Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттік Басқармасының "Ипотекалық ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 43 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 231 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2006 жылғы 24 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4465 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 178 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2014 № 178 (01.07.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ипотекалық ұйымдардың қызметтерін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау агенттігінің  Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік)  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттік Басқармасының "Ипотекалық ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 43  қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4157 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Ипотекалық ұйымдардың есеп беру ережесінде:
      1-қосымшада:
      "Активтердің, міндеттемелердің және меншікті капиталдың баланстық шоттарындағы қалдықтар туралы есеп" 1-кестеде:
      1003 жолдан кейін мынадай мазмұндағы 1004 жолмен толықтырылсын:

"

1004

Кешкі қассадағы қолма-қол ақша 


";

      1054, 1204, 1259, 1319, 1329, 1428, 1876, 1877, 1878 және 2875 жолдағы "арнайы резервтер" деген сөздер "резервтер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1660 жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

1660

Жасалған (әзірленген) материалдық емес активтер


";

      2113 жолдан кейін мынадай мазмұндағы 2126 жолмен толықтырылсын:

"

2126

Басқа банктердің тазартылған қымбат металдардағы мерзімді салымдары 


";

      2153 жолдан кейін мынадай мазмұндағы 2216 жолмен толықтырылсын:

"

2216

Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы мерзімді салымдары


";

      2406 жолдан кейін мынадай мазмұндағы 2451 жолмен толықтырылсын:

"

2451

Мерзімсіз қаржы құралдары


";

      2755 жолдан кейін мынадай мазмұндағы 2756 және 2757 жолмен толықтырылсын:

"

2756

Реттелген облигациялар бойынша есептелген шығыстар




2757

Мерзімсіз қаржы құралдары бойынша есептелген шығыстар


";

      2874 алып  тасталсын;

      3200 жол мынадай редакцияда жазылсын: 

"

3200

Жалпы банктік тәуекелдерге арналған резервтер (провизиялар)


";

      "Баланс шоттарындағы кірістер мен шығыстардың қалдықтары туралы есеп" 2-кестеде:

      4709 жолдағы "Сату үшін қолда бар" деген сөздер алып тасталсын;

      5153 жолдан кейін мынадай мазмұндағы 5216 жолмен толықтырылсын:

"

5216

Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар


";

      5406 жолдан кейін мынадай мазмұндағы 5407 жолмен толықтырылсын:

"

5407

Мерзімсіз қаржы құралдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар


";

      5451, 5452, 5453, 5455, 5457, 5459, 5464, 5465 және 5466 жолдардағы "арнайы" деген сөз алып тасталсын;

      5709 жолдағы "және сатуға арналған қолда бар" деген сөздер алып тасталсын;

      5721 жолдан кейін мынадай мазмұндағы 5722 жолмен толықтырылсын:

"

5722

Әлеуметтік аударымдар


";

      5853 жолдан кейін мынадай мазмұндағы 5854 жолмен толықтырылсын:

"

5854

Тауар-материалдық қорларды сатудан шығыстар


";

      "Баланстан тыс шоттардағы шартты және мүмкін талаптар мен міндеттемелердің қалдықтары туралы есеп" 3-кестеде:
      6125 жол мынадай редакцияда жазылсын: 

"

6125

Болашақта берілетін қайтарып алынбайтын заемдар бойынша шартты талаптар


";

      6125 жолдан кейін мынадай мазмұндағы 6126 жолмен толықтырылсын:

"

6126

Болашақта берілетін қайтарып алынатын заемдар бойынша шартты талаптар


";

      6175 жолдан кейін мынадай мазмұндағы 6177 жолмен толықтырылсын:

"

6177

Берілетін заемдар бойынша шартты талаптар


";

      6625 жол мынадай редакцияда жазылсын: 

"

6625

Болашақта берілетін қайтарып алынбайтын заемдар бойынша шартты міндеттемелер


";

      6625 жолдан кейін мынадай мазмұндағы 6626 жолмен толықтырылсын:

"

6626

Болашақта берілетін қайтарып алынатын заемдар бойынша шартты міндеттемелер


";

      6675 жолдан кейін мынадай мазмұндағы 6677 жолмен толықтырылсын:

"

6677

Берілетін заемдар бойынша шартты міндеттемелер


";

      6991, 6992, 6993, 6994, 6995 жол алып тасталсын;

      6996 жол мынадай редакцияда жазылсын: 

"

6996

Басқа да активтермен мәмілелер бойынша позиция


";

      "Мемарандумның баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есеп" 4-кестеде:
      7110 және 7220 жолдағы "Машиналар" деген сөз "Үйлер, машиналар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7500 жол мынадай редакцияда жазылсын: 

"

7500

Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдар


";

      7540 жол алып тасталсын; 

      7543 жолдан кейін мынадай мазмұндағы 7544, 7600-7611, 7630-7632, 7650, 7651, 7660-7668, 7680-7688 жолмен толықтырылсын:

"

7544

Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдар бойынша мерзімі өткен сыйақы




7600

Клиенттердің сенімгерлік (инвестициялық) басқарудағы активтері




7601

Ақша




7602

Тазартылған қымбат металдар




7603

Бағалы қағаздар




7604

Орналастырылған салымдар




7605

Капиталға инвестициялар




7606

Материалдық емес активтер




7607

Негізгі құрал-жабдықтар




7608

Басқа да активтер




7609

Дивидендтер




7610

Сыйақы




7611

Басқа да талаптар




7630

Сенімгерлік (инвестициялық) басқару бойынша операциялар жөніндегі міндеттемелер




7631

Ақы төлеуге шоттар




7632

Басқа да міндеттемелер




7650

Капитал




7651

Капитал




7660

Сенімгерлік (инвестициялық) басқару бойынша операциялар бойынша кірістер




7661

Клиенттен активтердің түсуі




7662

Сыйақы түріндегі кірістер




7663

Активтерді сатып алу-ату бойынша кірістер




7664

Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске асырылған кірістер




7665

Бағамдық айырма бойынша іске асырылған кірістер  




7666

Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске асырылмаған кірістер




7667

Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған кірістер




7668

Басқа да кірістер




7680

Сенімгерлік (инвестициялық) басқару бойынша операциялар бойынша шығыстар




7681

Клиенттің активтерін алу




7682

Комиссиялық сыйақы төлеу жөніндегі шығыстар




7683

Активтерді сатып алу-сату бойынша шығыстар




7684

Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске асырылған шығыстар




7685

Бағамдық айырма бойынша іске асырылған шығыстар




7686

Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске асырылмаған шығыстар




7687

Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған шығыстар




7688

Басқа да шығыстар


".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және оның қолданысы 2006 жылғы 1-қазаннан басталған қатынастарға таратылады.

      3. Стратегия және талдау департаменті (Е.С.Еденбаев):
      1) Заң департаментімен (М.Б.Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н.Өзбековке жүктелсін.

      Төраға