Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердiң аралық тарату балансының, басқа да есептерiнiң, тарату балансының нысандары және тарату комиссияларының оларды ұсыну мерзiмдерi мен тәртiбi туралы нұс

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы N 156 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 11 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5399 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 375 қаулысымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2015 № 498 бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының үшінші бөлімінің 3)3-1) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010.07.19 № 170 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      1. Қоса беріліп отырған өтініш-декларациясы тіркеу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Ғ.М. Мұхамбетов) заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                          В. Школьник

Қазақстан Республикасы      
Индустрия және сауда министрінің 
2008 жылғы 29 қазанда      
N 429 бұйрығымен         
бекітілді             

Өтініш-декларацияларды тіркеу ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, міндетті түрде сәйкестігін растауға жататын өнімге-өтініш-декларацияларды тіркеу тәртібін белгілейді.
      2. Өтініш-декларация егер аккредиттеу саласында нақты өнімнің түрі бар болған жағдайда сәйкестікті растау жөніндегі органмен орналасқан жері бойынша және импорттаушымен сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге шарт жасағаннан кейін рәсімделеді және тіркеледі.
      3. Белгіленген тәртіпте рәсімделген және тіркелген өтініш-декларациялар әкелінетін өнімнің кедендік рәсімделуі үшін ғана заңды күшке ие.
      4. Өтініш-декларациялар бойынша кедендік тазартудан өткен өнім белгіленген тәртіпте одан әрі сәйкестігін растауға жатады.

2. Өтініш-декларацияларды тіркеу тәртібі

      5. Өтініш-декларациялар сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодына сәйкес, міндетті сәйкестігін растауға жататын, нақты өнім түріне рәсімделеді.
      6. Өтініш-декларациялар өтінушінің өтініш берген күнінен:
      1) өтінім берушінің заңды мәртебесін растайтын құжаттар (жеке тұлғалар үшін – жеке куәлік немесе жеке басын куәландыратын басқа құжат, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, салық төлеушінің куәлігі, заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркелу) туралы анықтама, жарғы, статистикалық карточка, салық төлеушісінің куәлігі, қосымша құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлігі (бар болған жағдайда) басқарушыны тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі);
      2) тауарға ілеспе құжаттар (шот фактура, жүк құжат, инвойс);
      3) тауардың шығуын растайтын құжаттар;
      4) өнім қауіпсіздігін растайтын құжаттар;
      5) өнімнің нормативтік құжаттары негізінде рәсімделеді және тіркеледі.
      Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында аталған құжаттардың болмауы өтініш-декларацияны тіркеуден бас тартуға негіз бола алмайды.
      Сәйкестікті растау жөніндегі органына өтініш берушімен ұсынылатын құжаттар, мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде ұсынылады, егер ұсынылған құжаттар шет тілінде құрылған болса, оған мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды расталған аудармасы қосымша ұсынылады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010.07.19 № 170 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз), 26.02.2013 № 48 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      7. Өтініш-декларациясы сәйкестікті растау жөніндегі органымен көрсетілген бұйрықпен нысан бойынша осы Eреженің қосымшасына сәйкес ресімделеді.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010.07.19 № 170 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      8. Өтініш-декларацияларының қолдану мерзімі бір айдан аспауы керек.

3. Өтініш–декларацияларды рәсімдеуден және тіркеуден
бас тарту үшін негіздеме

      9. Сәйкестікті растау жөніндегі орган, егер бұл осы Ереже талаптарына қарсы келетін болса, өтініш-декларацияны рәсімдеуден және тіркеуден бас тартады. Бұл жағдайда сәйкестікті растау жөніндегі орган екі жұмыс күні ішінде жазбаша негізделген бас тартуды рәсімдейді.

4. Қорытынды ережелер

      10. Импорттаушы өнімді жеткізу жөнінде өзінің міндеттерін орындамаған жағдайда сәйкестікті растау жөніндегі орган өтініш-декларацияның үш жұмыс күнінің ішінде әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органның аумақтық басқармаларына хабарлайды.
      11. Сәйкестікті растау жөніндегі орган сәйкестігі расталудан өтпеген өнім және осы Ережені бұзған импорттаушы туралы ақпаратты бес жұмыс күнінің ішінде барлық мүдделі ұйымдарға береді.

Өтініш-декларациясын тіркеу
Ережесіне қосымша     

      Ескерту. Ереже қосымшамен толықтырылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010.07.19 № 170 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.

Нысан

Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі
___________________________________________________________
    (сәйкестікті растау бойынша органның атауы, мекен-жайы)
_________________________________________________________________

ӨТІНІШ-ДЕКЛАРАЦИЯ № ____ (қолдану құқығы берілмеген)

20___ж. «__»___________20___ж. «__»_________ дейін қолдануға жарамды
_________________________________________________________________
                         (кәсіпорын басшысы)
_________________________________________________________________
                      (тегі, аты, әкесінің аты)
атынан __________________________________________________________
_________________________________________________________________
            (Өтінім берушінің атауы, СТН, (ЖСН*, БСН*))
_________________________________________________________________
                           (мекен-жайы)
өзінің тікелей жауапкершілігі атынан ____________________________
                                           (өнімнің атауы)
СЭҚ ТН/КО СЭҚ ТН коды ___________________________________________
_________________________________________________________________
               (партия көлемі, тауардың ілеспе құжаттары)
_________________________________________________ әзірленген өнімнің
         (елі, кәсіпорын атауы, фирмасы)
адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі және қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, өтініш берген уақытта қолданылатын осы өнімге белгіленген _____________________________
                                       (нормативтік құжаттың атауы
                                              және белгісі)
_____________________________________________ барлық талаптарына сәйкестігін мәлімдейді және кедендік ресімдеуден соң өнімді өткізу ісін жүргізбеуді және өнімнің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін өтініш-декларацияны тіркеген сәйкестікті растау бойынша органда тіркелген күнінен бастап ________________________________________
                                       (бір айдан аспайтын)

күн ішінде белгіленген тәртіппен растайды.

      М.О. Кәсіпорын басшысы ____________________________________
                                         (қолы, Т.А.Ә)

Осы өтініш-декларация «__»_______ 20 ___ ж. № __________________ шарт
бойынша _________________________________________________________
                (сәйкестікті растау бойынша органның атауы)
______________ тіркелген және бақыланады.

      Өтінім беруші декларацияланған өнімнің сәйкестігін растау бойынша жұмыстарды жүргізуден бас тартқан жағдайда қолданыстағы заңдарға сәйкес шара қолдану үшін техникалық реттеу және метрология саласындағы өкілетті органның аймақтық органдарына ақпарат жөнелтіледі.

      М.О. Сәйкестікті растау бойынша органның басшысы
           немесе өкілетті тұлға _______________________________
                                           (қолы, Т.А.Ә)

ЖСН*, БСН* - 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап толтырылады