"Азаматтардың өтініштерін қарау туралы»N1-ОГ нысанды статистикалық есепті және оның құрылуы бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 19 мамырдағы N 18 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 74 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 5 қаңтардағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4506 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2007 жылғы 30 мамырдағы N 20 Бұйрығымен

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн 2007 жылдың  1 қаңтарына дейiн тағайындалған зейнетақы төлемдерiнiң барлық алушыларына, оның iшiнде қызмет өткерген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алушы әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне алатын зейнетақы төлемдерi мөлшерiнiң сегiз пайызына арттыру жүргiзiлсiн.

      2. Қызмет өткерген жылдары үшiн әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдарының арнаулы атақтар берiлген және iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын қызметкерлерiнiң арттырылған айлық зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жетпiс бес еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспауы тиiс деп белгiленсiн.

      3. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі