында "берілген" деген сөзден кейін "және кері қайтарып алынған" деген сөздермен толықтырылсын;

"

   Банктің еншілес ұйымды құруына және ие болуына берілген рұқсаттың күні және нөмірі


                        "
      деген бағаннан кейін кесте мынадай мазмұндағы бағанмен толықтырылсын:

"

   Банктің еншілес ұйымды құруына немесе ие болуына берілген рұқсатты кері қайтарып алу күні мен нөмірі


                        ";
      2-қосымшада:
      оң жақ жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

                                    "Банкке еншiлес ұйым құруға
                                    немесе ие болуға рұқсат беру,
                                    сондай-ақ ұйымдардың жарғылық
                                     капиталына қомақты қатысуға
                                  рұқсат беру, банктің еншілес ұйымды
                                   құруға немесе иеленуге, сондай-ақ
                                      банктің ұйымдардың жарғылық
                                 капиталына қомақты қатысуға берілген
                                      рұқсатты кері қайтарып алу
                                         ережесiне 2-қосымша";

      атауында "берілген" деген сөзден кейін "және кері қайтарып алынған" деген сөздермен толықтырылсын;

"

   Ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға берiлген рұқсаттың күнi және нөмiрi


                        "

      деген бағаннан кейін кесте мынадай мазмұндағы бағанмен толықтырылсын:

"

  Ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берiлген рұқсатты қайтарып алу күні және нөмiрi


                        ";

      3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

                                    "Банкке еншiлес ұйым құруға
                                    немесе ие болуға рұқсат беру,
                                    сондай-ақ ұйымдардың жарғылық
                                     капиталына қомақты қатысуға
                                  рұқсат беру, банктің еншілес ұйымды
                                   құруға немесе иеленуге, сондай-ақ
                                      банктің ұйымдардың жарғылық
                                 капиталына қомақты қатысуға берілген
                                      рұқсатты кері қайтарып алу
                                         ережесiне 3-қосымша";

      4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

                                    "Банкке еншiлес ұйым құруға
                                    немесе ие болуға рұқсат беру,
                                    сондай-ақ ұйымдардың жарғылық
                                     капиталына қомақты қатысуға
                                  рұқсат беру, банктің еншілес ұйымды
                                   құруға немесе иеленуге, сондай-ақ
                                      банктің ұйымдардың жарғылық
                                 капиталына қомақты қатысуға берілген
                                      рұқсатты кері қайтарып алу
                                         ережесiне 4-қосымша";

      5-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

                                    "Банкке еншiлес ұйым құруға
                                    немесе ие болуға рұқсат беру,
                                    сондай-ақ ұйымдардың жарғылық
                                     капиталына қомақты қатысуға
                                  рұқсат беру, банктің еншілес ұйымды
                                   құруға немесе иеленуге, сондай-ақ
                                      банктің ұйымдардың жарғылық
                                 капиталына қомақты қатысуға берілген
                                      рұқсатты кері қайтарып алу
                                         ережесiне 5-қосымша";

      6-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

                                    "Банкке еншiлес ұйым құруға
                                    немесе ие болуға рұқсат беру,
                                    сондай-ақ ұйымдардың жарғылық
                                     капиталына қомақты қатысуға
                                  рұқсат беру, банктің еншілес ұйымды
                                   құруға немесе иеленуге, сондай-ақ
                                      банктің ұйымдардың жарғылық
                                 капиталына қомақты қатысуға берілген
                                      рұқсатты кері қайтарып алу
                                         ережесiне 6-қосымша";

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      3. Банктерді қадағалау департаменті (М.С. Бөбеев):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жіберсін.
      4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

       Төрайым                                        Е. Бахмутова