Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.01.2013 № 10 Бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1.»"Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 587 бұйрығына (N 5030 нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Білім беру ұйымдарына негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, сондай-ақ, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданады.
Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейде бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік білім беріледі.
Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік білім алуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.";
3-тармақтың бірінші абзацында:
"үшін" деген сөзден кейін "Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы N 296 қаулысымен бекітілген" деген сөздермен толықтырылсын";
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар азаматтар білім беру ұйымдарына оқытудың қысқартылған мерзімін көздейтін тиісті кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша оқуға қабылданады.";
2-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Білім беру ұйымдарына оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:
орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 20 маусым мен 20 шілде аралығында;
жаппай кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады";
10-тармақ алынып тасталсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Оқуға түсушілер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, N 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3х4 көлемдегі 4 суретті қоса береді.
Оқуға түсушінің тұлғасын куәландыратын құжаттар жеке ұсынылады.
Оқытудың нысандары бойынша және шарттық (ақылы) негізде оқуға түсушілердің өтініштері жеке тіркеледі және ескеріледі.
кешенді тестілеу (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан жалпы орта білімді бітірушілер) азаматтар оқуға түсу емтихандарынан босатылады және міндетті түрде 17-тармақта көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша және:
жалпы орта, мамандық бейне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;
негізгі жалпы білімі бар оқуға түсушілер - негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);
Жоғарғы техникалық мектепке оқуға түсушілер үшін түсу емтихандары негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 3 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, математика және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі.
Түсу емтихандарының нысанын білім беру ұйымдары белгілейді.
Жаппай кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу нысанында өткізіледі.
Білім беру ұйымдарына оқуға түсушілер түсу емтихандарын қазақ немесе орыс тілдерінде тапсырады.
Мамандық бейіні бойынша пәні осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.";
14-тармақтың мазмұны 1, 2 абзацтармен толықтырылсын:
"14. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін азаматтар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнайы немесе шығармашылық емтихандары 21 шілде мен 28 шілде аралығында өткізіледі.
Жаппай кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары оқудың күндізгі нысанына түсетін азаматтар үшін әңгімелесу 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында өткізіледі.";
17-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау конкурстық негізде күндізгі оқу нысанына 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.
Жаппай кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау негізгі орта және жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесулер ескеріле отырып конкурстық іріктеу негізінде 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында өткізіледі. Іріктеу шарттарын білім беру ұйымдары айқындайды.";
17-тармақтың төртінші абзацында "пәннің" деген сөзден кейін "осы Ереженің 12-тармағына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
17-тармақтың алтыншы абзацында "20 балдан кем" деген сөздерден кейін "медициналық мамандықтар бойынша 30 балдан кем" деген сөздермен толықтырылсын;
17-тармақтың жетінші абзацында "30 балдан кем" деген сөздерден кейін "медициналық мамандықтар бойынша 40 балдан кем" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасының мазмұнымен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасының мазмұнымен толықтырылсын.
2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Ф. Қуанғановқа жүктелсін.
Министр Ж. Түймебаев
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 21 мамырдағы
N 289 бұйрығына бұйрығына
1-қосымша
Ауылдың (селоның) әлеуметтiк-экономикалық дамуын
айқындайтын техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік
оқу бағдарламалары бойынша мамандықтар даярлауды жүзеге
асыратын мамандықтардың тiзбесi
N |
Мамандық |
ҚР Кәсiптiк |
Бiлiм беру бейні, |
21 |
02000002 |
0201002 |
Құқық және әлеуметтiк |
0204002 |
Әлеуметтiк жұмыс |
||
0205002 |
Құқықтану |
||
22 |
0300000 |
0301002 |
Мектепке дейiнгi тәрбие |
0302002 |
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру |
||
0303002 |
Математика |
||
0304002 |
Физика |
||
0305002 |
Ұйғыр тiлi және әдебиетi |
||
0306002 |
Қазақ тiлi және әдебиетi |
||
0307002 |
