"Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 195 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 4 шілдедегі N 234 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 11 шілдедегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4799 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің м.а. 2009 жылғы 6 тамыздағы N 331 Бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 27.03.2015 № 23-14 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 61 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 14 бабын іске асыру мақсатында облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 33-8 "Облыстың шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі туралы" шешіміне (2006 жылғы 23 желтоқсандағы тіркеу N 2981, "Орал өңірі" газетінде 2007 жылы 9 қаңтардағы N 4 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 33-8 "Облыстың шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі туралы" шешімінің қосымшасындағы 3 бөлім алынып тасталсын.
      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы
      Облыстық мәслихат хатшысы