"Негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 883 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы N 716 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 13 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5037 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 890 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі шеңберіндегі өтпелі кезеңде экономиканың кейбір салаларының бейімделуінің 2007-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1259  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 49, 523-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі