"Жылжымайтын мүлікке өзге де объектілерге құқықтарды тіркеу туралы өтініштің нысандарын және мазмұнын, тіркеу құжаттарына тиісті жазба енгізілгені туралы хабарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы N 2

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2008 жылғы 1 қазандағы N 259 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 13 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5338 болып енгізілді.

       Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Жылжымайтын мүлікке өзге де объектілерге құқықтарды тіркеу туралы өтініштің нысандарын және мазмұнын, тіркеу құжаттарына тиісті жазба енгізілгені туралы хабарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы N 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде N 4923 болып тіркелген, "Юридическая газетінде" 2007 жылы 19 қазандағы N 161 жарияланған (1364)), мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке тұлға үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нысанында:
      "Өтініш берген күні:_________ 200__ж. Уақыты_____сағ______мин" деген жолдан кейін келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Жоспарлы орындау күні______________";
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген заңды тұлға үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нысанында:
      тақырыбында "ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ҮШІН" деген сөздің алдынан келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "____________________________________________________________";
      (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы)
      "Өтініш берген күні:_________ 200__ж. Уақыты______сағ______мин" деген жолдан кейін келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Жоспарлы орындау күні_______________";
      2. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                           3.Балиева