Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шоты жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі N 275 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 27 тамыздағы N 99 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 1 қазандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4952 болып енгізілді. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.01.31 № 3 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.01.31 № 3 (2011.07.01 бастап күшіне енеді) Қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз.

      Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлiк есепті жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі  N 275 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1973 тіркелген; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2519 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1973 тіркелген "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі бухгалтерлік есептің үлгі есепшот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі N 275 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 326, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3485 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі N 275 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 3 ақпандағы N 23, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4286 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі N 275 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы N 50 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбындағы, кіріспесіндегі және 1-тармағындағы "ипотекалық компаниялардағы", "ипотекалық компаниялардың" деген сөздер тиісінше "ипотекалық ұйымдардағы", "ипотекалық ұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:
      тақырыбындағы және одан әрі мәтін бойынша "ипотекалық компаниялардағы", "ипотекалық компаниялар", "ипотекалық компаниялардың", "ипотекалық компанияның" және "ипотекалық компания" деген сөздер тиісінше "ипотекалық ұйымдардағы", "ипотекалық ұйымдар", "ипотекалық ұйымдардың", "ипотекалық ұйымның" және "ипотекалық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тарауда:
      7-тармақта:
      "1100 шоттар тобынан кейін мынадай мазмұндағы шоттар тобымен толықтырылсын:
      "1150 Айналысқа шығарылғанға дейінгі ұлттық валюта банкноталары";
      "1200 шоттар тобының аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "1200 Саудаға арналған бағалы қағаздар";
      1450 шоттар тобының аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "1450 Сату үшін қолда бар бағалы қағаздар";
      1470 шоттар тобынан кейін мынадай мазмұндағы шоттар тобымен толықтырылсын:
      "1480 Өтелгенге дейінгі ұсталатын бағалы қағаздар";
      1600 шоттар тобынан кейін мынадай мазмұндағы шоттар тобымен толықтырылсын:
      "1610 Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер";

      10-тармақта:
      4470 шоттар тобынан кейін мынадай мазмұндағы шоттар тобымен толықтырылсын:
      "4480 Өтелгенге дейінгі ұсталатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер";
      "4940 Төтенше кірістер" шоттар тобының нөмірі және аты алынып тасталсын;
      4940 шоттар тобынан кейін мынадай мазмұндағы шоттар тобымен толықтырылсын:
      "4950 Резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістер";

      11-тармақта:
      5030 шотының атында және одан әрі мәтін бойынша "жергілікті өкімет органдарынан" деген сөздер "жергілікті атқарушы органдардан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "5940 Төтенше шығыстар" шоттар тобының нөмірі және аты алынып тасталсын;

      13-тармақта:
      7680 шоттар тобынан кейін мынадай мазмұндағы шоттар тобымен толықтырылсын:
      "7700 Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін қоспағанда кастодиандық сақтауға қабылданған активтер";

      2-тарауда:
      1005 шоттың аты "Банкоматтардағы" деген сөзден кейін "және электрондық терминалдардағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      1106 шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1150 шотпен толықтырылсын:
      "1150 Айналысқа шығарылғанға дейінгі ұлттық валюта банкноталары";
      1200 шоттар тобының аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "1200 Саудаға арналған бағалы қағаздар";
      1450 шоттар тобының аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "1450 Сату үшін қолда бар бағалы қағаздар";
      "1451 Өтелгенге дейінгі ұсталатын бағалы қағаздар" шотының нөмірі және аты алынып тасталсын;
      1453 - 1457 шоттардың атында:
      "басқа да" деген сөздер алынып тасталсын,
      "бағалы қағаздар", "бағалы қағаздардың" сөздердің алдында "сату үшін қолда бар" деген сөздермен толықтырылсын;
      1476 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шоттар тобымен және шоттармен толықтырылсын:
      "1480 Өтелгенге дейінгі ұсталатын бағалы қағаздар
      1481 Өтелгенге дейінгі ұсталатын бағалы қағаздар
      1482 Өтелгенге дейінгі ұсталатын, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконт
      1483 Өтелгенге дейінгі ұсталатын, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы
      1484 Өтелгенге дейінгі ұсталатын бағалы қағаздар бойынша алдыңғы ұстаушылар есептеген сыйақы";
      1604 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      "1610 Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер";
      1660 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      "1661 Гудвилл";
      1812, 1832 шоттардың атындағы "Сақтандыру полистерін сату бойынша көрсеткен қызметі" деген сөздер "Агенттік қызмет көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1816 шоттың атындағы "Берілген кепілдіктер бойынша" деген сөздер "Кепілдіктермен операциялар бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1819, 1839 шоттардың атындағы "Кастодиандық қызметтен" деген сөздер "Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1824 шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1825-тен бастап 1827-ге дейінгі шоттармен толықтырылсын:
      "1825 Инкассация бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер
      1826 Тазартылған қымбат металдарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер
      1827 Сейфтік операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер";
      1852 шоттың атындағы "Брокерлермен" деген сөз "Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1867, 1878 шоттардың атындағы "Банктік емес" деген сөздер "Негізгі емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2034, 2036, 2038 шоттардың аты "Қазақстан Республикасының Үкіметінен" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан" деген сөздермен толықтырылсын;
      2203, 2211, 2215, 2217, 2219, 2221, 2223 шоттардың атындағы "Клиенттердің" деген сөз "Заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2204, 2205, 2206, 2207, 2208, 2209 шоттардың атындағы "Салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) объектісі болып табылатын" деген сөздер алынып тасталсын;
      2213 шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жеке тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым";
      2730 шоттың атындағы "өзге" деген сөз алынып тасталсын;
      2812, 2832 шоттардың атындағы "Сақтандыру полистерін сату бойынша көрсеткен қызметі" деген сөздер "Агенттік қызмет көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын";
      2819, 2839 шоттардың атындағы "Кастодиандық қызмет" деген сөздер "Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2852 шоттың атындағы "Брокерлермен" деген сөз "Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2862 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      "2863 Артықшылықты акциялар бойынша міндеттемелер";
      2867 шоттың атындағы "Банктік емес" деген сөздер "Негізгі емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2867 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:
      "2868 Бағалау міндеттемелері
      2869 Кепілдіктер бойынша кредиторлар";
      мынадай шоттардың нөмірлері және аттары:
      "3002 Төленбеген жарғылық капитал - жай акциялар";
      3026 Төленбеген жарғылық капитал - артықшылықты акциялар";
      "3051 Жарғылық капитал - салымдар және пайлар
      3052 Төленбеген жарғылық капитал - салымдар және пайлар
      3053 Сатып алынған салымдар және пайлар";
      "3581 Шетел валютасының өткен жылдардағы қайта бағалау резервтері
      3582 Тазартылған қымбат металдардың өткен жылдардағы қайта бағалау резервтері
      3585 Заемдардың валюталық баламасын белгілей отырып өткен жылдардағы теңгемен есептелген заемдарды қайта бағалау резервтері
      3586 Салымдардың валюталық баламасын белгілей отырып өткен жылдардағы теңгемен есептелген салымдарды қайта бағалау резервтері" алынып тасталсын;
      3599 шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "3599 Бөлінбеген таза пайда (өтелмеген шығын)";
      4052 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      "4091 Басқа банктермен операциялар бойынша сыйақы алуға байланысты басқа кірістер";
      4450 шоттың атындағы "Өзге бағалы қағаздар" деген сөздер "Сату үшін қолда бар бағалы қағаздар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "4451 Өтелгенге дейінгі ұсталатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер" шотының нөмірі және аты алынып тасталсын;
      4453 шоттың атындағы "басқа да" деген сөздер алынып тасталсын;
      4476 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шоттар тобымен және шоттармен толықтырылсын:
      "4480 Өтелгенге дейінгі ұсталатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер
      4481 Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер
      4482 Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконт амортизациясы бойынша кірістер";
      4602 шоттың атындағы "Сақтандыру полистерін сату бойынша көрсеткен қызметі" деген сөздер "Агенттік қызметтер көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4606 шоттың атындағы "Кепілдіктер беру жөніндегі көрсеткен қызметі бойынша" деген сөздер "Кепілдіктермен операциялар бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4609 шоттың атындағы "Кастодиандық қызметі" деген сөздер "Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4614 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:
      "4615 Инкассация бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер
      4616 Тазартылған қымбат металдарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер
      4617 Сейфтік операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер";
      4922 шоттың атындағы "Банктік емес" деген сөздер "Негізгі емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай шоттардың нөмірлері және аттары:
      "4940 Төтенше кірістер
      4941 Төтенше кірістер
      4942 Өткен кезеңдердің есепті кезеңде анықталған банк қызметімен байланысты кірістері
      4943 Өткен кезеңдердің есепті кезеңде анықталған банктік емес қызметпен байланысты кірістері" алынып тасталсын;
      4923 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:
      "4950 Резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістер
      4951 Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістер
      4952 Басқа банктерге берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістер
      4953 Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістер
      4954 Бағалы қағаздар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістер
      4955 Клиенттерге берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістер
      4956 Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға ұсынылған заемдар және қаржы лизингі бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістер
      4957 Басқа да банктік қызметтен шығындарды жабу үшін құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістер
      4958 Шартты міндеттемелер бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістер
      4959 Негізгі қызметке байланысты емес дебиторлық берешек бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістер";
      5306 шоттың атындағы "Басқа да сатып алынған бағалы қағаздар" деген сөздер "Сату үшін қолда бар бағалы қағаздар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5307 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      "5308 Өтелгенге дейінгі ұсталатын, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақының амортизациясы бойынша шығыстар";
      5459 шоттың атындағы "Банктік емес қызметке байланысты" деген сөздер "Негізгі қызметпен байланысты емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5466 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      "5468 Бағалау міндеттемелерін құру бойынша қаржы бөлу";
      5602 шоттың атындағы "Сақтандыру полистерін сату бойынша алынған қызмет көрсету" деген сөздер "Агенттік қызмет көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5609 шоттың атындағы "Кастодиандық қызмет" деген сөздер "Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5713 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      "5714 Гудвилдің құнсыздануынан шығыстар";
      5922 шоттың атындағы "Банктік емес" деген сөздер "Негізгі емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5925 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      "5926 Артықшылықты акциялар бойынша шығыстар";
      мынадай шоттардың нөмірлері және аттары:
      "5940 Төтенше шығыстар
      5941 Төтенше шығыстар
      5942 Банктік қызметпен байланысты өткен кезеңдердің есепті кезеңде анықталған зияндары
      5943 Банктік емес қызметпен байланысты өткен кезеңдердің есепті кезеңде анықталған зияндары" алынып тасталсын;
      6030 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:
      "6040 Рамбурстаушы банктің эмитент банкке/басқа тұлғаға ықтимал талаптары
      6045 Рамбурстау бойынша ықтимал талаптар";
      6210, 6710 шоттардың атындағы "(пассив операциялары бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын;
      "6220 Қаржы фьючерстерін сатып алу жөніндегі шартты талаптар (актив операциялары бойынша)" шотының нөмірі және аты алынып тасталсын;
      6310, 6810 шоттардың атындағы "(пассив операциялары бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын;
      "6320 Қаржы фьючерстерін сату жөніндегі шартты талаптар (актив операциялары бойынша)" шотының нөмірі және аты алынып тасталсын;
      мынадай шоттардың нөмірлері және аттары:
      "6498 Тазартылған қымбат металдармен жасалған мәмілелер бойынша позициясы
      6499 Шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша позициясы" алынып тасталсын;
      6530 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:
      "6540 Рамбурстау бойынша ықтимал міндеттемелер
      6545 Рамбурстаушы банктің эмитент банк/басқа тұлға алдындағы ықтимал міндеттемелері";
      мынадай шоттардың нөмірлері және аттары:
      "6720 Қаржы фьючерстерін сатып алу жөніндегі шартты міндеттемелер (актив операциялары бойынша)
      6820 Қаржы фьючерстерін сату жөніндегі шартты міндеттемелер (актив операциялары бойынша)" алынып тасталсын;
      7535 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      "7536 Талап ету құқығы сенімгерлік басқаруға қабылданған мерзімі өткен ипотекалық заемдар";
      7688 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:
      "7700 Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін қоспағанда кастодиандық сақтауға қабылданған активтер
      7701 Бағалы қағаздар
      7702 Басқа банктердегі салымдар
      7703 Тазартылған қымбат металдар
      7704 "Кері РЕПО" операциялары
      7705 "РЕПО" операциялары
      7706 Туынды қаржы құралдары
      7707 Капиталға инвестициялар
      7708 Үйлерге, машиналарға, жабдықтарға, көлікке және басқа негізгі құрал-жабдыққа инвестициялар
      7709 Басқа да активтер
      7710 Дивидендтер
      7711 Сыйақы
      7712 Бағалы қағаздар бойынша алдыңғы ұстаушы есептеген сыйақы
      7713 Басқа да талаптар";

      3-тарауда:
      1005 шоттың аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1005. Банкоматтардағы және электрондық терминалдардағы қолма-қол ақша (актив).
      Шоттың мақсаты: Банкоматтардағы және электрондық терминалдардағы қолма-қол ақша сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша банкоматтарға және электрондық терминалдарға салынған қолма-қол ақша сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша банкоматтардан берілген және электрондық терминалдардан алынған қолма-қол ақша сомалары есептен шығарылады.";
      1106 шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1150 шоттың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "1150. Айналысқа шығарылғанға дейінгі ұлттық валюта банкноталары (актив).
      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен сатып алынған (алынған), айналысқа шығарылғанға дейінгі ұлттық валюта банкноталарының номиналдық құнын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен сатып алынған (алынған), айналысқа шығарылғанға дейінгі ұлттық валюта банкноталарының номиналдық құны жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұлттық валютаның банкноталарын айналысқа шығарғаннан кейін оларды 1000 шоттар тобының тиісті шотына есепке алған кезде ұлттық валюта банкноталарының номиналдық құны есептен шығарылады.";
      1451 шоттың нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      1453 - 1457 шоттардың атында және сипаттамасында:
      "басқа да" деген сөздер алынып тасталсын,
      "бағалы қағаздар", "бағалы қағаздардың" деген сөздердің алдында "сату үшін қолда бар" деген сөздермен толықтырылсын;
      1476 шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1481, 1482, 1483, 1484 шоттардың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "1481. Өтелгенге дейінгі ұсталатын бағалы қағаздар (актив).
      Шоттың мақсаты: Өтелгенге дейінгі ұстау мақсатында сатып алынған бағалы қағаздардың номиналдық құнын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша сатып алынған және өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздардың номиналдық құны жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша өтелгенге дейінгі ұсталатын бағалы қағаздардың номиналдық құнын есептен шығарылады, оларды өтеу кезінде N 1202 баланстық шотқа жатқызылады не бағалы қағаздардың басқа санатына аударылады.
      1482. Өтелгенге дейінгі ұсталатын, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконт (қарсы актив).
      Шоттың мақсаты: Өтелгенге дейінгі ұсталатын бағалы қағаздардың номиналдық құнының оларды сатып алу құнынан асып кету сомасын (дисконт) есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша өтелгенге дейінгі ұсталатын бағалы қағаздардың номиналдық құнының олардың сатып алу құнынан асып кету сомасы (дисконт) жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша өтелгенге дейінгі ұсталатын, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконт амортизациясының сомасы N 4482 баланстық шотпен байланыстырып жазылады.
      1483. Өтелгенге дейінгі ұсталатын, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы (актив).
      Шоттың мақсаты: Өтелгенге дейінгі ұсталатын бағалы қағаздардың сатып алу құнының олардың номиналдық құнынан асып кету сомасын (сыйлықақы) есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша өтелгенге дейінгі ұсталатын бағалы қағаздардың сатып алу құнының олардың номиналдық құнынан асып кету сомасы (сыйлықақы) жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша өтелгенге дейінгі ұсталатын, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы амортизациясының сомасы N 5308 баланстық шотпен байланыстырып жазылады.
      1484. Өтелгенге дейінгі ұсталатын бағалы қағаздар бойынша алдыңғы ұстаушылар есептеген сыйақы (актив).
      Шоттың мақсаты: өтелгенге дейінгі ұсталатын бағалы қағаздар бойынша алдыңғы ұстаушылар есептеген сыйақы сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша өтелгенге дейінгі ұсталатын бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алғанға дейін алдыңғы ұстаушылар есептеген сыйақы сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша өтелгенге дейінгі ұсталатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы сомасы оларды алу кезінде есептен шығарылады.";
      1604 шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1610 шоттың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "1610 Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер (актив).
      Шоттың мақсаты: "Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет" N 5 ХҚЕС сәйкес сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктелген активтердің құнын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша сатуға арналған ұзақ мерзімді активтердің құны және оң қайта бағалау сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша сатуға арналған ұзақ мерзімді активтерді оларды сату немесе сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктеу кезіндегі құны, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомасы есептен шығарылады.";
      1660 шоттың сипаттамасынан кейін 1661 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "1661 Гудвилл (актив).
      Шоттың мақсаты: Ұйымның барлық активтерінің сатып алу құнының оның сатып алу күні анықталған әділ құнынан асып кету сомасын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша гудвилдің құны жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша гудвилдің құны ол құнсызданған кезде есептен шығарылады.";
      1812, 1832 шоттардың аттарындағы "Сақтандыру полистерін сату бойынша көрсеткен қызметі" деген сөздер "Агенттік қызмет көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1812, 1832 шоттардың сипаттамасындағы "сақтандыру полистерін сату (сақтандыру шарттарын жасау) бойынша көрсеткен қызмет үшін" деген сөздер "агенттік қызмет, оның ішінде сақтандыру полистерін сату (сақтандыру шарттарын жасау) бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1816 шоттың атындағы және сипаттамасындағы "Берілген кепілдіктер бойынша" деген сөздер "Кепілдіктермен операциялар бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1819, 1839 атындағы және сипаттамасындағы "Кастодиандық қызметтен" деген сөздер "Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1824 шоттың сипаттамасынан кейін шоттардың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "1825. Инкассация бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер (актив).
      Шоттың мақсаты: Инкассация бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің осы кезеңге жатқызылған, түсуі болашақта күтілетін сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша инкассация бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша инкассация бойынша көрсетілген қызметтер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары олар үшін ақы төленген немесе ақы төлеу кешіктірілген кезде есептен шығарылады.
      1826. Тазартылған қымбат металдарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер (актив).
      Шоттың мақсаты: Тазартылған қымбат металдарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің осы кезеңге жатқызылған, түсуі болашақта күтілетін сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша тазартылған қымбат металдарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша тазартылған қымбат металдарды сатып алу-сату бойынша көрсетілген қызметтер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары олар үшін ақы төленген немесе ақы төлеу кешіктірілген кезде есептен шығарылады.
      1827. Сейфтік операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістер (актив).
      Шоттың мақсаты: Сейфтік операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің осы кезеңге жатқызылған, түсуі болашақта күтілетін сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша сейфтік операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша сейфтік операциялар бойынша көрсетілген қызметтер үшін есептелген комиссиялық кірістердің сомалары олар үшін ақы төленген немесе ақы төлеу кешіктірілген кезде есептен шығарылады.";
      1852 шоттың атындағы және сипаттамасындағы "Брокерлермен", "Брокерлер", "брокер" деген сөздер тиісінше "Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен", "Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары", "бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1867, 1878 шоттардың аттарындағы және 1878 шоттың сипаттамасындағы "Банктік емес" деген сөздер "Негізгі емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2034, 2036, 2038 шоттарының аты және сипаттамасы "Қазақстан Республикасының Үкіметінен" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан" деген сөздермен толықтырылсын
      2203, 2211, 2215, 2217, 2219, 2221, 2223 шоттардың аттарындағы және сипаттамасындағы "Клиенттердің", "клиенттің" деген сөз "Заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2204, 2205, 2206, 2207, 2208, 2209 шоттардың аттарындағы және сипаттамасындағы "Салымдарды (депозиттерді) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) объектісі болып табылатын" деген сөздер алынып тасталсын;
      2213 шоттың аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2213. Жеке тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым.
      Шоттың мақсаты: Жеке тұлғалардың банктік салым шарты және кепіл шарты бойынша иеленуді және пайдалануды кепіл беруші (банктің клиенті) жүзеге асыратын, олардың міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде қабылданған, ақша (салым) сомаларын есепке алу. Осы шот банк шоты болып табылады.
      Шоттың кредиті бойынша жеке тұлғалардың олардың міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік, ипотека) ретінде қабылданған ақша (салым) сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша жеке тұлғалардың олардың міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік, ипотека) ретінде қабылданған, банктік салым, кепіл туралы шарттардың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақша (салым) сомалары есептен шығарылады.";
      2730 шоттың атындағы және сипаттамасындағы "өзге" деген сөз алынып тасталсын;
      2812, 2832 шоттардың атындағы "Сақтандыру полистерін сату бойынша көрсетілген қызметтер" деген сөздер "Агенттік қызмет көрсетулер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2812, 2832 шоттардың сипаттамасындағы "сақтандыру полистерін сату (сақтандыру шарттарын жасау) жөніндегі қызмет көрсету" деген сөздер "агенттік қызмет көрсетулер, оның ішінде сақтандыру полистерін сату (сақтандыру шарттарын жасау) бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2819, 2839 шоттардың атындағы және сипаттамасындағы "Кастодиандық қызмет" деген сөздер "Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2852 шоттардың атындағы және сипаттамасындағы "Делдалдармен", "Делдалдарға", "делдалға" деген сөздер тиісінше "Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен", "Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына", "бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2862 шоттың сипаттамасынан кейін 2863 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "2863. Артықшылықты акциялар бойынша міндеттемелер (пассив).
      Шоттың мақсаты: Эмитенттің белгіленген немесе болашақта айқындалатын күні белгіленген немесе айқындалатын сома бойынша міндетті өтеуі көзделетін артықшылықты акциялардың немесе артықшылықты акциялар бойынша есептелген дивидендтердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша артықшылықты акциялардың немесе артықшылықты акциялар бойынша есептелген дивидендтердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша артықшылықты акциялардың немесе артықшылықты акциялар бойынша есептелген дивидендтердің сомалары оларды төлеу кезінде есептен шығарылады.";
      2867 шоттың атындағы "Банктік емес" деген сөздер "Негізгі емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2867 шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 2868, 2869 шоттардың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "2868 Бағалау міндеттемелері (пассив).
      Шоттың мақсаты: халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте көрсетілетін бағалау міндеттемелерінің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша бағалау міндеттемелерінің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша бағалау міндеттемелерінің сомалары оларды орындау немесе жою кезінде есептен шығарылады.
      2869 Кепілдіктер бойынша кредиторлар (пассив).
      Шоттың мақсаты: Берілген кепілдіктер бойынша кредиторлық берешектің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша берілген кепілдіктер бойынша кредиторлық берешектің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша берілген кепілдіктер бойынша кредиторлық берешектің сомалары оларды өтеу, несие берешегіне қайта ресімдеу немесе оларды баланстан есептен шығару кезінде есептен шығарылады.";
      3002, 3026, 3051, 3052, 3053, 3581, 3582, 3585, 3586 шоттардың нөмірлері, аттары және сипаттары алынып тасталсын;
      3599 шоттың сипаттамасында:
      аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "3599. Бөлінбеген таза пайда (өтелмеген шығын) (пассив).",
      мақсатындағы "бөлінбеген таза кірісінің" деген сөздер "бөлінбеген таза пайдасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4052 шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 4091 шоттың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "4091. Басқа банктермен операциялар бойынша сыйақы алуға байланысты басқа кірістер.
      Шоттың мақсаты: Басқа банктермен операциялар бойынша сыйақы алуға байланысты басқа кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша басқа банктермен операциялар бойынша сыйақы алуға байланысты басқа кірістердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары N 4999 баланстық шотқа есептен шығарылады.";
      4451 шоттың нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      4453 шоттың атындағы және сипаттамасындағы "өзге" деген сөз алынып тасталсын;
      4476 шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 4481, 4482 шоттардың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "4481. Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.
      Шоттың мақсаты: Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары N 4999 баланстық шотқа есептен шығарылады.
      4482. Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша кірістер.
      Шоттың мақсаты: Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконтты амортизациялауға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконтты амортизациялауға байланысты кірістердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары N 4999 баланстық шотқа есептен шығарылады.";
      4602 шоттың атында және сипаттамасында:
      атындағы "Сақтандыру полистерін сату бойынша көрсеткен қызметі" деген сөздер "Агенттік қызмет көрсетулер" деген сөздермен ауыстырылсын,
      сипаттамасындағы "Сақтандыру полистерін сату бойынша көрсетілген қызметтер" деген сөздер "Агенттік қызмет көрсетулер" деген сөздермен ауыстырылсын ;
      4606 шоттың атындағы және сипаттамасындағы "Берілген кепілдіктер бойынша көрсеткен қызметтері үшін" және "Кепілдік беру бойынша көрсеткен қызметтері үшін" деген сөздер "Кепілдіктермен операциялар бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4609 шоттың атындағы және сипаттамасындағы "Кастодиандық қызметінен" және "Кастодиандық қызмет" деген сөздер "Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтен" және "Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4614 шоттан кейін мынадай мазмұндағы 4615 - 4617 шоттармен толықтырылсын:
      "4615. Инкассация бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер.
      Шоттың мақсаты: Инкассация бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша инкассация бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары N 4999 баланстық шотқа есептен шығарылады.
      4616. Тазартылған қымбат металдарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер.
      Шоттың мақсаты: Тазартылған қымбат металдарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша тазартылған қымбат металдарды сатып алу-сату бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары N 4999 баланстық шотқа есептен шығарылады.
      4617. Сейфтік операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістер.
      Шоттың мақсаты: Сейфтік операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша сейфтік операциялар бойынша қызмет көрсетулер үшін комиссиялық кірістің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары N 4999 баланстық шотқа есептен шығарылады.";
      4922 шоттың атындағы және сипаттамасындағы "Банктік емес" деген сөздер "Негізгі емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4941, 4942, 4943 нөмірлері, аттары және сипаттары алынып тасталсын;
      4943 шоттан кейін мынадай мазмұндағы 4951, 4952, 4953, 4954, 4955, 4956, 4957, 4958, 4959 шоттардың аттарымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
      "4951. Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістер.
      Шоттың мақсаты: Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша басқа банкте орналастырылған салымдар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістердің сомалары басқа банк міндеттемелерін орындау, қайта жіктеу кезінде және басқа жағдайларда жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары N 4999 баланстық шотқа есептен шығарылады.
      4952. Басқа банктерге берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістер.
      Шоттың мақсаты: Басқа банктерге берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша басқа банктерге берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістердің сомалары басқа банк міндеттемелерін орындау, қайта жіктеу кезінде және басқа жағдайларда жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары N 4999 баланстық шотқа есептен шығарылады.
      4953. Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістер.
      Шоттың мақсаты: Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістердің сомалары міндеттемелерді орындау, қайта жіктеу кезінде және басқа жағдайларда жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары N 4999 баланстық шотқа есептен шығарылады.
      4954. Бағалы қағаздар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістер.
      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістердің сомалары эмитент оларды өтеу, қайта жіктеу кезінде және басқа жағдайларда жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары N 4999 баланстық шотқа есептен шығарылады.
      4955. Клиенттерге ұсынылған заемдар және қаржы лизингі бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістер.
      Шоттың мақсаты: Клиенттерге берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістердің сомалары есепке алынады.
      Шоттың кредиті бойынша клиенттерге берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістердің сомалары клиент міндеттемелерін орындаған, қайта жіктеу кезінде және басқа жағдайларда жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары N 4999 баланстық шотқа есептен шығарылады.
      4956. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістер.
      Шоттың мақсаты: Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға ұсынылған заемдар және қаржы лизингі бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға ұсынылған заемдар және қаржы лизингі бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістердің сомалары ұйым міндеттемелерін орындаған, қайта жіктеу кезінде және басқа жағдайларда жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары N 4999 баланстық шотқа есептен шығарылады.
      4957. Басқа да банктік қызметтен шығындарды жабу үшін құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістер.
      Шоттың мақсаты: Басқа да банктік қызметтен шығындарды жабу үшін құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша басқа да банктік қызметтен шығындарды жабу үшін құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістердің сомалары борышкер міндеттемелерін орындаған, қайта жіктеу кезінде және басқа жағдайларда жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары N 4999 баланстық шотқа есептен шығарылады.
      4958. Шартты міндеттемелер бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістер.
      Шоттың мақсаты: Шартты міндеттемелер бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша шартты міндеттемелер бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістердің сомалары қайта жіктеу кезінде және басқа жағдайларда жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары N 4999 баланстық шотқа есептен шығарылады.
      4959. Негізгі емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістер.
      Шоттың мақсаты: Негізгі емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша негізгі емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістердің сомалары дебитор міндеттемелерін орындаған, қайта жіктеу кезінде және басқа жағдайларда жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары N 4999 баланстық шотқа есептен шығарылады.";
      5306 шоттың атындағы және сипаттамасындағы "өзге бағалы қағаздар" деген сөздер ", сату үшін қолда бар бағалы қағаздар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5307 шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 5308 шоттың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "5308. Өтелгенге дейінгі ұсталатын, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақының амортизациясы бойынша шығыстар.
      Шоттың мақсаты: Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақының амортизациясына байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақының амортизациясына байланысты шығыстардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомалары N 4999 баланстық шотқа есептен шығарылады.";
      5459 шоттың атындағы және сипаттамасындағы "Банктік емес" деген сөздер "Негізгі емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5466 шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 5468 шоттың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "5468. Бағалау міндеттемелерін құру бойынша қаржы бөлу.
      Шоттың мақсаты: Бағалау міндеттемелерін құру бойынша қаржы бөлу шығыстарының сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша бағалау міндеттемелерін құру бойынша қаржы бөлу шығыстарының сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомалары N 4999 баланстық шотқа есептен шығарылады.";
      5602 шоттың атындағы және сипаттамасындағы:
      атындағы "Сақтандыру полистерін сату бойынша алынған қызметтер" деген сөздер "Агенттік қызмет көрсетулер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      сипаттамасындағы "Сақтандыру полистерін сату бойынша көрсетілген қызметтер" деген сөздер "Агенттік қызмет көрсетулер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5609 шоттың атындағы және сипаттамасындағы "Кастодиандық қызмет" деген сөздер "Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5713 шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 5714 шоттың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "5714. Гудвилдің құнсыздануынан шығыстар.
      Шоттың мақсаты: Гудвилдің құнсыздануынан шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша гудвилдің құнсыздануынан шығыстардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша шығыстардың сомалары N 4999 баланстық шотқа есептен шығарылады.";
      5922 шоттың атындағы және сипаттамасындағы "Банктік емес" деген сөздер "Негізгі емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5925 шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 5926 шоттың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "5926. Артықшылықты акциялар бойынша шығыстар.
      Шоттың мақсаты: Эмитенттің белгіленген немесе болашақта айқындалатын күні белгіленген немесе айқындалатын сома бойынша міндетті өтеуі көзделетін артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеуге байланысты шығыстар сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеуге байланысты шығыстардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомалары N 4999 баланстық шотқа есептен шығарылады.";
      5941 - 5943 шоттардың нөмірлері, аттары және сипаттамалары алынып тасталсын;
      6030 шоттан кейін мынадай мазмұндағы 6040, 6045 шоттармен толықтырылсын:
      "6040. Рамбурстаушы банктің эмитент банкке/басқа тұлғаға қоятын ықтимал талаптары (актив).
      Шоттың мақсаты: Рамбурстаушы банктің эмитент банкке/басқа тұлғаға қоятын ықтимал талаптарының сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша рамбурстаушы банктің эмитент банкке/басқа тұлғаға қоятын ықтимал талаптарының сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша рамбурстаушы банктің эмитент банкке/басқа тұлғаға қоятын ықтимал талаптарының сомалары ақшаны өтеу жөніндегі міндеттемелер қабылданған жағдайда есептен шығарылады.
      6045. Рамбурстау бойынша ықтимал талаптар (актив).
      Шоттың мақсаты: Рамбурстаушы банктің орындаушы банкке ықтимал талаптарының сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша рамбурстаушы банктің орындаушы банкке ықтимал талаптарының сомалары ақшаны өтеу міндеттемелері қабылданған кезде жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша рамбурстаушы банктің орындаушы банкке ықтимал талаптарының сомалары рамбурстаушы банк аккредитивті төлеген кезде есептен шығарылады.";
      6210, 6710 шоттардың атындағы және сипаттамасындағы "(пассив операциялар бойынша)" және "пассив операциялары бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
      6220 шоттың нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      6310, 6810 шоттардың атындағы және сипаттамасындағы "(пассив операциялар бойынша)" және "пассив операциялары бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
      6320, 6498, 6499 шоттардың нөмірлері, аттары және сипаттамалары алынып тасталсын;
      6530 шоттан кейін мынадай мазмұндағы 6540, 6545 шоттардың аттарымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
      "6540. Рамбурстау бойынша ықтимал міндеттемелер (пассив).
      Шоттың мақсаты: Рамбурстаушы банктің орындаушы банкке ықтимал міндеттемелерінің сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша рамбурстаушы банктің орындаушы банкке ықтимал міндеттемелерінің сомаларын рамбурстаушы банк аккредитивті төлеген кезде есептен шығарылады.
      Шоттың кредиті бойынша рамбурстаушы банктің орындаушы банкке ықтимал міндеттемелерінің сомалары ақшаны өтеу жөніндегі міндеттемелер қабылданған кезде жазылады.
      6545. Рамбурстаушы банктің эмитент банкке/басқа тұлғаға ықтимал міндеттемелері (пассив).
      Шоттың мақсаты: Рамбурстаушы банктің эмитент банкке/басқа тұлғаға қоятын ықтимал міндеттемелерінің сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша рамбурстаушы банктің эмитент банкке/басқа тұлғаға қоятын ықтимал міндеттемелерінің сомалары есептен шығарылады.
      Шоттың кредиті бойынша рамбурстаушы банктің эмитент банкке/басқа тұлғаға қоятын ықтимал міндеттемелердің сомалары жазылады.";
      6720, 6820 шоттардың нөмірлері, аттары және сипаттары алынып тасталсын;
      6996, 6997, 6998, 6999 шоттардың аттарындағы "(пассив)" деген сөз "(қарсы актив)" деген сөзбен ауыстырылсын;
      7535 шоттың атындағы "заемдар" деген сөзден кейін "(актив)" деген сөзбен толықтырылсын;
      7535 шоттың сипаттамасындағы "кірісі", "шығысы" деген сөздер тиісінше "дебеті", "кредиті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7535 шоттың сипаттамасынан кейін 7536 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "7536. Талап ету құқығы сенімгерлік басқаруға қабылданған мерзімі өткен ипотекалық заемдар (актив).
      Шоттың мақсаты: Талап ету құқығы сенімгерлік басқаруға қабылданған мерзімі өткен ипотекалық заемдардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың кірісі бойынша талап ету құқығы сенімгерлік басқаруға қабылданған мерзімі өткен ипотекалық заемдардың сомалары жазылады.
      Шоттың шығысы бойынша талап ету құқығы сенімгерлік басқаруға қабылданған мерзімі өткен ипотекалық заемдардың сомалары оларды өтеу немесе кері сатып алу жағдайлары туындаған кезде есептен шығарылады.";
      7542 шоттың атындағы "сыйақы" деген сөзден кейін, 7543 шоттың атындағы "(айыппұл, өсімпұл)" деген сөздерден кейін "(актив)" деген сөзбен толықтырылсын;
      7542 - 7544 шоттардың сипаттамасындағы "кірісі", "шығысы" деген сөздер тиісінше "дебеті", "кредиті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7688 шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 7701 - 7713 шоттардың аттарымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
      "7701. Бағалы қағаздар.
      Шоттың мақсаты: Кастодиандық қызмет көрсетуге қабылданған бағалы қағаздардың құнын есепке алу.
      Шоттың кірісі бойынша бағалы қағаздардың құны олар кастодиандық қызмет көрсету шарты негізінде қабылданған немесе бағалы қағаздарды қайта бағалаған кезде құны ұлғайған кезде жазылады.
      Шоттың шығысы бойынша кастодиандық қызмет көрсету шарты негізінде қабылданған бағалы қағаздардың құны оларды клиентке қайтарған, оларды сатқан немесе бағалы қағаздарды қайта бағалау кезінде құны азайған кезде есептен шығарылады.
      7702. Басқа банктердегі салымдар.
      Шоттың мақсаты: Кастодиандық қызмет көрсету шарты негізінде қабылданған, басқа банктердегі салымдарда орналастырылған ақша сомасын есепке алу.
      Шоттың кірісі бойынша кастодиандық қызмет көрсету шарты негізінде қабылданған, басқа банктердегі салымдарға орналастырылған ақша сомасы жазылады.
      Шоттың шығысы бойынша кастодиандық қызмет бойынша орналастырылған салымдардың сомалары олар қайтарылған кезде есептен шығару жазылады.
      7703. Тазартылған қымбат металдар.
      Шоттың мақсаты: Кастодиандық сақтауға қабылданған тазартылған қымбат металдардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың кірісі бойынша кастодиандық сақтауға қабылданған тазартылған қымбат металдардың сомалары немесе оларды қайта бағалаған кездегі соманың ұлғаюы жазылады.
      Шоттың шығысы бойынша тазартылған қымбат металдардың сомалары оларды клиентке қайтарған, оларды сатқан немесе қайта бағалау кезінде құны азайған кезде есептен шығару жазылады.
      7704. "Кері РЕПО" операциялары.
      Шоттың мақсаты: "Кері РЕПО" операциялары бойынша талаптардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың кірісі бойынша "Кері РЕПО" операциялары бойынша талаптардың операцияны ашу күнгі сомалары жазылады.
      Шоттың шығысы бойынша "Кері РЕПО" операциялары бойынша талаптардың сомалары "Кері РЕПО" операцияларын жабу немесе жою кезінде есептен шығарылады.
      7705. "РЕПО" операциялары.
      Шоттың мақсаты: "РЕПО" операциялары бойынша талаптардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың кірісі бойынша "РЕПО" операциялары бойынша талаптардың операцияларды ашу күнгі сомалары жазылады.
      Шоттың шығысы бойынша "РЕПО" операциялары бойынша талаптардың сомалары "РЕПО" операцияларын жабу немесе жою кезінде есептен шығарылады.
      7706. Туынды қаржы құралдары.
      Шоттың мақсаты: Кастодиандық сақтауға қабылданған туынды қаржы құралдарымен операциялар жасау нәтижесінде туындаған сомаларды, сондай-ақ кері қайта бағалау сомаларын есепке алу.
      Шоттың кірісі бойынша кастодиандық сақтауға қабылданған туынды қаржы құралдарымен операциялар жасау нәтижесінде туындаған сомалар, сондай-ақ кері қайта бағалау сомалары жазылады.
      Шоттың шығысы бойынша туындаған талаптардың сомалары оларды қарсы әріптес төлеген немесе кастодиандық сақтауға қабылданған туынды қаржы құралдарымен операциялар жойылған кезде, сондай-ақ кері қайта бағалау сомалары есептен шығарылады.
      7707. Капиталға инвестициялар.
      Шоттың мақсаты: Кастодиандық қызмет көрсету шарты негізінде қабылданған, заңды тұлғалардың капиталына салынған ақша сомасын есепке алу.
      Шоттың кірісі бойынша кастодиандық қызмет көрсету шарты негізінде қабылданған, заңды тұлғаның капиталына салынған ақша сомасы жазылады.
      Шоттың шығысы бойынша кастодиандық қызмет көрсету шарты негізінде қабылданған, заңды тұлғаның капиталына салынған ақша сомасын есептен шығару жазылады.
      7708. Үйлерге, машиналарға, жабдыққа, көлік және басқа негізгі құрал-жабдыққа инвестициялар.
      Шоттың мақсаты: Кастодиандық қызмет көрсету шарты негізінде қабылданған, заңды тұлғалардың үйлеріне, машиналарына, жабдығына, көлік және басқа негізгі құрал-жабдықтарына салынған ақша сомасын есепке алу.
      Шоттың кірісі бойынша кастодиандық қызмет көрсету шарты негізінде қабылданған, заңды тұлғалардың үйлеріне, машиналарына, жабдығына, көлік және басқа негізгі құрал-жабдықтарына немесе оларды қайта бағалау кезінде құнының ұлғаю сомалары жазылады.
      Шоттың шығысы бойынша кастодиандық қызмет көрсету шарты негізінде қабылданған, ақша сомасы, оларды заңды тұлға сатып алған, оларды сатқан немесе қайта бағалау кезінде олардың құны азайған кезде есептен шығару жазылады.
      7709. Басқа да активтер.
      Шоттың мақсаты: кастодиандық қызмет көрсетудегі ақшаны орналастыру кезінде сатып алынған, басқа да активтерді есепке алу.
      Шоттың кірісі бойынша басқа да активтердің немесе олардың құнының қайта бағалау кезіндегі ұлғаю сомалары жазылады.
      Шоттың шығысы бойынша басқа да активтердің сомалары оларды клиентке қайтару, сату немесе олардың құны қайта бағалау кезінде азайған кезде есептен шығарылады.
      7710. Дивидендтер.
      Шоттың мақсаты: Кастодиандық сақтауға қабылданған бағалы қағаздар бойынша есептелген дивидендтердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кірісі бойынша кастодиандық сақтауға қабылданған бағалы қағаздар бойынша есептелген дивидендтердің сомалары жазылады.
      Шоттың шығысы бойынша кастодиандық сақтауға қабылданған бағалы қағаздар бойынша бұрын есептелген дивидендтердің сомалары есептен шығарылады.
      7711. Сыйақы.
      Шоттың мақсаты: кастодиандық қызмет көрсету шарты негізінде қабылданған активтер бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кірісі бойынша кастодиандық қызмет көрсету шарты негізінде қабылданған активтер бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомалары жазылады.
      Шоттың шығысы бойынша кастодиандық қызмет көрсету шарты негізінде қабылданған активтер бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомалары олар үшін ақы төлеу кезінде есептен шығарылады.
      7712. Бағалы қағаздар бойынша алдыңғы ұстаушыларға есептелген сыйақы.
      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алғанға дейін алдыңғы ұстаушыларға есептелген сыйақы сомаларын есепке алу.
      Шоттың кірісі бойынша бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алғанға дейін алдыңғы ұстаушыларға есептелген сыйақы сомалары жазылады.
      Шоттың шығысы бойынша бағалы қағаздар бойынша сыйақы сомалары оларды алған кезде есептен шығарылады.
      7713. Басқа да талаптар.
      Шоттың мақсаты: Кастодиандық қызмет бойынша басқа да талаптар бойынша сомаларды есепке алу.
      Шоттың кірісі бойынша кастодиандық қызмет бойынша басқа да талаптардың сомалары жазылады.
      Шоттың шығысы бойынша кастодиандық қызмет бойынша басқа да талаптардың сомалары оларды өтеу немесе есептен шығару кезінде есептен шығарылады.".

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 25 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының жетінші, сегізінші, отызыншы, отыз бірінші, жүз жетпіс алтыдан бастап жүз сексен аралығындағы абзацтарды қоспағанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны ипотекалық ұйымдарға жіберсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З. Айманбетоваға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы