Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы аудиторлар және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 23 мамырдағы N 279 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 19 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4750 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы N 313 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер
бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі Техникалық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 желтоқсандағы N 1337  қаулысында :
      1-тармақтағы»"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі" деген сөздер»"Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан-Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 қазандағы N 960  қаулысында :
      2-тармақтағы»"Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі