"Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен жасасқан қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенцияларды (Келiсiмдерді) қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қаза

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2007 жылғы 3 мамырдағы N 278-а Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 16 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4675 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы N 5 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.05 № 370 Қаулысымен.

      "Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдама туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 234  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдар:
      1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) 2007 жылғы 1 шілдеге және 1 қазанға Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Жоспардың орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 2007 жылғы 10 шілдеге және 10 қазанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                            Қазақстан Республикасы  
                                                  Үкіметінің
                                           2007 жылғы 30 сәуірдегі
                                                N 351 қаулысымен
                                                  Бекітілген

     Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі
     тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.30 № 1482 Қаулысымен.

Р/с
N

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Орында-
луына
жауапты

Орындау
мерзімі

1

2

3

4

5

1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін
әзірлеу

1

Қазақстан Республика-
сының кейбір заңнама-
лық актілеріне
мемлекеттік басқару
деңгейлерінің арасындағы өкілеттік-
тердің ара-жігін
ажырату және бюджет
процесін жетілдіру
мәселелері бойынша
өзгерістер мен
толықтырулар енгізу

Қазақстан
Республикасы
Заңының 
жобасы

ЭБЖМ
(жинақ-
тау),
Қаржымині,
ҰБ

2007
жылғы
III тоқсан

2. Елдің борышын басқарудың бірыңғай және тиімді жұмыс 
істейтін жүйесін құру үшін қажетті заңға тәуелді
нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу

2

"Қазақстан Республи-
касы Ұлттық Банкінде
сыртқы қарыздар,
есептер және өзге де
келісімдер туралы
кесімдерді дайындау
және қызмет көрсету
ережелерін бекіту
туралы" Қазақстан
Республикасы Ұлттық
Банкінің Директорлар
кеңесінің 2002 жылғы
16 мамырдағы N 204
қаулысына өзгерістер
мен толықтырулар
енгізу

Қазақстан
Республикасы
Ұлттық
Банкінің
Директорлар
кеңесі
қаулысының
жобасы

ҰБ
(жинақ-
тау),
Қаржымині,
ЭБЖМ

2007
жылғы
III тоқсан

3

"Республикалық және
жергілікті бюджеттер-
дің атқарылу ережесіне" өзгерістер
мен толықтырулар
енгізу

Қазақстан
Республика-
сының Үкіметі
қаулысының
жобасы

Қаржымині
(жинақ-
тау), ЭБЖМ

2008
жылғы
I тоқсан

4

Корпоративтік және
қаржылық секторлар
борышының индикатор-
лары бойынша
статистикалық
есептіліктің нысанын
жетілдіру

СА-ның
бұйрығы

СА
(жинақ-
тау), ҰБ,
Қаржымині,
өзге де
мүдделі
мемлекет-
тік
органдар,
"Қазына"
АҚ,
"Самұрық"
АҚ

2007
жылғы
II тоқсан

5

"Қазақстан Республи-
касы Экономика және
бюджеттік жоспарлау
министрлігінің
мәселелері" туралы
Қазақстан Республика-
сы Үкіметінің 2004
жылғы 28 қазандағы N
1116   қаулысына
өзгерістер мен
толықтырулар енгізу

Қазақстан
Республика-
сының Үкіметі
қаулысының
жобасы

ЭБЖМ

2008
жылғы
I тоқсан

6

"Қазақстан
Республикасы Қаржы
министрлігінің кейбір
мәселелері" туралы
Қазақстан Республика-
сы Үкіметінің 2004
жылғы 28 қазандағы N
1119 қаулысына
өзгерістер мен
толықтырулар енгізу

Қазақстан
Республика-
сының Үкіметі
қаулысының
жобасы

Қаржымині

2008
жылғы
I тоқсан

3. Елдің борышын басқарудың бірыңғай және тиімді жұмыс
істейтін жүйесін құру үшін қажетті ұйымдастыру
іс-шараларын өткізу

7

Үкіметтік және
мемлекет кепілдік
берген борыштың
тәуекелдерін бағалау

Қазақстан
Республика-
сының Үкіметіне
ақпарат

Қаржымині
(жинақ-
тау), ЭДСМ, ҰБ

Жыл
сайын,
1 ақпанға
дейін

8

Еншілес, тәуелді және
бірлесіп бақылайтын
ұйымдардың тізбесін,
олардың сыртқы
борышының мониторин-
гін жүзеге асыру
мақсатында мемлекетті
қатыстыра отырып
қалыптастыру

ҰБ-не, СА-ға ақпарат

Қаржымині
(жинақ-
тау), өзге
де мүдделі
мемлекет-
тік
органдар,
"Самұрық-Қазына" АҚ

Тоқсан
сайын

8-1

Ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы статистикалық ақпаратты қалыптастыру

статистикалық бюллетень

СА

тоқсан сайын, жылдық

9

Мемлекеттік сектордың
сыртқы борышының,
оның ішінде мемлекетті қатыстыра
отырып ұйымдардың,
сондай-ақ олардың
еншілес, тәуелді және
бірлесіп бақылайтын
ұйымдары бойынша
борышының және жеке
қаржылық әрі корпора-
тивтік секторлардың
сыртқы борышының
мониторингі

Мәліметтер
жинау,
мүдделі
мемлекеттік
органдарға
ұсыну

ҰБ,Қаржымині

Тоқсан
сайын

9-1

Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және олардың еншілес ұйымдарының, сондай-ақ жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялар борыштарының жай-күйі туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша), ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер мен жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялар

тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30-күні

10

Қайта қаржыландыру
тәуекелдерінің,
өтімділік, валюталық
және пайыздық
тәуекелдердің
мониторингі

Қаржы
тұрақтылығы
туралы есеп

ҰБ,
Қаржымині, ҚҚА

Жыл
сайын,
желтоқсан

11

Жеке сектордың
мемлекеттік борышы
мен сыртқы борышы
бойынша кіріктірілген
ақпараттық дерек
қорын тоқсан сайын
жаңарта отырып құру
жөнінде ұсыныстар
әзірлеу

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ақпарат

ЭБЖМ
(жинақ-
тау),
Қаржымині,
ҰБ, ҚҚА,
СА, АБА,
ЭМРМ

2007
жылғы
ІІІ тоқсан

12

Левереджді жетілдіру
бойынша ұсыныстар
әзірлеу, оның ішінде
қаржылық және қаржылық емес
ұйымдарға арналған
қарыз алушы левередж-
дің шекті коэффици-
енттерін төмендету
мүмкіндігін зерделеу

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
есеп

ЭБЖМ
(жинақ-
тау), ҰБ,
Қаржымині

2007
жылғы
IV тоқсан

13

Жекелеген бағыттар
(секторлар) бойынша
сыртқы борыштың
ЖІӨ-ге қатысты шекті
мәндерін белгілеу
мүмкіндігін зерделеу

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
есеп

ЭБЖМ
(жинақ-
тау), ҰБ,
Қаржымині

2007
жылғы
III тоқсан

14

Келісім-шарттарда
экономикалық және
қаржылық дағдарыстар
кезеңінде шетелдік
инвесторлардың
қазақстандық
ұйымдардың өнімдерін
және өзге де ішкі
активтерін (екінші
деңгейдегі банктер-
дегі депозиттерді)
алып қоюына тыйым
салатын (немесе
азайтатын) шарттарды
көрсету мүмкіндігін
зерделеу

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
есеп

ЭБЖМ
(жинақ-
тау),
Қаржымині,
ҰБ, ЭМРМ

2007
жылғы
III тоқсан

15

Қажетті қаржы
ресурстарын тарту
үшін несие капиталы-
ның ішкі нарығында
балама көздерді
дамыту үшін жағдай
жасау

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ұсыныс

ҚҚА
(жинақ-
тау), ҰБ,
ЭБЖМ,
Қаржымині

2007
жылғы
III тоқсан

16

Кірістілік ауытқымасын құру үшін
қор нарығында тиісті
бағдар белгілеу үшін
қажетті Қазақстан
Республикасы Қаржымині шығаратын
МБҚ-нің жеткілікті
көлемін ұстап тұру

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ақпарат

Қаржымині

Жыл сайын
есепті
жылдан
кейінгі
жылдың 1
ақпанына
дейін

17

Мемлекеттік сектордың, борыштық
міндеттемелері
неғұрлым елеулі болып
табылатын қаржылық
және корпоративтік
секторлары ұйымдары-
ның сыртқы борышының
жай-күйіне жүйелі
мониторинг пен оны
бағалау

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ақпарат

ҰБ
(жинақ-
тау),
ҚҚА

Тоқсан
сайын

18

Жергілікті атқарушы
органдардың қарыз алу
және борышты басқару
рәсімдерін жетілдіру

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ұсыныс

Қаржымині
(жинақ-
тау), ЭБЖМ

2007
жылғы
III тоқсан

19

Пайдалы қазбаларды
барлауға және
өндіруге лицензиясы
және келісім-шарты
бар шетелдің қатысуымен компаниялар тізбесін
жасау

Ақпарат жинау

ЭМРМ

Тоқсан
сайын

20

Елдің резидент
компанияларына
арналған несие
капиталының нарығында
хеджирлеу құралдарын
дамыту үшін жағдай
жасау

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ақпарат

ҚҚА

2007
жылғы
III тоқсан

21

Бағалы қағаздар
нарығын реттеу мен
қадағалау, инвестор-
лардың құқықтарын
қорғау деңгейін
Бағалы қағаздар
жөніндегі комиссия-
лардың халықаралық
ұйымының стандарт-
тарына және Еуропалық
одақ директивалары-
ның ережелеріне
жақындату

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ақпарат

ҚҚА

2007
жылғы
III тоқсан

22

Халықаралық әдіснама-
ны ескере отырып және
басқа елдермен салыс-
тыруда Қазақстан
Республикасы сыртқы
борышының салыстырма-
лы көрсеткіштерінің
жай-күйін бағалау

Қазақстан
Республикасы
Президентінің
Әкімшілігіне
және
Үкіметіне
талдау жазба

ҰБ

Жыл
сайын,
II тоқсан

23

Мемлекет басым
қатысатын ұйымдардың
активтерін инвести-
циялау үшін рұқсат
етілген қаржы құрал-
дарының тізбесін
белгілейтін норма-
тивтік құқықтық
актілерді сәйкес
келтіру

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ақпарат

Қаржымині
(жинақ-
тау), ҰБ,
"Қазына"
АҚ,
"Самұрық"
АҚ

2007
жылғы
IV тоқсан

      Ескертпе:
      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
      ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
      ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі
      АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
      ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
      "Самұрық-Қазына" АҚ - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ
      СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
      "Самұрық" АҚ - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ
      "Қазына" АҚ - "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ
      МҚБ - Мемлекеттік бағалы қағаздар
      ЖІӨ - Жалпы ішкі өнім