Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 231 Бұйрығы

      «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 110 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 9 желтоқсандағы № 638 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 26 желтоқсанда № 5420 тіркелген, 2008 жылы 20 қаңтарда «Юридическая газета» газетінде № 8 (1605) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                   Б. Жұмағұлов