Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасындағы таратылатын банктердің аралықтарату балансының, басқа да есептерінің, тарату балансының нысандары және тарату комиссияларының оларды ұсыну мерзімдері мен тәртібі туралы нұсқ

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі  Басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы N 251 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 375 қаулысымен

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 131 Қаулысымен.

      ----------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

       " Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. ...
      2. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері осы қаулының қосымшасына сәйкес өздерінің күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы қаулы Нұсқаулықтың 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 39, 41-тармақтарын қоспағанда 2008 жылғы  1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. ...
      5. ...
      6. ...
      7. ...
      8. ...

      Төрайым                                   Е.Бахмутова

Қазақстан Республикасы    
Қаржы нарығын және қаржы   
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының   
2008 жылғы 22 тамыздағы   
    N 131 қаулысының қосымшасы  

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. ...
      2. ...
      3. ...
      4. ...
      5. ...
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 87 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 қарашадағы N 252 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5065 тіркелген).

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 87 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4216 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 87 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 212 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4447 тіркелген, 2006 жылы 13 желтоқсанда N 215 (1195) "Заң" газетінде жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 87 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 37 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4588 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 87 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 132 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4713 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 87 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 182 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4845 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулықта:

      20-тармақтағы "сақтандыру резервтерін қоспай" деген сөздер "қайта сақтандырушының үлесін қоспағанда" деген сөздермен ауыстырылсын және "активтермен" деген сөздің алдына "сақтандыру резервтерінің сомасына кемітілген" деген сөздермен толықтырылсын;

      26-тармақта 3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-1) "Сақтандыру төлемдерiне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының акциялары;";

      31-тармақ:
      1) тармақшаның екінші - оныншы абзацтарындағы "активтер" деген сөздің алдына "сақтандыру резервтері бойынша қайта сақтандыру активтерін алып тастағандағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-1) тармақшаның бірінші абзацындағы "ұйымының" деген сөзден кейін "сақтандыру резервтері бойынша қайта сақтандыру активтерін алып тастағандағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      2)-4) тармақшалары "активтер" деген сөздің алдына "сақтандыру резервтері бойынша қайта сақтандыру активтерін алып тастағандағы" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-қосымшада:
      "20___ жылғы "___" ___________ жағдай бойынша сапа және өтімділік олардың жіктелімін ескергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтер есебі" кестесінде 22-ші реттік нөмірлі жолдағы "Баланс бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Бағалы қағаздары барынша жоғары санат бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тізіміне енгізілген немесе "А-" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "А3" ("Moody's Investors Serviсe" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) санатынан төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар резидент емес сабақтас банктер резидент еншілес банк болып табылатын Қазақстан Республикасының бір екінші деңгейдегі банктерінің салымдарындағы инвестициялар мөлшерінің есебі - (HД1) - баланс бойынша активтер сомасының 15%-нен артық емес" кестесінде:
      кесте атауындағы "баланс бойынша" деген сөздер "сақтандыру резервтері бойынша қайта сақтандыру активтерін алып тастағандағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-баған атауындағы "баланс бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес (ипотекалық облигациялардан, "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының облигацияларынан басқа) шығарылған барынша жоғары санаты және олардың депозитарлық қолхаттары бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі бір банкінің және Қазақстан Республикасының эмитенттерінің бағалы қағаздарындағы инвестициялар мөлшерінің есебі - (HД2) - баланс бойынша активтер сомасының 10%-нен артық емес" кестесінде:
      кесте атауындағы "баланс бойынша" деген сөздер "сақтандыру резервтері бойынша қайта сақтандыру активтерін алып тастағандағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-баған атауындағы "баланс бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес (ипотекалық облигациялардағы, "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының облигацияларындағы бағалы қағаздардан басқа) шығарылған барынша жоғары және олардың депозитарлық қолхаттары санаттан кейінгі санат бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі бір банкінің және Қазақстан Республикасының эмитенттерінің бағалы қағаздарындағы инвестиция мөлшерінің есебі - (HД3) - баланс бойынша активтер сомасының 5%-нен артық емес" кестесінде:
      кесте атауындағы "баланс бойынша" деген сөздер "сақтандыру резервтері бойынша қайта сақтандыру активтерін алып тастағандағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-баған атауындағы "баланс бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының эмитенттерінің барынша жоғары және барынша жоғары санаттан кейінгі санат және олардың депозитарлық қолхаттары бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген және осы банктің банктік конгломератына кіретін эмитенттерінің бағалы қағаздарындағы инвестиция мөлшерінің есебі - (HД4) - баланс бойынша активтер сомасының 10%-нен артық емес" бірінші кестесінде:
      кесте атауындағы "баланс бойынша" деген сөздер "сақтандыру резервтері бойынша қайта сақтандыру активтерін алып тастағандағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-баған атауындағы "баланс бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының эмитенттерінің барынша жоғары және барынша жоғары санаттан кейінгі санат және олардың депозитарлық қолхаттары бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген және осы банктің банктік конгломератына кіретін эмитенттерінің бағалы қағаздарындағы инвестиция мөлшерінің есебі - (HД4) - баланс бойынша активтер сомасының 10%-нен артық емес" екінші кестесінде:
      4-баған атауындағы "баланс бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
      реттік нөмірлері 1-4-жолдардағы "баланс бойынша" деген сөздер "сақтандыру резервтері бойынша қайта сақтандыру активтерін алып тастағандағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Бір заңды тұлғаның активтерін жиынтықты орналастыру есебі - (HД4-1) - баланс бойынша активтер сомасының 20%-нан артық емес" кестесінде:
      кесте атауындағы "баланс бойынша" деген сөздер "сақтандыру резервтері бойынша қайта сақтандыру активтерін алып тастағандағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-баған және 5-баған атауларындағы "баланс бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;

      6-қосымшада:
      "20__ жылғы "___" _____ бастап 20_ жылға "___" _____ дейінгі жоғары өтімді активтер нормативі есебі" кестесінде 1-ші реттік нөмірлі жолдағы "баланс бойынша" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Қарақұлова Д.Ш.):
      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      4. Агенттіктің Төраға Қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

      Төраға