Мемлекеттiк тiлде оқымайтын |
||
0308002 |
Орыс тiлi және әдебиетi |
||
0309002 |
Мемлекеттiк тiлде оқымайтын |
||
0310002 |
Дене тәрбиесi |
||
0311002 |
Өмiр сүру қауiпсiздiгi |
||
0313002 |
Кәсiптiк оқыту (сала бойынша) |
||
0314002 |
Бастауыш жалпы білім беру |
||
0315002 |
Бейнелеу өнерi және сызу |
||
0318002 |
Технология |
||
0321002 |
Өзбек тiлi және әдебиетi |
||
0322002 |
Саздық бiлiм беру |
||
0324002 |
Білім беру ұйымдарының |
||
23 |
0400000 |
0401002 |
Емдеу ісі |
0402002 |
Акушерлiк жұмыс |
||
0403002 |
Гигиена және эпидемиология |
||
0404002 |
Стоматология |
||
0405002 |
Ортопедиялық стоматология |
||
0406002 |
Фармация |
||
0407002 |
Мейiрбике iсi |
||
0408002 |
Зертханалық диагностика |
||
0409002 |
Медициналық оптика |
||
24 |
0500000 |
0501002 |
Ветеринария |
0502002 |
Зертханалық іс |
||
0503002 |
Ветеринарлық санитария |
||
25 |
0700000 |
0705002 |
Экономика, бухгалтерлiк есеп және аудит (салалар бойынша) |
0706002 |
Тұтыну тауарларының сапасын сараптау |
||
0711002 |
Коммерция (әр сала бойынша) |
||
0712002 |
Менеджмент (салалар бойынша) |
||
0713002 |
Бағалау (салалар және қолдану аймақтары бойынша) |
||
0716002 |
Банк iсi |
||
0718002 |
Сақтандыру iсi (салалар бойынша) |
||
26 |
0800000 |
0829002 |
Қонақ үйлерде және туристiк |
0831002 |
Маркетинг (салалар бойынша) |
||
0832002 |
Аудармашылық ісі |
||
27 |
3700000 |
3707002 |
Ақпараттық жүйелер (қолдану облыстары бойынша) |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 21 мамырдағы
N 289 бұйрығына бұйрығына
2-қосымша
Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу
бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарында
білім алуға түсу емтихандары үшін техникалық және кәсіптік
білімнің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша мамандарды
даярлау жүзеге асырылатын мамандықтар бейіні бойынша жалпы
білім беру пәндерінің тізбесі
Коды |
Мамандықтың атауы |
Бейін пәннің атауы |
||
Негізгі орта |
Жалпы орта |
|||
0200000 - Гуманитарлық мамандықтар |
||||
0201002 |
Құқық және әлеуметтiк |
Қазақстан |
Дүниежүзілік |
|
0202002 |
Құқық қорғау қызметi |
Қазақстан |
Дүниежүзілік |
|
0204002 |
Әлеуметтiк жұмыс |
Қазақстан |
Дүниежүзілік |
|
0205002 |
Құқықтану |
Мемлекет негіз- |
Дүниежүзілік |
|
0206002 |
Патенттану |
Мемлекет негіз- |
Дүниежүзілік |
|
0300000 - Бiлiм беру мамандықтар |
||||
0301002 |
Мектепке дейiнгi тәрбие |
Әдебиет (оқыту |
Биология |
|
0302002 |
Тәрбие жұмысын |
Биология |
Биология |
|
0303002 |
Математика |
Математика |
Математика |
|
0304002 |
Физика |
Физика |
Физика |
|
0305002 |
Ұйғыр тiлi және әдебиетi |
Ұйғыр әдебиеті |
Ұйғыр |
|
0306002 |
Қазақ тiлi және әдебиетi |
Қазақ әдебиеті |
Қазақ |
|
0307002 |
Ұлттық мектептердегi |
Қазақ әдебиеті |
Қазақ |
|
0308002 |
Орыс тiлi және әдебиетi |
Орыс әдебиетi |
Орыс |
|
0309002 |
Мемлекеттік емес тілде |
Орыс әдебиетi |
Орыс |
|
0310002 |
Дене тәрбиесi (арнайы |
Президенттік |
Президенттік |
|
0311002 |
Өмiр сүру қауiпсiздiгi негiздерi және валеология |
Биология |
Биология |
|
0313002 |
Кәсiптiк оқыту (салалар |
Математика |
Математика |
|
0314002 |
Бастауыш жалпы білім беру |
Математика |
Математика |
|
0315002 |
Бейнелеу өнерi және сызу |
1-шығармашылық |
1-шығармашы- |
|
0318002 |
Технология |
1-шығармашылық |
1-шығармашы- |
|
0321002 |
Өзбек тiлi және әдебиетi |
Өзбек әдебиетi |
Өзбек |
|
0322002 |
Музыкалық бiлiм беру |
1-шығармашылық |
1-шығармашы- |
|
0400000 - Медициналық мамандықтары |
||||
0401002 |
Емдеу ісі |
Биология |
Биология |
|
0402002 |
Акушерлiк ісі |
Биология |
Биология |
|
0403002 |
Гигиена және |
Биология |
Биология |
|
0404002 |
Стоматология |
Биология |
Биология |
|
0405002 |
Ортопедиялық стоматология |
Биология |
Биология |
|
0406002 |
Фармация |
Химия |
Химия |
|
0407002 |
Мейiрбике iсi |
Биология |
Биология |
|
0408002 |
Зертханалық диагностика |
Биология |
Биология |
|
0409002 |
Медициналық оптика |
Биология |
Биология |
|
0500000 - Ветеринария |
||||
0501002 |
Ветеринария |
Биология |
Биология |
|
0502002 |
Зертханалық іс |
Биология |
Биология |
|
0503002 |
Ветеринарлық санитария |
Биология |
Биология |
|
0700000 - Экономикалық мамандықтар |
||||
0701002 |
Статистика |
Математика |
Математика |
|
0703002 |
Қаржы (салалар бойынша) |
Математика |
Математика |
|
0705002 |
Экономика, бухгалтерлiк |
Математика |
Математика |
|
0706002 |
Тұтыну тауарларының |
Химия |
Химия |
|
0708002 |
Биржалық қызмет |
Математика |
Математика |
|
0711002 |
Коммерция (салалар |
Математика |
Математика |
|
0712002 |
Менеджмент (салалар |
Математика |
Математика |
|
0713002 |
Бағалау (салалар және |
Математика |
Математика |
|
0716002 |
Банк iсi |
Математика |
Математика |
|
0718002 |
Сақтандыру iсi (салалар |
Математика |
Математика |
|
0720002 |
Қаржы және қаржы құқығы |
Математика |
Математика |
|
0800000 - Қызмет көрсету саласы |
||||
0829002 |
Қонақ ұйлерде және турис- |
Математика |
Математика |
|
0831002 |
Маркетинг (салалар |
Математика |
Математика |
|
0832002 |
Аудармашылық ісі |
Шетел тілі |
Шетел тілі |
|
3700000 - Ақпараттық технологиялар |
||||
3707002 |
Ақпараттық жүйелер (қол- |
Математика |
Математика |