Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың Бас бухгалтерлік кітабын жасауға арналған Есепшоттары толық көрсетілген бухгалтерлік есептің үлгі есепшот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 ш

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 24 қазандағы N 85 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5375 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 81 қаулысымен

      2008 жылғы 29 - 30 қазанда Астана қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары (премьер-министрлері) кеңесінің (бұдан әрі - ШЫҰ ҮБК) отырысын өткізуге байланысты:
      1. Қоса беріліп отырған ШЫҰ ҮБК кезекті отырысын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мүдделі ұйымдар (келісім бойынша) Іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен 1+3+15 форматы бойынша ШЫҰ ҮБК өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің  2008.11.04 N 267-ө Өкімімен.
      4. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр                               К. Мәсімов

                                              Қазақстан Республикасы
                                               Премьер-Министрінің
                                             2008 жылғы 24 қазандағы
                                                 N 260-ө өкімімен
                                                    бекітілген

  Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттердің Үкімет
 басшылары (премьер-министрлері) кеңесінің кезекті мәжілісін
      дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
             2008 жылғы 30 қазан, Астана қаласы

Р/с
N

Іс-шаралар

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушы

1

2

3

4

1.

ШЫҰ ҮБК мәжілістерін шағын, кеңейтілген форматтарда, баспасөз мәслихатын, екіжақты кездесулерді өткізу үшін залдар мен үй-жайларды жалға алуды қамтамасыз ету

20 қазанға дейін

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар және протокол бөлімі

2.

Ресми делегациялардың мүшелері мен бірге жүретін адамдар үшін қонақ үйлердегі нөмірлерді брондауды (1+3 форматы бойынша) қамтамасыз ету

28 қазанға дейін

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша)

3.

ШЫҰ ҮБК аяқталған соң баспасөз мәслихатын ұйымдастыру

30 қазан

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Баспасөз қызметі

4.

1) делегациялар басшылары мен мүшелері үшін (қабылдау өткізілетін жерлерді белгілеу және безендіру, отырғызу, делегациялар үшін квоталарды келісу)
2) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан ресми қабылдауды ұйымдастыру

28 қазанға дейін

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар және протокол бөлімі, Астана қаласының әкімдігі

5.

Делегациялар басшылары үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан бейресми емес кешкі ас ұйымдастыру

28 қазанға дейін

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар және протокол бөлімі

6.

ШЫҰ ҮБК-ға қатысушылардың құрметіне ресми қабылдау кезінде Қазақстанның өнер шеберлерінің өнер көрсетуін ұйымдастыру

30 қазан

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Республикалық ұлан (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі

7.

ШЫҰ ҮБК отырыстарын бұқаралық ақпарат құрамдарында жария етуді ұйымдастыру

30 қазан

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

8.

Ресми делегациялар мен бірге жүретін тұлғаларды әуежайда, оның ішінде VІР залы арқылы қарсы алуды және шығарып салуды, шай дастарханын ұйымдастыру

Делегациялардың келу кестесіне сәйкес

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі

9.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тіркеуден өткізуді қамтамасыз ету. Отандық және шетелдік журналистердің қатысуымен халықаралық баспасөз орталығының жұмысын ұйымдастыру

20 қазанға дейін

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" акционерлік қоғамы (келісім бойынша)

10.

Арнайы ұшақтардың Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, сондай-ақ тұрағын, оларға қызмет көрсетуді және жанар-жағармай құюды қамтамасыз ету

Делегациялардың келу және кету кестесіне сәйкес

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Казақстан Республикасы Көлік және коммуннкация министрлігі, Астана қаласының әкімдігі

11.

Астана қаласының әуежайы мен көшелерін, делегациялардың жүретін бағыттарын, тұратын және болатын (бағдарлама бойынша) жерлерін кездесуге қатысушы мемлекеттердің жалауларымен безендіруді қамтамасыз ету (бағдарлама бойынша)

20 қазанға дейін

Астана қаласының әкімдігі

12.

Делегацияларға көліктік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету

29 қазан - 1 қараша

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және делегацияларға бекітілген Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволары

13.

Делегациялардың жүру бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жол полициясы машиналарының бірге жүруін қамтамасыз ету

29 қазан - 1 қараша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

14.

Күзетілетін тұлғалар мен делегациялардың әуежайда, баратын бағыттары бойынша, іс-шаралар өткізілетін және тұратын жерлерінде (бағдарлама бойынша) қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Ресми делегациялар басшыларының болу кезеңіне

Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

15.

Ресми делегациялар мүшелері мен бірге жүретін тұлғаларға медициналық қызмет көрсету

Ресми делегациялар  басшыларының болу кезеңіне

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

16.

Ресми делегациялар басшылары мен мүшелерін (форматқа сәйкес) тамақтандыруды ұйымдастыру

29-30 қазан

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Астана қаласының әкімдігі

17.

ШЫҰ ҮБК өткізілетін жерде штабтық нөмірлерді (телефон байланысымен, ұйымдастыру техникасымен, кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету) жабдықтау

28 қазанға дейін

"Қазақтелеком" акционерлік қоғамы (келісім бойынша)

18.

Іс-шаралар өткізілетін залдарды техникалық безендіру (мемлекеттік жалаулар, баннерлер, үстелге қоятын тақтайшалар мен жалаушалар, гүлдер, микрофондар, синхронды аудармаға арналған жабдықтар)

29 қазанға дейін

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрлігі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар және протокол бөлімі

19.

Ресми делегациялар мүшелері, бірге жүретін тұлғалар, протокол, баспасөз және күзет бейдждер дайындауды қамтамасыз ету

25 қазанға дейін

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша)

20.

Делегация басшылары мен мүшелері үшін сыйлық жинақтарын, кәдесыйларды дайындау

25 қазанға дейін

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар және протокол бөлімі

21.

Баспа өнімдерін дайындауды қамтамасыз ету (бағдарламалар, қабылдауға арналған шақырулар, ас мәзірі, концерттік бағдарламалар)

25 қазанға дейін

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар және протокол бөлімі

22.

Синхронды аудармамен қамтамасыз ету

30 қазан

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі