Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасның "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктердің ірі қатысушыларының және банктік холд

Қазақстан Республикасы Қаржы Нарығын және Қаржы Ұйымдарын Реттеу мен Қадағалау Агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 148 Қаулысы.  Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 13 шілдеде нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4804 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 275 (2008 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2007.12.24.  N 275  (2008 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы  Заңының 54-1-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктердің ірі қатысушыларының және банктік холдингтердің есеп беру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы  N 41  қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4180 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық кесімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы 2007 жылғы 30 наурыздағы  N 76  қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4670 тіркелген) енгізілген толықтырулармен бірге мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің ірі қатысушыларының және банктік холдингтердің есеп беру  ережесінде :
      мынадай мазмұндағы 5-1 тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Заңның 54-1-бабының 4-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген жағдайда банктің ірі қатысушысы - заңды тұлға немесе банк холдингі осы Ереженің 3-1 қосымшасына сәйкес оның атқарушы органының бірінші басшысының мінсіз іскерлік беделі туралы
мәліметтерді мыналарды қоса беруімен ұсынады:
      экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін немесе ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауын растайтын құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есеп жүргізу жөніндегі
уәкілетті мемлекеттік органның анықтама нысанында берген құжатты (аталған құжаттың берілген күні уәкілетті органға мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді ұсынған күннен бұрын үш айдан аспауы тиіс). Шетелдік азаматтар қосымша олар азаматтық алған елдің, ал
азаматтығы жоқ тұлғалар - олардың тұрақты тұратын елдің тиісті мемлекеттік органы берген осыған ұқсас мазмұндағы құжатты ұсынады;
      осы Ереженің 3-1 қосымшасында көрсетілген мәліметтерді растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері.
      Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың шынайылығын тексеру қажет болған жағдайда тиісті органдар мен ұйымдардан қосымша мәліметтер сұратады.";

      8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жеке тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушысы Қазақстан Республикасының салық туралы заңнамасына сәйкес салық қызметі органына кірістер туралы декларация беретін болған жағдайда қаржы жылы аяқталғаннан кейін жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға
кірістер туралы декларацияның нотариатта куәландырылған, оның қабылданғаны туралы салық органының белгісі қойылған көшірмесін береді.";

      осы қаулының қосымшасына сәйкес 3-1-қосымшасымен толықтырылсын;

      9-қосымшасында:

      3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Банктің ірі қатысушысының (банктік холдингі) міндеттемелерін, банк акцияларына орналастырған активтерін, сондай-ақ өзге заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесіне және акцияларына орналастырылған активтер сомасын шегерілген активтері сомасы шеңберінде банк акцияларын сатып алу үшін қолданылған дерек көздері мен қаражаттардың сипаттамасын растайтын құжаттарды қоса бере отырып көрсетеді
_________________________________________________________________
_______________________________________________________________";

      10-тармақта:
      3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Банктің ірі қатысушысының меншік құқығында тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде банк акцияларын сатып алу үшін қолданылған дерек көздері мен қаражаттардың сипаттамасын растайтын құжаттарды қоса бере отырып көрсетеді
_________________________________________________________________
_______________________________________________________________".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді. 

      3. Банктерді қадағалау департаменті (Р.Е. Раева):
      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      4. Төраға қызметі (Е.Н. Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

                                      Қазақстан Республикасы Қаржы
                                      нарығын және қаржы ұйымдарын
                                     реттеу мен қадағалау агенттігі
                                              Басқармасының
                                         2007 жылғы 28 мамырдағы
                                         N 148 қаулысына қосымша

                                     "Банктердің ірі қатысушыларының
                                     және банктік холдингтердің есеп
                                      беру ережесіне 3-1-қосымшасы

       Банктің ірі қатысушысы - заңды тұлғаның немесе банктік
 холдингінің атқарушы органының бірінші басшысының мінсіз іскерлік
                   беделі туралы мәліметтер

1. Білімі

Оқу
орнының
атауы

Келіп түскен
күні - аяқтаған
күні

Мамандығы

Білімі туралы
дипломның
деректемелері,
біліктілігі

Оқу орнының
орналасқан
жері

  

  

  

  

  

2. Соңғы үш жылдағы біліктілік көтеру жөніндегі семинарлар,
біліктілік көтеру курстарынан өту туралы мәліметтер

Ұйымның атауы

Өткізу күні және
орны

Сертификат
деректемелері

  

  

  

3. Еңбек қызметі туралы мәліметтер

Жұмыс
кезеңі

Жұмыс
орны

Лауазымы
 

Тәртіптік шара
қолданудың болуы

Жұмыстан шығу,
қызметтен босату
себептері

  

  

  

  

  

4. Бар жарияланымдар, ғылыми әзірленімдер және басқа да
жетістіктер:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
5. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін немесе ауырлығы
орташа қылмыстар, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған
немесе өтелмеген соттылығының бар болуы жөніндегі мәліметтер

Күні

Сот
органы-
ның
атауы

Соттың
тұратын
орны

Жазаның
түрі

1997 жылғы 16 шіл-
дедегі Қазақстан
Республикасының
Қылмыстық кодексі-
нің бабы

Соттың процес-
суалды шешімді
қабылдаған күні
 

  

  

  

  

  

  

6. Өзіне қабылдаған міндеттемелерді (өтелмеген немесе мерзімі
өткен заемдар және басқалар) орындамау фактілерінің болуы туралы
мәліметтер:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
   (аталған фактілер болған жағдайда ұйымның атауын және
              міндеттемелер сомасын көрсету қажет)
7. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорымен аффилиирленгендігі болуы
(болмауы):
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
        (иә/жоқ, аффилиирлік сипаттарын көрсету)
8. Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
      Осы ақпарат тексерілгенін және шынайы мен толық болып
табылатынын растаймын.
      Банктің ірі қатысушысының - заңды тұлғаның немесе банктік
холдингтің атқарушы органының бірінші басшысы
_________________________________________________________________
(фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) баспа әріптерімен, қолы)

      Мөр орны

      Күні _____________________"