"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі N 548 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008 жылғы 9 маусымдағы N 211 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 30 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5250 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 11 мамырдағы N 204 Бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2301 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Фармацевтикалық қызметті: дәрілік заттарды өндіруді, дайындауды, көтерме және бөлшек саудада сатуды лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1341 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 50, 620-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген фармацевтикалық қызметке: дәрілік заттарды өндіруге, дайындауға, көтерме және бөлшек саудада сатуға қойылатын біліктілік талаптарында:
      5-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацындағы "белгіленген тәртіппен берілген" деген сөздердің алдынан "мемлекеттік тіркеу кезінде сараптама жүргізуге арналған дәрілік заттарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов