Интернатура туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 8 қарашадағы N 523 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 8 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4483 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 16 маусымдағы N 452 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 15 тамыздағы N 770  қаулысына  мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және жүргiзу ережесiнде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Жергiлiктi атқарушы органдар жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу жөнiндегi тиiстi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы шешiм шығарған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жария етiлген объектiнi пайдалануға қабылдауды жүргiзудi ұйымдастырады. Жария етiлген объектiнi пайдалануға қабылдау он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі