Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 136 қаулысына

Қазақстан Республикасы Қаржы Нарығын және Қаржы Ұйымдарын Реттеу мен Қадағалау Агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 156 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 14 шілдеде нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4806 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық банк Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының  10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгеріс туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі

Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгеріс туралы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
       1.   Маңғыстау облысының құрамында әкімшілік орталығы Маңғыстау
ауылында болатын Мұнайлы ауданы - әкімшілік-аумақтық бірлігі құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Осы Жарлық 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
            Президенті