Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 27 қарашадағы N 732 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 15 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5407 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 16.09.2016 № 211 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағы 9)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 238-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, сәйкес, "Шемонаиха ауданы білім беру бөлімінің Усть-Таловка кентінің балалар өнер мектебі" КМҚК ашылуына байланысты, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шемонаиха ауданы әкімдігінің "Жоғары лауазымдық жалақылары
      белгіленген ауылдық жерлердегі жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" 2008 жылғы 16 маусымдағы № 170 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-78 нөмірімен 2008 жылғы 4 шілдеде тіркелген, 2008 жылғы 11 шілдеде "Уба-Информ" газетінің № 28 санында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      2-қосымша "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарламалар әкімгерінің, жоғары лауазымдық жалақылары белгіленген ауылдық жерлердегі жұмыс істейтін білім беру мамандары лауазымдарының тізбесі":
      тармақпен толықтырылсын:
      осы қаулының қосымшасына сәйкес "20. Оқытушы".
      2. Тізбе келісу үшін Шемонаиха ауданының мәслихатына ұсынылсын.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Шемонаиха ауданының әкімі Г. Ермолаев

  Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 25 қарашадағы
№ 300 қаулысына қосымша

"Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің жоғары лауазымдық
жалақылары белгіленген ауылдық жерлерде жұмыс істейтін білім
беру мамандарының лауазымдық тізбесі

      "20. Оқытушы".
      Шемонаиха ауданы
      білім беру бөлімінің бастығы Т. Колтунова