Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 136 қаулысына

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы N 132 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 30 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5330 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық банк Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының есеп беру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Агенттік Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 331 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3346 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2005 жылғы 23 қыркүйектегі N 111 (736) санында жарияланған) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 331 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 17 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4074 тіркелген), Агенттік Басқармасының " Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 331 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 64 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4665 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгерістер енгізілсін :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесіне :
      10-қосымшадағы:
"

1.2.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары







1.2.1.

жай акциялар  







1.2.1.1.








1.2.1.n.








1.2.2.

артықшылықты акциялар







1.2.2.1.








1.2.2.n.








                                                            ".

      деген жолдар алынып тасталсын ;
      2-реттік нөмірлі жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"

2.

Қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғалар







                                                              ".
      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов) :
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын ;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін .
      4. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) енгізілген өзгерістерді ескеріп, 2008 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының есептілігін қалыптастыруды автоматтандыру" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін жетілдіруді қамтамасыз етсін.
      5. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын .
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін .

       Төрайым                                Е.Бахмутова