Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 212 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 22 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3087. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2007 жылғы 8 қарашадағы N 259 бұйрығымен.

  Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2007 жылғы 8 қарашадағы N 259 бұйрығымен.
Үзінді:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 212 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3087 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының 2005 ж., N 2, 14-құжат нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған);
      2) ...
      3) ...
      2. ...
      4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Министр
________________________________________

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын іске асыру мақсатында  Бұйырамын :
     1. Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
     2. Электр энергиясы және қатты отын Департаменті (Н.Б.Бертісбаев) осы Ереженің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
     3. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық рыногының операторы коммерциялық диспетчерлеу бойынша қызмет көрсетеді және электр энергиясының көтерме сауда рыногындағы электр энергиясын жеткізу-тұтынудың тәуліктік кестесін құру мен 2005 жылғы 1 шілдеге дейін электр энергиясының көтерме сауда рыногында сатып алу-сатудың нақты балансын жасау жөніндегі функцияларды орындайды деп белгіленсін.
     4. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап, орталықтандырылған сауда-саттықта сатылуы тиіс болатын, электр энергиясын сатып алу-сатудың мынадай көлемдері белгіленсін:
     1) энергия өндіруші ұйымдар көтерме сауда рыногында электр энергиясын сату көлемінен 30 % дейін;
     2) энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын кепiлдiкпен жеткiзушiлер және электр энергиясын кейіннен сату мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар өз тұтынушыларына босатылған электр энергиясы көлемінің 50 % дейін.
      Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 23 маусымдағы N 180  бұйрығымен .  
     5. 2005 жылғы 1 қаңтарына дейін орталықтандырылған сауда-саттықта электр энергиясын сатып алу-сатудың мынадай көлемдері белгіленсін:
     1) энергия өндіруші ұйымдар көтерме сауда рыногында электр энергиясын сату көлемінен 5 % дейін;
     2) өңірлерге электр энергиясын жеткізуді кепілдендіруші, энергиямен жабдықтау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар өз тұтынушыларына босатылған электр энергиясы көлемінің 10 % дейін.
     6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Б.Е.Оразбаевқа жүктелсін.
     7. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің
     міндетін атқарушы

     Келісілген:
     Қазақстан Республикасының
     Табиғи монополияны реттеу
     және бәсекеден қорғау
     жөніндегі агенттіктің
     төрағасы міндетін атқарушы
     ________________________
     "____" _________ 2004 жыл

Қазақстан Республикасында Электр 
энергиясының орталықтандырылған 
сауда-саттығын ұйымдастыру және 
жүргізу Ережесін бекіту туралы" 
Қазақстан Республикасының    
Энергетика және минералдық   
ресурстар министрлігінің    
2004 жылғы 10 қыркүйектегі   
N 212 бұйрығымен      
бекітілді          

  Қазақстан Республикасында электр энергиясының
орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру
және жұмыс істеу
Ережесі 1. Бөлім. Жалпы ережелер

     1. Орталықтандырылған сауда-саттықтарды ұйымдастыру мен жүргізу ережесі (Бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Электр энергетикасы туралы"  Заңын орындау үшін әзірленді.

     2. Осы Ереже Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібін белгілейді.

     3. Орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылар арасында туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық  заңдарымен , осы Ережемен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

  2. Бөлім. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар

     4. Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
     1) орталықтандырылған сауда нарығы операторы қызметтерiне және олардың төлемдерiне қол жеткiзу мақсатында электр энергиясының
орталықтандырылған сауда нарығына қатысу шарты - электр энергиясының көтерме нарығының субъектiсi мен электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы операторы арасында жасалатын шарт;
     2) сатып алудың (сатудың) бірыңғай бағасы - орталықтандырылған сауда-саттықтың бірінші сауда сессиясы барысында орташа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге сұраным мен ұсыныстың сараланған кестесін салыстырумен белгіленген электр энергиясының бағасы;
     3) өтінім - электр энергиясының бағасын, жеткізу кезеңін және көлемін көрсете отырып, сатып алуға немесе сатуға берілген өтінім. Өтінімді беру орталықтандырылған сауда-саттықтың осы қатысушысы өтінімде көрсетілген баға бойынша немесе өзіне анағұрлым пайдалы бағаға сөзсіз келісімін білдіреді;
     4) клирингтiк баға - электр энергиясын сатып алу-сату спот мәмiлелерi бойынша есептесу үшiн сараланған кесте сұранысы мен ұсыныстарды салыстырумен анықталған, операциялық тәулiктiң әрбiр сағаты үшiн электр энергиясының бағасы;
     5) сауда-саттық операторы - сауда жүйесіндегі жұмыс бойынша орталықтандырылған сауда рыногы операторының оқытуынан өткен және кодтар мен паролдерге енуге рұқсаты бар, саудаға қатысуға байланысты ақпаратты енгізуге құқылы электр энергиясының көтерме рыногы субъектісінің жауапты қызметкері;
     6) төлемді қамтамасыз ету - жасалған мәміленің тиісті түрде орындалуын қамтамасыз етуші болып табылатын, спот-сауда-саттықтарының өтуі басталғанға дейін орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылардың қызмет көрсететін банкке салған берілген өтінімдегі электр энергиясы құнының көлеміндей ақшасы;
     7) қызмет көрсету банкі - электр энергиясының орталықтандырылған саудасы рыногының операторы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен белгілейтін және сауда-саттықта жасасылған мәмілелер бойынша орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылардың қаржылық реттелуін жүзеге асыратын банк. Қызмет көрсетуші банк пен банк шоты шартының ережелеріне қойылатын өлшемдерді таңдап алу тәртібін электр энергиясының орталықтандырылған саудасы рыногының операторы белгілейді;
     7-1) табиғат қорғау тұрғысындағы су жiберу кезеңi - су ресурстарын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ГЭС-тiң су жiберудi жүзеге асыратын уақыт бөлшегi;
     8) есеп айырысу ведомосты - орталықтандырылған сауда-саттық қорытындылары бойынша және қызмет көрсетуші банкке орталықтандырылған сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша өзара есеп айырысуды жүзеге асыру үшін жіберілетін орталықтандырылған сауда-саттық рыногының операторы жасайтын құжат;
     9) сараланған кесте - өтінімдердің оларда көрсетілген бағалар бойынша, ал біркелкі бағалар кезінде - олардың сауда жүйесіне түсу уақыты бойынша тәртіпке келтірілген тізілімі;
     10) "сатушы-сатып алушы" жұбының тізілімі -"сатушы-сатып алушы" жұбы тіркелетін электр энергиясының орталықтандырылған сауда рыногының операторы жасайтын құжат;
     11) сауда-саттықтарда жасалған мәмілелер тізілімі - орталықтандырылған сауда-саттықтарда жасалғанын растайтын орталықтандырылған сауда рыногының операторы жасайтын құжат;
     12) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық рыногы - электр энергиясын қысқа мерзімді (спот-сауда-саттығы), орташа мерзімді (апта, бір ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) кезеңдерге сатып алу-сату үшін ұйымдастырылған сауда алаңы;
     13) сауда сессиясы - сауда-саттыққа қатысу үшін өтінім беру жүзеге асырылатын процесс, сондай-ақ электр энергиясының сатылған (сатып алынған) көлемінің бағасын және орталықтандырылған сауда-саттық қорытындылары бойынша "сатушы-сатып алушы жұптарды" белгілеу жүзеге асырылады;
     14) сауда жүйесі - орталықтандырылған сауда-саттық өткізуді қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық, техникалық, бағдарламалық құрамдар кешені;
     15) уәкілетті орган - электр энергетикасы саласындағы бақылау мен реттеуді жүзеге асырушы мемлекеттік орган;
     15-1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
     16) орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушысы - осы Ережеге сәйкес сауда жүйесіне шығу және орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысу құқығын алған көтерме рынок субъектісі;
     17) мәміле бағасы - орташа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге орталықтандырылған сауда-саттықтың екінші сауда сессиясы барысында белгіленген электр энергиясының бағасы (талап етілген ыңғайласпа өтінімде көрсетілген баға).
      Ескерту: 4-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 6 сәуірдегі N 113   бұйрығымен

  3. Бөлім. Электр энергиясының орталықтандырылған
сауда рыногы

     5. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда рыногына электр энергиясының орталықтандырылған сауда рыногына қатысу үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда рыногы оператормен шарт жасасқан көтерме сауда рыногының барлық субъектілері шығарылады.

     6. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда рыногына қатысу шарты осы Ережелермен белгіленген міндетті шарт болып табылады, және көтерме рынок субъектісі оған тек бүтіндей қосылу жолымен ғана қабылдануы мүмкін. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда рыногына қатысу шартының нысанын электр энергиясының орталықтандырылған саудасы рыногының операторы әзірлейді.

     7. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда рыногына қатысу шартының құрамында мыналар болуы тиіс:
     1) шарттың мәні, электр энергиясының орталықтандырылған сауда операторы көрсететін қызмет түрлері, ақы төлеудің мерзімдері мен тәртібі;
     2) электр энергиясының көтерме сауда рыногы субъектісіне орталықтандырылған саудаға қатысу және сауда жүйесіне шығуы үшін қойылатын критерийлер мен талаптар;
     3) орталықтандырылған сауданы жүргізу тәртібі мен әдістері, соның ішінде мәмілені тіркеу тәртібі мен қатысушыларды сауданың қорытындыларымен хабарландырудың;
     4) электр энергиясының көтерме рыногының субъектісінің қызмет көрсететін банкте банктің шотын ашу ережелері, соның ішінде банктік шотты жүргізу мен жабуға, ондағы ақшаға иелік етуге (орталықтандырылған сауданы жүргізу уақытына шоттағы ақшаны шектеу, сондай-ақ жасалған мәміле бойынша ақшалай міндеттемелерді орындауда оларды аудару) қойылатын талаптар;
     5) орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылар сатып алған электр энергиясының төлемін қамтамасыз ету сомасын, төлем мерзімдерін белгілеу тәртібі;
     6) орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушыларын сауда жүйесіне шығаруды шектеу ережелері;
     7) орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушының шарттың ережесін бұзғандығы үшін жауапкершілігі;
     8) орталықтандырылған сауда-саттық рыногы операторының, электр энергиясының көтерме рыногы субъектілерін электр энергиясының орталықтандырылған сауда рыногына шығару шарттарының теңдік принциптерін қамтамасыз етпегені, орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылардың ақшаларының көлемі туралы қызмет көрсететін банктен алынған ақпараттарды жария еткені, сауда-саттыққа қатысушының атауын көрсетумен орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушыларының өтінімде көрсетілген бағалары мен көлемдері туралы ақпараттарын жария еткені, есептесу тізімдемесін қызмет көрсететін банкке уақытымен жібермегені.
      Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 6 сәуірдегі N 113   бұйрығымен

     8. Орталықтандырылған сауда рыногы операторының көрсеткен қызметі электр энергиясының көтерме сауда рыногының барлық субъектілерімен заңнамаға сәйкес тариф бойынша төленеді.

     9. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда рыногының операторы:
     1) спот-сауданы жүргізуді және ұйымдастыруды жүзеге асырады;
     2) қысқа мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) кезеңдерге арналған электр энергиясының орталықтандырылған саудасын өткізуді және ұйымдастыруды жүзеге асырады;
     2-1) орташа жылдық су шығыны есебінен өндiрiлетiн электр энергиясының көлемiн қоспағанда, табиғатты қорғау тұрғысында су жiберу кезеңiнде электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру мен жүргiзудi iске асырады;
     3) электр энергиясының көтерме сауда субъектісінің электр энергиясының орталықтандырылған саудасына қатысуы үшін тең шарттарды қамтамасыз етеді;
     4) электр энергиясының көтерме сауда субъектілерінің осы Ережеде бекітілген талаптарға сәйкестігін анықтайды;
     5) электр энергиясының орталықтандырылған саудасындағы электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі жасалған мәмілесінің тіркелуін және есепке алынуын жүзеге асырады;
     6) өз құзыретінің шектерінде электр энергиясының орталықтандырылған сауда рыногы субъектілерін нарықтық ақпаратпен, орталықтандырылған саудада қалыптасқан электр энергиясының индикативтік бағасы жөніндегі ақпаратпен және басқа да ақпаратпен қамтамасыз етеді.
      Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 6 сәуірдегі N 113   бұйрығымен .

     10. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда рыногының операторы орталықтандырылған сауданың қызметін қамтамасыз ету үшін:
     1) электр энергиясының көтерме сауда рыногында электр энергиясының орталықтандырылған саудасын өткізуге сауда жүйесін ұдайы дайын күйінде ұстайды;
     2) көтерме сауда рыногы субъектілерінің коммерциялық тәуекелін азайту мақсатында кепілдендірудің орталықтандырылған жүйесін және электр энергиясының орталықтандырылған сауда рыногында сатып алынған (сатылған) электр энергиясы үшін өзара есеп айырысуды енгізеді;
     3) орталықтандырылған саудаға қызмет көрсететін банкті таңдап алуды және ол арқылы орталықтандырылған саудада сатылған (сатып алынған) электр энергиясы үшін өзара есеп айырысуларды, орталықтандырылған саудаға қатысушыларға төлем хабарламасын (хабарлама) жіберуді және банкке оларды төлеу үшін нұсқаулар беруді жүзеге асырады;
     4) сауда өткізу кестесін жасайды және оны бекітеді;
     5) орталықтандырылған сауда өткізудің әдісі мен тәртібін әзірлейді;
     6) сауда операторларын сауда жүйесіндегі жұмыс бойынша оқытуды жүргізеді;
     7) қызмет көрсетуші банкпен және орталықтандырылған саудаға қатысушылармен орталықтандырылған сауданы жүргізу мәселелері мен өзара есеп айырысулар бойынша өзара әрекет жасайды;
     8) электр энергиясының көтерме рыногы субъектілеріне электр энергиясын сатып алу-сату шартын жедел жасасуға көмек көрсетеді;
     9) орталықтандырылған сауданы ұйымдастыруға және өткізуге байланысты мәселелер бойынша жүйелік оператормен өзара әрекет жасайды;
     10) орталықтандырылған саудада жасалынған мәміленің орындалуына мониторингті жүзеге асырады;
     10-1) жүйелiк оператор ұсынатын нақты баланс деректерi бойынша сауда жүйесiне қатысу үшiн орталықтандырылған сауда нарығында электр энергиясын өндiрудiң/тұтынудың нақты көлемi туралы ақпарат дайындайды;
     11) осы Ереже бұзылған жағдайда орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылардың сауда алаңына шығуы шектеледі;
     12) орталықтандырылған саудаға қатысушылардан орталықтандырылған сауданы жүргізу мен ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат сұратып алады;
     13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жасайды.
      Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 6 сәуірдегі N 113   бұйрығымен .

     11. Электр энергиясы көтерме рыногының субъектісі орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысу үшін мынадай талаптарды орындауы қажет:
     1) сауда операторының жұмыс орнын сауда жүйесінің базасымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін техникалық және бағдарламалық құралдармен жабдықтау;
     2) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық рыногының операторына сауда жүйесіндегі жұмыс бойынша электр энергиясы орталықтандырылған сауда-саттық рыногы операторының оқытуынан және аттестациясынан өткен уәкілетті тұлғалардың - сауда операторларының тізімін анықтау және беру;
     3) орталықтандырылған спот-саудаға қатысу үшін қызмет көрсететін банкте онда электр энергиясын сатып алу үшін беретін өтінімдердің төлемін қамтамасыз етуді орналастыру үшін банктік шот ашу және осы ақпаратты электр энергиясының орталықтандырылған сауда рыногының операторына ұсыну;
     4) электр энергиясын сатып алуға спот-саудаға қатысу үшін берілген өтінімдердің төлемін қамтамасыз етуді осы Ережелерде белгіленген тәртіппен енгізу.

     12. Осы Ереженің 11-тармағында көрсетілген шарттар электр энергиясының орталықтандырылған сауда рыногына қатысу шартында көрсетілуі қажет.

     13. Электр энергиясының көтерме сауда рыногының субъектісі сауда жүйесінде тіркелгеннен кейін орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушы мәртебесіне ие болады.

  4. Бөлім. Орталықтандырылған сауда-саттық рыногына
қатысушылардың құқықтары

     14. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда рыногының операторы:
     1) спот-саудаға қатысушы электр энергиясының көтерме рыногы субъектісінен электр энергиясын сатып алуға берілетін өтінімдердің төлемін қамтамасыз етуді талап ету;
     2) спот-саудада сатып алынған (сатылған) электр энергиясы үшін өзара есеп айырысуды жүзеге асыруға банкке нұсқаулар беруге;
     3) орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылардан орталықтандырылған сауда-саттықтарды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты ақпараттарды талап етуге;
     4) орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу және ұйымдастыру мәселелері бойынша нұсқаулықтар мен регламенттер әзірлеуге;
     5) осы Ережемен көзделген өзге де әрекеттерді жасауға құқылы.

     15. Орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушы:
     1) осы Ережемен, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық рыногы операторының нұсқаулықтары мен регламенттерінде белгіленген тәртіпте орталықтандырылған сауда-саттықта электр энергиясын сатып алуға (сатуға);
     2) электр энергиясының орталықтандырылған сауда рыногының операторынан орталықтандырылған сауда-саттықтағы қалыптасқан электр энергиясының көлемдері мен бағасы туралы және басқа рыноктық ақпаратты сұратып алуға;
     3) хабарландырудың электрондық тақтасына электр энергиясын сатып алу-сату туралы ақпаратты орналастыруға және оны электр энергиясын сатып алуға-сатуға екі жақты мәмілелер жасасу үшін тұтынуға;
     4) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген өзге де әрекеттерді жасауға құқылы.
      Ескерту: 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 6 сәуірдегі N 113   бұйрығымен .

  5. Бөлім. Орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу 1 параграф. Орталықтандырылған сауда-саттыққа
қатысуға өтінім беру

     16. Электр энергиясын сатып алуға немесе сатуға өтінім беру оны берген орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушының берілген өтінімін қанағаттандыратын электр энергиясының сауда-саттығы барысында белгіленген баға бойынша сатып алуға (сату) мәміле жасасуға келіскенінің қажетті және жетерлік куәсі болып саналады.

     17. Өтінім беру сауда сессиясының ашылу сәтінен бастап және өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталған сәтке дейін жасалады.

     18. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінім беру Интернет торабын немесе факсимальды байланысты тұтыну арқылы жүзеге асырылады.

     19. Факсимальды байланысты қолдануға орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушының Интернет торабына шығу мүмкіндігі болмаған жағдайда жол беріледі.

     20. Интернет торабын тұтынумен берілетін өтінімдер тікелей сауда жүйесінің Веб-серверінде қалыптастырылады сауда жүйесінің базасына енгізіледі.

     21. Орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушының факсимальды байланыс арқылы берген өтінімдері орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушының өкілетті тұлғасының қолы қойылуы және ұйымның мөрімен расталуы тиіс. Өтінімде бар деректерді, сондай-ақ электр энергиясының орталықтандырылған сауда рыногының операторы сауда жүйесінің базасына енгізеді.

     22. Орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушы өтінімді қабылдау уақыты аяқталғанға дейін, бұрын берілген өтінімді өзгерте немесе оны жаңа өтінім беру жолымен жоя алады.

     23. Сатуға өтінім берілген электр энергиясы басқа шарттық міндеттемелерден еркін болуы тиіс.

     24. Экспорт - импортқа арналған электр энергиясы Қазақстан Республикасының кедендік заңнамаларында белгіленген тәртіппен орталықтандырылған сауда-саттық қатысушысының кедендік ресімдеуіне жатады.

     25. Өтінімнің құрамында мынадай негізгі мәліметтер:
     1) орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушының атауы;
     2) өтінімінің түрі (сатып алуға немесе сатуға);
     3) сатып алынатын (сатылатын) электр энергиясының (базалық немесе ең жоғары деңгейдегі) түрлері;
     4) электр энергиясының бағасы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетілуі тиіс;
     5) электр энергиясын (тұтыну) жеткізу кезеңдері (жыл, тоқсан, ай, апта) жеткізудің басталуы мен аяқталу мерзімі көрсетілуімен;
     6) сатып алу (сатуға) өтінім берілген электр энергиясының сағаттық көлемі;
     7) сатып алу (сатуға) өтінім берілген электр энергиясының жиынтық көлемі;
     8) өтінімге қол қойған жауапты адамның немесе жауапты тұлғаның аты-жөні;
     9) сауда-саттыққа қатысушының реквизиттері (телефоны, факсы, Е-mail);
     10) Орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушының сатып алуға немесе сатуға берген өтініміндегі электр энергиясының сағатына 1 мың килоВат сағаттан кем емес және 1 мың килоВат сағат есе болуы тиіс.

  2 параграф. Орталықтандырылған сауда-саттық жүргізудің
орны мен мерзімі

     26. Орталықтандырылған сауда-саттық жасырын, Интернет жүйесін пайдалана отырып ара қашықтықта, сауда жүйесінің Веб-серверінде жүргізіледі.

     27. Сауда-саттық өткізу кестесін орталықтандырылған сауда рыногының операторы әзірлейді және бекітеді. Орталықтандырылған сауда-саттық өткізу кестесінде, сауданың басталу және аяқталу уақытын қоса алғандағы, сауда-саттық өткізудің уақыттық регламенті көрсетіледі. Сауда өткізу кестесі дер уақытында сауда жүйесінің Веб-серверінде орналастырылады.

  3 параграф. "Бір күн бұрын" режимінде орталықтандырылған
сауда-саттық спотын өткізу

     28. "Бір күн бұрын" сауда-саттық спотының барысында электр энергиясын табиғи жеткізуге арналған қысқа мерзімді мәмілелер жасалады.

     29. "Бір күн бұрын" режимінде орталықтандырылған сауда-саттық спотын жүргізу екі жақты аукцион нысанында жүргізіледі.

     30. Сауда (аукцион) қорытындысы бойынша төмендегілер анықталады:
     1) операциялық тәуліктің әрбір сағаты бойынша клирингтік баға;
     2) операциялық тәуліктің әрбір сағаты үшін сатып алынған (сатылған) электр энергиясының көлемі;
     31. Сатып алуға және сатуға берілген өтініштен электр энергиясының орталықтандырылған сауда рыногының операторы электр энергиясына сұраным мен ұсыныстардың сараланған кестесін жасайды:
     1) сатып алуға өтінім өтінімде көрсетілген бағаның азаю тәртібімен, ал бағалар бірдей болған кезде - олардың сауда жүйесіне түсу кезегі тәртібімен сараланады;
     2) сатуға өтінім - өтінімде көрсетілген бағаның өсуі тәртібімен, ал бағалар бірдей болған кезде - олардың сауда жүйесіне түсу кезегінің тәртібімен сараланады.

     32. Рыногы операторының операциялық тәуліктің әрбір сағатына арналған клирингтік бағаны анықтауы сұраныс пен ұсыныстардың сараланған кестесін салыстырумен жасалады.

     33. Егер сатуға немесе сатып алуға арналған соңғы талап етілген өтінім құрамында электр энергиясының ең аз жол берілген сағаттық көлемі шартты болса және бұл шарт қолда бар сұраным (ұсыныс) кезінде орындалуы мүмкін болмаса, онда мұндай сатуға (сатып алуға) арналған өтінім келесі кезектегі сату (сатып алу) өтінімімен алмастырылады.

     34. Әрбір операциялық тәулікке арналған клирингтік бағаны есептеуден кейін рынок операторы электр энергиясын сатып алудың (сатудың) көлемін және осы көлемге толықтай немесе ішінара енген сауда-саттыққа қатысушыларды анықтайды. Оларға клирингтік бағадан төмен немесе оған тең бағаға өтінім берген сатушылар мен клирингтік бағадан жоғары немесе оған тең бағаға өтінім берген сатып алушылар жатады.

     35. Егер Қазақстанның Бірыңғай электр энергиялық жүйесіндегі электр энергиясын тұтыну-өндіру режимін жоспарлау кезеңінде Ұлттық электр жүйесінің жекелеген участоктарында артық жүктеме (техникалық шектеулер) табылған жағдайда орталықтандырылған сауда-саттық орталықтандырылған сауда-саттық үшін өкілетті ұйым бекіткен квотаның шектерінде өтеді.

     36. Сауда сессиясының аяқталуы бойынша электр энергиясының орталықтандырылған сауда рыногының операторы жүйелік операторға жасалған сауда-саттық мәмілесінің қорытындыларын қабылдау/босатуды есепке алу нүктелерін көрсетумен электр энергиясының сатып алынған көлемдерін күндік кестеге енгізу үшін келісуге береді.

     37. Орталықтандырылған сауда-саттық рыногының операторы жүйелік оператордан оған электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықта сатып алынған электр энергиясының көлемі енгізіліп бекітілген күндік кестені алғаннан кейін үш күн ішінде қызмет көрсетуші банкке орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылар арасында олардың сауда-саттықта жасасқан мәмілесі бойынша өзара есеп айырысуды жүргізгені туралы көрсетумен ведомост жібереді.

     38. Орталықтандырылған сауда-саттық бойынша бекітілген тәуліктік кестеге енгізілген электр энергиясын жеткізу мен тұтынудың барлық көлемдерін рынок операторы орталықтандырылған сауда-саттықта қатысушыларға сатылған және сатып алынған ретінде бекітеді.

     39. Сауда-саттық егер:
     1) жүйелік оператор сауда-саттық нәтижелері бойынша сатып алудың (сатудың) көлемдерін келіспегенде;
     2) сатып алуға (сатуға) өтiнiм болмаса сауда-саттық өтпеді деп жарияланады;
     3) егер сұраныс пен ұсыныстың сараланған кестелерi қиылыспаса және сұраныс кестесiн сатып алуға тапсырыстың бiрде-бiреуiнiң бағасы ұсыныс кестесiн сатып алуға тапсырыстың бағасынан артық бағаны құрамаса.
      Ескерту: 39-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 6 сәуірдегі N 113   бұйрығымен .

     40. Сауда-саттықтың нәтижелері туралы орталықтандырылған сауда рыногы операторы орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушыларды 18-00 сағатқа дейін (астана уақытымен) хабарландырады.

  4 параграф. "Операциялық тәулік ішінде"
спот-сауда-саттығын жүргізу

     41. "Операциялық тәулік ішінде" спот-сауда-саттығы барысында электр энергиясын жеке жеткізуге қысқа мерзімді мәмілелер жасалады.

     42. "Операциялық тәулік ішінде" сауда-саттығы үздіксіз ыңғайласпа әдісі бойынша жүргізіледі.

     43. Сауда-саттыққа қатысуға өтінім беру, электр энергиясын нақты жеткізу (тұтыну) басталғанға дейінгі үш сағаттан кешіктірілмей жүзеге асырылады.

     44. Барлық қабылданған өтінімдер мынадай сатып алу мен сату қанағаттандырылмаған өтінімдер кезегінде жинақталады:
     1) сатып алуға берілген өтінімдер оларда көрсетілген бағаның азаю тәртібімен, ал тең баға кезінде - олардың сауда жүйесіне кезегінің тәртібімен сараланады;
     2) сатуға өтінім өтінімде көрсетілген бағаны көбейту тәртібімен сараланады, баға тең болған жағдайда - олар сауда жүйесіне кезекпен түседі.

     45. Сатуға жаңадан келіп түскен өтінім, ең төмен бағаны құрайтын сатуға түскен өтінімнен бастап, сату бағасы келіп түскен өтінім бағасынан төмен немесе тең сатып алуға арналған (бұдан әрі - талап етілген өтінімдер) қолда бар өтінім есебінен қанағаттандырылады. Бұл процесс не сатуға түскен осы өтінімді толық қанағаттандырғанға дейін, не болмаса баға бойынша қолдануға келетін өтінімдер таусылғанға дейін жалғасады.

     46. Сатып алуға жаңадан келіп түскен өтінім, ең төмен бағаны құрайтын сатуға түскен өтінімнен бастап, сату бағасы келіп түскен өтінім бағасынан төмен немесе тең сатуға арналған (бұдан әрі - талап етілген өтінімдер) қолда бар өтінім есебінен қанағаттандырылады. Бұл процесс не сатып алуға түскен осы өтінімді толық қанағаттандырғанға дейін, не болмаса баға бойынша қолдануға келетін өтінімдер таусылғанға дейін жалғасады.
     Жаңадан келіп түскен өтінім негізінде сатып алуға (сатуға) түскен ыңғайлас өтінімдерге байланысты бір немесе бірнеше шарттар жасалуы мүмкін. Мәмілелер ыңғайлас өтінімде көрсетілген баға бойынша жасалады.

     47. Электр энергиясын сатып алуға (сатуға) арналған толық қанағаттандырылған өтінімдер бұдан әрі сауда-саттықта қатыстырылмайды. Ішінара қанағаттандырылған өтінімдердің электр энергиясын сатып алудың (сату) қанағаттандырылмаған көлемі бөлігінде сауда-саттыққа қатысуы жалғастырылады.

     48. Толықтай қанағаттандырылған өтінімдер қабылдау/тұтыну нүктелерін көрсетумен электр энергиясын жеке жеткізудің операциялық сағатына дейін 2 сағаттан кешіктірілмей электр энергиясының жеткізу/тұтыну көлемін келісуге жүйелік операторға жіберіледі. Орталықтандырылған сауда-саттық рыногының операторы үш банктік күн ішінде жүйелік оператордан электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықта сатып алынған/сатылған электр энергиясы көлемдерінің тәуліктік кестеге енгізілгендігі туралы растау алғаннан кейін қызмет көрсетуші банкке орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылар арасындағы олардың сауда мәмілесінде жасалған шарт бойынша өзара есеп айырысу жасағаны туралы көрсетумен есеп айырысу ведомостын қызмет көрсетуші банктің сатып алушының шотынан олардың орталықтандырылған сауда-саттықта сатып алған электр энергиясына арналған сомасын акцептсіз тәртіппен есептен шығару жолымен жібереді.

     49. Орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылар арасындағы мәміле жүйелік оператормен, орталықтандырылған сауда рыногының операторы бұл туралы 1 сағаттың ішінде орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушыларды хабарландыратын, жеткізілген электр энергиясының сатып алынған/сатылған көлемдері келісілмеген жағдайда жасалмайды.

  5 параграф. Электр энергиясының орташа (апта, ай)
мерзімді және ұзақ (тоқсан, жыл)
мерзімді сауда-саттығын жүргізу

     50. Электр энергиясына орташа және ұзақ мерзімді кезеңдерге орталықтандырылған сауда-саттығы бір бірінен тәуелсіз екі сауда сессиясында жүргізіледі. Бірінші сауда сессиясы екі жақты аукцион нысанында, екінші сауда сессиясы үздіксіз ыңғайлас сауда-саттық әдісі арқылы жүргізіледі. Орталықтандырылған сауда-саттық қатысушысы екі сауда сессиясына да немесе өзінің шешімі бойынша кез келген біреуіне қатысуға құқығы бар.

     51. Электр энергиясының орташа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге сауда-саттығының қорытындысы бойынша оны аптаның жұмыс күндері (аптаның барлық күндеріне түрі бойынша айырылатын электр энергиясын - біркелкі кесте бойынша электр энергиясының базалық жүктемесін жабу үшін жеткізу (бұдан әрі - базалық электр энергиясы) және аптаның барлық күндеріне электр энергиясын - біркелкі кесте бойынша электр энергиясының ең жоғары жүктемесін жабу үшін жеткізудің бір жыл, бір тоқсан, бір ай, бір апта мерзімдерімен электр энергиясын жеке жеткізуге форвардты сауда-саттық) жеткізу мерзімі өтіп кеткен тауарға қатысты құқықтары мен міндеттерін өзара берумен байланысты мәмілелер жасалады.
     Ең жоғары электр энергиясын жеткізу сағаттары қажет болған жағдайда жеткізудің мезгіліне байланысты рынок операторымен түзетілуі мүмкін. Бұл өзгерістер туралы рынок операторы орталықтандырылған сауда-саттық қатысушыларын уақытында хабарландырып тұрады.
      Ескерту: 51-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 6 сәуірдегі N 113   бұйрығымен .

     52. Аукцион қорытындысы бойынша төмендегілер анықталады:
     1) мәміле жасалатын сату (сатып алудың) бірыңғай бағасы;
     2) сатып алынған (сатылған) электр энергиясының көлемі;
     3) "сатушы-сатып алушы" жұбының тізімі.
     Сауда сессиясының аяқталуы бойынша пайда болған жұптар туралы деректерді орталықтандырылған сауда-саттықта жасасылған мәмiлелер реестріне рынок операторы тіркейді.
      Ескерту: 52-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 6 сәуірдегі N 113   бұйрығымен .

     53. Сатып алу мен сатуға сауда-саттық қатысушысының өтінімінен рынок операторы электр энергиясына сұраныс және ұсыныстың мынадай сараланған кестелерін құрайды:
     1) сатып алуға өтінім өтінімде көрсетілген бағаның азаюы тәртібімен, ал баға тең болған жағдайда - олардың сауда жүйесіне түсу кезегінің тәртібімен сараланады;
     2) сатуға өтінім өтінімде көрсетілген бағаның өсу тәртібімен, ал баға тең болған жағдайда - олардың сауда жүйесіне түсу кезегінің тәртібімен сараланады.

     54. Сатып алу (сату) мәмілесінің бірыңғай бағасы сұраным мен ұсыныстың сараланған кестесін салыстырумен анықталады.

     55. Сатып алынған (сатылған) электр энергиясының көлемі сұраным пен ұсыныстың сараланған кестесінің салыстырумен анықталады.
      Ескерту: 55-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 6 сәуірдегі N 113   бұйрығымен .

     56. Электр энергиясын сатып алу (сату) және сатып алынған (сатылған) көлем бағасын есептеу қорытындысы бойынша рынок өтінімі операторы сатып алынған (сатылған) электр энергиясының осы көлеміне енген орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушыларының (сатушылар мен сатып алушылар) тізімін анықтайды және "сатушы-сатып алушы" жұбының тізімін қалыптастырады.

     57. Осы Ереженің 39-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдай кезінде сауда-саттық болмады деп жарияланады "сатушы-сатып алушы" жұбын анықтау жүзеге асырылмайды және сауда өтпеді деп жарияланады.
      Ескерту: 57-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 6 сәуірдегі N 113   бұйрығымен .

     58. Үздіксіз ыңғайлас сауда-саттық әдісімен жүргізілген, орталықтандырылған сауда-саттықта жасалған мәміленің бағасын және электр энергиясының сатып алынған (сатылған) көлемін анықтау тәртібі осы Ереженің 44-47 тармақтарында бекітілген тәртіпке ұқсас.

  5-1 параграф. Орташа жылдық су шығыны есебiнен
өндiрiлетiн электр энергиясының көлемiн қоспағанда,
табиғатты қорғау тұрғысынан су жiберiлетiн кезеңде
өндiрiлетiн электр энергиясының орталықтандырылған
сауда-саттығын жүргiзу

      Ескерту: 5-1 параграфпен толықтырылды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 6 сәуірдегі N 113   бұйрығымен .

        58-1. Табиғатты қорғау тұрғысында су жiберiлетiн процеске қатысуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес су қоймаларындағы ағынды қалпына келтiрудi, барлық энергия өндiретiн ұйымдар - ГЭС, орташа жылдық су шығыны есебiнен өндiрiлетiн электр энергиясының көлемiн қоспағанда, табиғатты қорғау тұрғысында су жiберiлетiн кезеңде электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықта сатуы тиiс.

      58-2. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында мiндеттi сатуға орташа жылдық су шығыны есебінен өндiрілетін электр энергиясының көлемiн қоспағанда, табиғатты қорғау тұрғысынан су жiберу кезеңiнде ГЭС өндiретiн электр энергиясының көлемi жатады.  
      ГЭС өндiретiн электр энергиясының мiндеттi сату мерзiмi су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен табиғатты қорғау тұрғысында су жiберу кезеңiмен белгiленген.

      58-3. Жыл сайын, 15 наурызға дейiн энергия өндiретiн ұйымдар - ГЭС-тiң сауалы бойынша су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган табиғатты қорғау тұрғысынан су жiберу кезеңiнде су ағындарының көлемi туралы алдын ала ақпарат ұсынады.

      58-4. Су ағынының көлемi бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласында уәкiлеттi органнан алдын ала алынған деректердiң негiзiнде, ГЭС табиғатты қорғау тұрғысында су жiберу кезеңiнде электр энергиясын өндiрудiң жоспарланған көлемiн анықтайды.
      ГЭС жыл сайын наурыздың үшiншi онкүндiгiнде орталықтандырылған сауда нарығы операторына судың орташа жылдық шеңберiнде электр энергиясын өндiрудiң көлемi жоспарланатын және табиғатты қорғау тұрғысында су жiберу шеңберiнде электр энергиясын өндiрудiң көлемi туралы ақпаратты ұсынады.

      58-5. Орталықтандырылған сауда-саттық операторы ортақтандырылған сауда-саттықтың басталатын күнін белгілейді, оны www.korem.kz веб-сайтында жариялайды және орташа жылдық су шығыны есебiнен өндiрiлетiн электр энергиясының көлемiн қоспағанда, табиғатты қорғау тұрғысында су жіберу кезеңiнде ГЭС сататын электр энергиясының жоспарланған көлемi туралы ақпаратты барлық көтерме сауда нарығы субъектiлерiне жеткiзедi.

      58-6. Табиғатты қорғау тұрғысында су жiберу кезеңінде ГЭС өндіретін электр энергиясының сауда-саттығы аукцион нысанында, осы ереженiң 50-57-тармақтарында белгiленген тәртiптегiдей өтедi. Электр энергиясының жіберiлген ең төменгi сағаттық көлемi сату тапсырыстарында көрсетiлмейдi.

      58-7. Табиғатты қорғау тұрғысында су жiберу кезеңiнде өндiрiлген электр энергиясының көлемi алдын ала жоспарланған және орталықтандырылған сауда-саттықта сатылған электр энергиясының көлемiне қарағанда ұлғайған жағдайда, ГЭС асы қосымша көлемдердi орталықтандырылған спот-сауда-саттығында сата алады.

  6. Бөлім. Электр энергиясының орталықтандырылған
сауда-саттығында мәмілелер жасау және оларды орындау

     59. Орталықтандырылған сауда-саттық барысында жасалған мәмілелер, Сауда-саттықта жасалған мәмілелер тізілімінде электр энергиясының орталықтандырылған сауда рыногы операторы тіркеген сәттен бастап жасалған болып есептеледі. Мәміленің жасалғандығын растау электр энергиясының орталықтандырылған сауда рыногы операторының болып өткен сауданың нәтижелері туралы сатылған (сатып алынған) электр энергиясының көлемі, бағасы, жеткізу кезеңі көрсетілген хабарламасы болып табылады.

     60. Электр энергиясын сату-сатып алу шарты спот-сауда-саттықта құжатсыз нұсқада жасалады.

     61. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы барысында жасалған мәмiлелер бойынша көтерме нарық субъектiлерi электр энергиясын орта мерзiмдiк және ұзақ мерзiмдiк сатып алу-сатуға (жеткізуге) келісім-шарттарды жазбаша шарт жасасады. Көтерме нарық субъектiлерi арасында электр энергиясын сатып алу-сатуға (жеткiзуге) келiсiм-шарттарды жасау орталықтандырылған сауда-саттықта жасалған мәмілелердің қорытындысы туралы электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық нарығы операторының хабарламасы негiзiнде өздiгiнен жүзеге асырылады."
      Ескерту: 61-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 6 сәуірдегі N 113   бұйрығымен .

      62. Көтерме сауда нарығының субъектiлерi арасында электр энергиясын сатып алу-сату шарты электр энергиясының сауда-саттығының қорытындылары бойынша электр энергиясының ортамерзiмдi (апта, ай) және ұзақмерзiмдiк {тоқсан, жыл) кезеңдерге электр энергиясын жеткiзудiң бағалары, көлемдерi және мерзiмдерi бойынша жасалады және төмендегi шарттарды көздейдi:
      1) жіберілген электр энергиясының құны электр энергиясының көлемiн өндiру ретiнде алынған хабарламаларға сай, орталықтандырылған сауда-саттық барысында анықталған бағаға салыстыру актiсiне сәйкес есептеледі;
      2) электр энергиясын сатып алу-сату (жеткiзу) келiсiм-шарты жасалған кезде орталықтандырылған сауда-саттық қатысушылары басқа келiсiмге келмесе, жеткiзiлген электр энергиясына Сатып алушының төлем төлеуi онкүндiк бойынша жүргiзiледi;
      3) Сатушыда тосын (авариялық) жағдайлар туындағанда, Сатушы алдын ала Жүйе операторымен алмастыруды келiсе отырып, Сатып алушыға басқа энергия көздерiнен (форс-мажор жағдайларын қоспағанда) электр энергиясының балама көлемiн жеткiзудi қамтамасыз етуге тиiс. Бұл ретте істен шыққан қуатты алмастыру кезiндегi барлық қосымша шығындар Сатушыға жүктеледi.
       Ескерту: 62-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 6 сәуірдегі N 113   бұйрығымен .

     63. Сауда-саттықта жасасылған мәміле бойынша сатушылар мен сатып алушыларда берілген өтінімдердің шарттарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес құқықтар мен міндеттемелер туындайды.
      Ескерту: 63-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 6 сәуірдегі N 113   бұйрығымен .

     64. Ұлттық электр торабы бойынша орталықтандырылған сауда-саттықта сатып алынған электр энергиясын бергені үшін көрсетілген қызметке ақы төлеу табиғи монополияны реттеу жөніндегі мемлекеттік орган бекіткен тариф бойынша іске асырылады.

     65. Спот сауда-саттығында жасалған мәміленің орындалуы, сатып алынған (сатылған) электр энергиясын көлемін жүйелік оператор күндік кестеге енгізгеннен кейін жүзеге асырылады.

     66. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша ортамерзiмдiк (апта, ай) және ұзақмерзiмдiк (тоқсан, жыл) кезеңдерге жасалған мәмiлелердi орындау сатып алу-сату шарты сауда-саттыққа қатысушылардың жасасқан шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту: 66-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 6 сәуірдегі N 113   бұйрығымен .

     67. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық рыногының операторы орталықтандырылған сауда-саттық қатысушыларының жасасқан мәмілелерін электр энергиясын жеке жеткізу/тұтыну бөлігінде орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікте болмайды.

  7. Бөлім. Мәмілелерді кепілдендірудің 
орталықтандырылған жүйесі және олар бойынша
өзара есеп айырысуды жүзеге асыру

     68. Орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылардың міндеттемелерін қаржылық реттеуді ұйымдастыру үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық рыногының операторы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ол арқылы сауда-саттықта жасалған мәмілені кепілдендіру жүйесі орталықтандырылып іске асырылатын және сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша өзара есеп айырысу жүзеге асырылатын қызмет көрсетуші банкті таңдап алады. Таңдап алу, қызмет көрсететін банкке және банк шоттарына шарттарына қойылатын өлшемдердің тәртібін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық рыногының операторы белгілейді.

     69. Спот-саудада сатып алынған электр энергиясы үшін есеп айырысулар қызмет көрсететін банктің акцептсіз тәртіппен сатып алушының шотынан олардың электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықта сатып алған электр энергиясының сомасын есептен шығару жолымен жасалады.

  8. Бөлім. Орталықтандырылған сауда-саттық жүргізуді
болдырмау немесе тоқтата тұру

     70. Орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу сауда жүйесінің жұмысына кедергі келтіретін мынадай міндеттемелер туындаған жағдайда Сауда жүйесіне жүргізуге кері әсер ететін төмендегі жағдайларда болмай қалуы немесе басталып кеткен сауда-саттықтар тоқтатыла тұруы мүмкін:
     1) серверлік жабдықтарда техникалық келеңсіздіктер немесе сауда жүйесін жұмысқа қабілетсіздікке келтірген электрондық жүйедегі бұзылулар;
     2) сауда-саттық жүйесіне шығуға мүмкіндік келтірген Интернет жүйесі немесе байланыс техникалық;
     3) сауда жүйесінің сауда залын және жабдықтарын электрмен ұзақ (2 сағаттан);
     4) орталықтандырылған сауда-саттықты жүргізу басталғанға дейін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық рыногының операторына қызмет көрсетуші банктің орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылардың банктік шоттарында қамтамасыз болуы туралы ақпарат.

     71. Орталықтандырылған сауда-саттық жүргізу мүмкін болмаған кезде рынок операторы орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушыларды арқылы жедел түрде хабарландырады.

  9. Бөлім. Дауларды шешу

     72. Орталықтандырылған сауда-саттықта жасалған мәмілелерді орындау мәселелері бойынша орталықтандырылған сауда-саттық қатысушылары арасындағы даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы белгіленген тәртіппен шешіледі.