Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты құжаттар нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006 жылғы 13 қазандағы N 306-Ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 24 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4433 болып енгізілді. Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007.04.05. N 100 бұйрығымен. V074661

      2006-2007 жылғы қысқы кезеңде Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн объектiлердiң орнықты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен Шығыс Қазақстан облысының әкiмiне аудару үшiн жылумен жабдықтау объектiлерiнде жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге 400000000 (төрт жүз миллион) теңге сомасында және 2006-2007 жылғы жылыту кезеңiне отынның нормативтiк қорын жасауға 330000000 (үш жүз отыз миллион) теңге сомасында жалпы сомасы 730000000 (жетi жүз отыз миллион) теңге мақсатты трансферттер бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі