"Электровоздарды, тепловоздарды жөндеу объектілерін күтіп-ұстауға, пайдалануға және жұмысшылардың еңбек жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 180 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 25 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4635 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 476 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу үшiн жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебiнен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1276  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 49, 527-құжат) мынадай өзгерiстер иен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу үшiн жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебiнен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарында:

      2-тармақта:
      2) тармақшадағы "тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу үшiн жеке және заңды тұлғалардан тарту болжанатын ақшаның" деген сөздер "лицензия алған кезде осындай шарттар болған жағдайда тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысудың орындалмаған шарттары бойынша тартылған ақшаның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақша алынып тасталсын;
      7) тармақша "лицензия алуға үмiткер заңды тұлғада және/немесе бас мердiгерде" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі