"Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру мен жұмыс істеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 212

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2006 жылғы 23 маусымдағы N 180 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 21 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 4305. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2007 жылғы 8 қарашадағы N 259 бұйрығымен.

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.02.27.  N 152 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Ақтау халықаралық теңiз сауда портының екiншi кезегi құрылысының кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 13 қыркүйектегi N 916  қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Маңғыстау облысының әкiмi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен келiсiм бойынша Ақтау портын солтүстiк бағытта кеңейту және гидротехникалық құрылыстар салу үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен су қоры жерiнен жалпы алаңы 35 гектар жер учаскесiн 49 (қырық тоғыз) жыл мерзiмге осы қаулының 3-тармағында көзделген шарттарда Серiктестiкке уақытша өтемдi жер пайдалануға берудi қамтамасыз етсiн.".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі