Қаржылық есептілікті қалыптастыру мақсатында қаржы ұйымдарында және арнайы қаржы компанияларында валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын қолдану туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 25 ақпандағы N 11 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 27 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5171 болып енгізілді. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министірің 2009 жылғы 28 қаңтардағы N 36 Бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқарамасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 4 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасының Қазақстан Республикасындағы Ұлттық үйлестірушісі болып тағайындалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропа экономикалық комиссиясының және Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның атқарушы хатшыларын Ұлттық үйлестірушінің тағайындалғаны туралы хабардар етсін.

      3. "Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасының Қазақстан Республикасындағы Ұлттық үйлестірушісін тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі N 335 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі