Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы N 327 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 26 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5064 болып енгізілді.

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына сәйкес Шалқар ауданы өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1. Шалқар ауданы Біршоғыр ауылдық округінің N 59 темір жол бекетіндегі елді мекен ауыл санатына жатқызылсын және Қарабұлақ ауылы болып аталсын.
      2. Шалқар ауданы Ақтоғай ауылдық округінің N 60 темір жол бекетіндегі елді мекен ауыл санатына жатқызылсын және Қорғанжар ауылы болып аталсын.
      3. Шалқар аудан әкiмі (Р.М.Сыдықов) осы бірлескен қаулы және шешімнен туындайтын қажетті шаралар қабылдасын.
      4. "Ақтөбе облысының статистика басқармасы" ММ (А.Д.Мұқаев) жоғарыда көрсетілген елдi мекендерді есептi деректерге енгізсін.
      5. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" ММ (М.Н.Жекеев) жер-кадастр құжаттарына тиісті өзгерістер енгізсін.
      6. Осы қаулы және шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Облыс әкiмi
      Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы