Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық компаниялардың Бас бухгалтерлік кітабын жасауға арналған Есепшоттары толық көрсетілген бухгалтерлік есептің үлгі есепшот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 27 тамыздағы N 98 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 1 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4953 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 81 қаулысымен

      "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына шаруашылық жүргізу құқығындағы мынадай еншілес мемлекеттік кәсіпорындарды құруға рұқсат берілсін:
      "Гидрометеорологиялық мониторинг орталығы", Алматы қаласы;
      "Алматы гидрометеорология орталығы", Талдықорған қаласы.
      2. "Қазгидромет" және "Қазавиамет" республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы N 185  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 7, 51-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы 14-2 және 14-3 жолдармен толықтырылсын:
      "14-2. Гидрометеорологиялық мониторинг орталығы, Алматы қаласы
      14-3. Алматы гидрометеорология орталығы, Талдықорған қаласы".
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі