Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 6 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 7 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5164 болып енгізілді.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.12 № 506 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 ақпандағы N 285  қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      кіріспедегі "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 Заң күші бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану туралы ережеде:
      мәтіндегі "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 Заң күші бар Жарлығына", "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 Заң күші бар Жарлығымен", "Жарлықпен", "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығының" және "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығында" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңына", "Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңымен", "Заңмен", "Қазақстан Республикасы Заңының" және "Қазақстан Республикасының Заңында" деген сөздермен ауыстырылсын;
 

      10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "әуе кеңістігінің бақыланбайтын аудандары.";
 

      17-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "бақыланбайтын әуе кеңістігі.";
 

      20-тармақтың екінші абзацындағы үшінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ұшуға тыйым салынған аймақтар мен шектеу аймақтары әуе кеңістігін пайдалану және ұшулар жасау жөніндегі нұсқаулықтарға және аэронавигациялық ақпарат жинақтарына енгізіледі.";
 

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "25. ӘҚҚК әуе кеңістігі былайша сыныпталады және белгіленеді:
      А сыныбы. Аспаптар бойынша ұшу ережелері (АҰЕ) бойынша ғана ұшуларға рұқсат етіледі, барлық әуе кемелері диспетчерлік қызмет көрсетілуге жатады және эшелондалады.
      В сыныбы. АҰЕ бойынша және көзбен шолып ұшу ережелері (КҰЕ) бойынша ғана ұшуларға рұқсат етіледі, барлық әуе кемелері диспетчерлік қызмет көрсетілуге жатады және эшелондалады.
      С сыныбы. АҰЕ және КҰЕ бойынша ұшуларға рұқсат етіледі, барлық әуе кемелері диспетчерлік қызмет көрсетілуге жатады. АҰЕ бойынша ұшуларды орындайтын әуе кемелері АҰЕ мен КҰЕ бойынша ұшуларды орындайтын әуе кемелеріне қатысты эшелондалады. КҰЕ бойынша ұшуларды орындайтын әуе кемелері АҰЕ бойынша ұшуларды орындайтын әуе кемелеріне қатысты эшелондалады.
      D сыныбы. АҰЕ және КҰЕ бойынша ұшуларға рұқсат етіледі, барлық әуе кемелері диспетчерлік қызмет көрсетілуге жатады. АҰЕ бойынша ұшуларды орындайтын әуе кемелері АҰЕ бойынша ұшуларды орындайтын басқа әуе кемелеріне қатысты эшелондалады және КҰЕ бойынша ұшуларды орындайтын әуе кемелеріне қатысты қозғалыс туралы ақпарат алады. КҰЕ бойынша ұшуларды орындайтын әуе кемелері басқа да барлық әуе кемелерінің қозғалысы туралы ақпарат алады.
      Е сыныбы. АҰЕ және КҰЕ бойынша ұшуларға рұқсат етіледі, АҰЕ бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелері диспетчерлік қызмет көрсетілуге жатады және АҰЕ бойынша ұшуларды орындайтын басқа әуе кемелеріне қатысты эшелондалады. Барлық әуе кемелері, мүмкіндігінше, қозғалыс туралы ақпарат алады.
      Ғ сыныбы. АҰЕ және КҰЕ бойынша ұшуларға рұқсат етіледі, АҰЕ бойынша ұшуларды орындайтын әуе кемелерінің бәріне әуе қозғалысына консультациялық қызмет көрсетіледі және сұрауы бойынша барлық әуе кемелеріне ұшу-ақпараттық қызмет көрсетіледі;
      G сыныбы. АҰЕ және КҰЕ бойынша ұшуларға рұқсат етіледі және сұрауы бойынша ұшу-ақпараттық қызмет көрсетіледі.
      Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі мынадай тәртіппен сыныпталады:
      1) 6100 м биіктіктен бастап және одан астам жоғары әуе кеңістігі А сыныбына жатады;
      2) эшелоннан 6000 м және эшелонға дейін 1200 м төмен төменгі әуе кеңістігі С сыныбына жатады;
      3) диспетчерлік қызмет көрсету ұйымдастырылған әуеайлақтарының төменгі әуе кеңістігі С сыныбына жатады;
      4) диспетчерлік қызмет көрсету ұйымдастырылмаған эшелоннан 900 м және одан төмен төменгі әуе кеңістігі G сыныбына жатады;
      5) жекелеген жағдайларда G сыныбы әуе кеңістігінің жоғары шекарасы эшелоннан 1200 м жоғары белгіленуі мүмкін.
      Бақыланбайтын әуе кеңістігінде диспетчерлік рұқсат қажет етілмейді. Іздестіру мен құтқару үшін тиісті органға хабар беруді ұйымдастыру авиакомпаниялар мен ұшу аппараттарының иелеріне жүктеледі.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі