Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымдары мен бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйымдардың есептілігі тізбесін, нысандары мен ұсыну мерзімділігін бекіту туралы.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 188 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 14 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4741 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 561 Бұйрығымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесі мынадай мазмұндағы 88-1-тармақпен толықтырылсын:
      "88-1. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру үшін астықты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агентке ақша қаражатын аудару Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайынғы шешімімен анықталатын астықты көктемгі-жазғы қаржыландыруға және күзгі сатып алуға арналған сома мөлшерінде біржолғы төлемдермен жүзеге асырылады.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі