Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы N 02-01-02/5 "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 4 ақпандағы N 02-01-02/20 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 14 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5133 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 11.12.2014 № 58 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы N 02-01-02/5"Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 10 қаңтардағы N 5084 тіркелген, 2008 жылғы 15 және 25 қаңтардағы N 8-15 (24987), N 25 (24997) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарында:
      бүкіл мәтін бойынша ", сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

       Төраға