Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы N 02-01-02/5 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы N 02-01-02/11 бұйрықтарына

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 25 ақпандағы N 02-01-02/33 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 27 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5151 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 11.12.2014 № 58 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 19 ақпандағы N 542 Жарлығына сәйкес келтіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы  N 02-01-02/5 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы  N 02-01-02/11 бұйрықтарына келесідей өзгерістер енгізілcін:
      1) "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы N 02-01-02/5  бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 5084 тіркелген, 2008 жылғы 15 және 16 қаңтардағы N 8-15 (24987), N 16-20 (24992) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 4 ақпандағы N 02-01-02/20  бұйрығымен өзгеріс енгізілген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 5133 тіркелген):
      Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарында:

      5-тармақта:
      1) тармақшада "мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, не мемлекеттік органдарда немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінде басшылық немесе олардың орынбасарлары лауазымдарында немесе А-5 және одан жоғары, В-6 және одан жоғары санаттардағы лауазымдарда (бұдан әрі - мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда) үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы" деген сөздер "мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда (магистратура) екі жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілінің, не мемлекеттік органдарда немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінде басшылық немесе олардың орынбасарлары лауазымдарында немесе А-4 және одан жоғары, В-6 және одан жоғары санаттардағы лауазымдарда (бұдан әрі - мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда) үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды (докторантура) аяқтауы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшада "мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, не мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда бес жылдан кем емес, оның ішінде үш жылдан кем емес ұйымның не олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары немесе олардың орынбасарлары лауазымдарында (бұдан әрі - басшылық лауазымдарда) жұмыс өтілінің бар болуы" деген сөздер "мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілінің, не мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды (магистратура) аяқтауы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшада "мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, не мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда төрт жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды (докторантура) аяқтауы" деген сөздер "мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілінің, не мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды (магистратура) аяқтауы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшада "мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, не мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды (магистратура) аяқтауы" деген сөздер "мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақша алынып тасталсын;

      6-тармақтың 1) тармақшасында "басшылық лауазымдарда" деген сөздер "ұйымның не олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары немесе олардың орынбасарлары лауазымдарында (бұдан әрі - басшылық лауазымдарда)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 19.03.2013 № 06-7/33 бұйрығымен (бірінші рет ресми жариялағаннан бастап қолданысқа енгізіледі бірақ, 2013 жылғы 26 наурыздан ерте емес).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 19.03.2013 № 06-7/33 бұйрығымен (бірінші рет ресми жариялағаннан бастап қолданысқа енгізіледі бірақ, 2013 жылғы 26 наурыздан ерте емес).

      2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға