Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату ережесін бекiту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 80 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 188 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5442 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 132 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.05 № 378 Қаулысымен

      "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі", "Парасат" ұлттық ғылыми-техникалық холдингі", "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамдарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі N 668 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) қосымшаға сәйкес "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамын сайлауды қамтамасыз етсін;
      2) екі ай мерзімде үш тәуелсіз директордың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

                                              Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                             2008 жылғы 27 қарашадағы
                                                 N 1091 қаулысына
                                                     қосымша

       Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.07.14. N 1068 Қаулысымен.

         "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі"
         акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің
                         құрамы

Әшімбаев                  - Қазақстан Республикасы Президентінің
Мәулен Сағатханұлы          Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісім
                            бойынша)

Бабақұмаров               - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ержан Жалбақұлы             Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары
 
Исекешев                  - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы             және сауда министрі

Құрманғалиева             - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Жанна Дулатқызы             ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы 

Өтепов                    - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Эдуард Карлович             Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
                            комитетінің төрағасы

Байжанов                  - "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі"
Ерлан Сапарұлы              акционерлік қоғамының басқарма төрағасы