"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі N 548 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 8 маусымдағы N 242 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 21 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4753 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 11 мамырдағы N 204 Бұйрығымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесі мынадай мазмұндағы 88-1-тармақпен толықтырылсын:
      "88-1. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру үшін астықты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агентке ақша қаражатын аудару Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайынғы шешімімен анықталатын астықты көктемгі-жазғы қаржыландыруға және күзгі сатып алуға арналған сома мөлшерінде біржолғы төлемдермен жүзеге асырылады.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі