Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 211 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының  Заңының 40-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкеc, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) «Жаз мезгілінің күндізгі және кешкі уақытында Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы 7 наурыздағы № 59 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4568 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылы 27 наурызда № 45(1074) және Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылы наурызда жарияланған);
      2) «Жаз мезгілінің күндізгі және кешкі уақытында Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы 7 наурыздағы № 59 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008 жылғы 18 ақпандағы № 56 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5155 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылы 17 шілдеде № 7 жарияланған);
      3) «Жаз мезгілінің күндізгі және кешкі уақытында Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын  ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы 7 наурыздағы № 59 бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 174 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемелекеттік тіркеу тізілімінде № 6214 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2010 жылы 19 мамырда № 70 (1692) жарияланған) күші жойылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (З.С. Сағынов) осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                       А. Жұмағалиев