"Ұлттық компаниялар,"Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлік қоғамы, "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы және оларға қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Президенті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 наурыздағы N 128 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 7 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5182 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 53 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 141 Бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      2) "Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы N 1140 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 43, 464-құжат);
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу ережесінде:
      3-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
      15-тармақтың екінші абзацында "құқықты куәландыратын" деген сөздер "сәйкестендіретін" деген сөзбен ауыстырылсын;
      25-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) осы Ереженің 22-тармағында көзделген міндеттемелерді орындаудан бас тартқанда;";
      3) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі