Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2008.01.09. N 02-01-02/5 Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына Типтік біліктілік талаптарын бекіту туралы" 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 02-01-02/9
бұйрығына
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2697 тіркелген, 2004 жылғы 13 және 14 қаңтардағы N 33-34, 35 "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 24 ақпандағы
N 02-01-02/21
және 2005 жылғы 11 ақпандағы
N 02-01-02/21
бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына типтік біліктілік талаптарында:
5-тармақтың 2), 3) тармақшаларында; 6-тармақтың 2), 3) тармақшаларында; 7-тармақтың 14) тармақшасында; 9-тармақтың 6) тармақшасында ", не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқуы" деген сөздер алынып тасталсын;
5-тармақтың 4) тармақшасында; 6-тармақтың 4) тармақшасында; 7-тармақтың 3), 4), 10), 15) тармақшаларында; 8-тармақтың 3), 8) тармақшаларында; 9-тармақтың 7), 11) тармақшаларында "оқуы" деген сөз "оқуды (магистратура, докторантура) аяқтауы" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 5) тармақшасында; 6-тармақтың 5) тармақшасында; 7-тармақтың 5), 6), 11), 16) тармақшаларында; 8-тармақтың 4), 9) тармақшаларында; 9-тармақтың 3), 8), 12) тармақшаларында "оқуы" деген сөз "оқуды (бакалавриат) аяқтауы" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 4), 5) тармақшаларында; 6-тармақтың 4), 5) тармақшаларында; 7-тармақтың 3), 4), 5), 6), 10), 11), 15), 16) тармақшаларында; 8-тармақтың 3), 4), 8), 9) тармақшаларында; 9-тармақтың 3), 7), 8), 11), 12) тармақшаларында "бойынша" деген сөзден кейін "немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтың 2) тармағында "басшылық лауазымдарда" деген сөздерден кейін ", не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды (магистратура, докторантура) аяқтауы" деген сөздермен толықтырылсын.