Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 138 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы N 169 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 11 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5400 болып енгізілді. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы N 36 Қаулысымен.

      Бағалы қағаздар рыногын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есепті құнын және акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 259 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3124 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есепті құнын және акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 259 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2008 жылғы 28 наурыздағы N 40 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5208 тіркелген) енгізілген өзгеріспен бірге мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есепті құнын және акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесі:
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      "7-1. Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенттерінің Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа түсетін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы бағалы қағаздардың эмитентімен жасалған келісімдер шеңберінде Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған борыштық бағалы қағаздардың бағалануы сатып алу құны бойынша жүзеге асырылады.".
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      3. Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде өздерінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
      4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалардың бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      5. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.А. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

       Төрайым                                           Е. Бахмутова