Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі
N 214
қаулысымен
.
__________________________________
Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резиденттерінің-эмитенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, оларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 271 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3833 тіркелген) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резиденттерінің-эмитенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, оларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру ережесінде:
2-тармақтағы "шығару андеррайтерлері (менеджерлері))" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ жазбаша хабарлама жасау немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы депозитарлық қолхаттарды немесе эмитенттің жай акцияларына айырбасталатын өзге де бағалы қағаздарды сатып алу жөніндегі эмитенттің өз акционерлеріне ұсынысы және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
22-1-бабы
1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген талаптардың орындалуы туралы ақпараттарды" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
бірінші абзацтағы "ұстаушылардың" деген сөз "меншіктенушілердің" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "2-қосымшасына" деген сөздер "3-қосымшасына" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан тізілім ұстаушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне және сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберсін.